Параллель түзулер, олардың қасиеттері мен белгілеріне есептер шығару. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспар:
Қысқа мерзімді жоспар: 7.3С бөлім Түзулердің өзара орналасуы | Мектеп: Өскемен қаласы химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Ибраева Д.Б. | |||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: | Қатысқандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Параллель түзулер, олардың қасиеттері мен белгілеріне есептер шығару | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Бекіту сабағы | |||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.3.2.7 параллель түзулердің қасиеттерін есептер шығаруда қолданады; | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | екі түзу және қиюшымен қиғандағы бұрыштарды ажырата алады(айқыш, ішкі тұстас, сәйкес бұрыштар); Сәйкес терминологияны біледі (қабырғалары мен бұрыштары, ішкі және сыртқы бұрыштары, екі түзу мен қиюшының қиылысуы, айқыш бұрыштар, ішкі тұстас және сәйкес бұрыштар) | |||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Екі түзудің қиюшымен жасайтын бұрыштарын сұрыптап, олардың параллельдік белгілері мен қасиеттерін пайдаланып есеп шығару. | |||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Параллель түзулерді салу техникасын түсінеді, сипаттайды және түсінікті бекіту үшін сұрақтар қояды. Параллель түзулер, қиюшы, сәйкес/тұстас/айқыш бұрыштар. Параллель түзулер – бір жазықтықта жататын қиылыспайтын 2 түзу. Қиюшы – параллель түзулерді қиятын түзу. Түзулер параллель екенін қалай білеміз? Қиюшы деп нені түсінесіз? Бұрыштар тең бола ма? Біз оны қалай анықтаймыз? Біз оны қалай есептейміз/өлшейміз? | |||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Құндылықтар: Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа, әсіресе топпен жұмыс істегенде қатысты, сол сияқты сыныппен талқылауға коммуникативтік дағдыларын дамытып, қатысады. Топпен жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренді. | |||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Біздің қоршаған ортада бұрыштар, түзулер, жазықтықтар мен фигуралар кездеседі. Бұл түсінікті дизайн мен технология және физика үшін қолдануға болады. | |||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | http://www.bilimland.kz/index.php/kz/ http://www.math-aids.com/Geometry/Angles/ Презентация | |||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштар Параллель түзулер, қасиеттері мен белгілері | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақта орындалатын іс-әрекеттер | Сабақ ресурстары | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ басы 2 мин 5 мин | Сабақтың мақсатын анықтау. Өткен тақырыпқа шолу жасау. Сыныптың психологиялық ахуалын көтеру Оқушылар жанындағы сыныптасының жақсы қасиеттерін айтып, бір-бірлерінің көңіл-күйлерін көтереді. Оқушыларға таратпа материалдары таратылады. Оқушылар тапсырманы толығымен орындағаннан кейін, жұмыстарын салыстырып бір-бірін өздері бағалайды. Мұғалім дұрыс жауаптарды айтап шығады. Түзулердің параллельдік белгілері мен қасиеттері. І нұсқа 1.Егер екі түзуді қиюшымен қиғанда ... тең болса,онда бұл түзулер параллель болады. ( Параллельдіктің І белгісі орындалатындай етіп, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар. ) 2.Егер қайсыбір түзу параллель екі түзудің біреуін қиса, онда ол екіншісін қиюы мүмкін бе ? 3.Параллель екі түзу мен қиюшыдан жасалған ішкі тұтас екі бұрыштың айырмасы 300 тең . Осы бұрыштар неге тең? 4.Параллель екі түзуді қиюшы мен қиғанда пайда болатын бұрыштардың біреуі 750 -қа тең. Осы бұрыштар неге тең? ІІ нұсқа 1.Егер екі түзуді қиюшымен қиғанда ... тең болса, онда бұл түзулер параллель болады. ( Параллельдіктің ІІ белгісі орындалатындай етіп, көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңдар. ) 2.Егер параллель екі түзуге үшінші түзу параллель болса, онда үш түзу өзара параллель болуы мүмкін бе ? 3.Параллель екі түзу мен қиюшыдан жасалған ішкі айқыш екі бұрыштың қосындысы 1500-қа тең. Осы бұрыштар неге тең ? 4. Параллель екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болатын бұрыштардың біреуі 650 -қа тең. Осы бұрыштар неге тең? | Таратпа материалдар | ||||||||||||||||||||||||||||
2 мин 5 мин |
| Қосымша 1 Презентация Слайд № 5 – 21 | ||||||||||||||||||||||||||||
13 мин 8 мин | Топпен жұмыс. Деңгейлік тапсырмаларды орындау. Мақсат: параллельдік белгілері мен қасиеттерін есеп шығаруда қолдана алу. Тапсырма: Қарапайым деңгейден бастап, орташа және күрделі деңгейдегі тапсырмаларды орындау. Егер оқушы өз біліміне сенімді болса, жоғары деңгейден бастауы мүмкін. Қарапайым
Белгісіз бұрыштарды анықтаңдар Орташа Белгісіз бұрыштарды анықтаңдар және жауаптарыңызды негіздеңіздер Күрделі Белгісіз бұрыштарды анықтаңыздар және жауаптарыңызды негіздеңіздер Жұптық жұмыс. Оқушылар бірінің жұмысын бірі бағалайды. №1 Екі параллель түзуді қиюшымен қиғандағы ішкі тұстас бұрыштардың айырмасы 300. Осы бұрыштарды табыңдар. №2 Екі параллель түзуді қиюшымен қиғандағы айқыш бұрыштардың қосындысы 1500. Осы бұрыштарды табыңдар. №3 Екі параллель түзуді қиюшымен қиғандағы айқыш бұрыштардың қосындысы 2100. Осы бұрыштарды табыңдар. №4 Егер қиюшы мен параллель екі түзу арасындағы бұрыштардың бірі екіншісінен 700 артық болса, онда барлық бұрыштарды табыңдар. №5 Қиюшы мен параллель екі түзу арасындағы бұрыштардың бірі 300. Өзге 7 бұрыштың бірі 700 болуы мүмкін бе? №6 Екі параллель түзуді қиюшымен қиғандағы сәйкес бұрыштардың қосындысы 2000. Осы бұрыштарды табыңдар. | Қосымша 2 Презентация | ||||||||||||||||||||||||||||
7 мин | Жеке жұмыс
| Таратпа материал | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ соңы 3 мин | Оқушылар сабақты қаншалықты меңгергенің келесі кейіпкерлер көмегімен көрсетеді. Өз ойларымен бөліседі. | |||||||||||||||||||||||||||||
Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу | Қалыптастырушы бағалау, тест тапсырмалары.Өзін өзі бағалау. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттерімен белсендііс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлу қажет? |
Қарапайым
Белгісіз бұрыштарды анықтаңдар
Орташа
Белгісіз бұрыштарды анықтаңдар және жауаптарыңызды негіздеңіздер
Күрделі
Белгісіз бұрыштарды анықтаңдар және жауаптарыңызды негіздеңіздер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?