Түзулердің параллельдігі, олардың белгілері және қасиеттері. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


7.3С Түзулердің өзара орналасуы

Мектеп: Өскемен қаласы химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бектембаева А.С.

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Түзулердің параллельдігі, олардың белгілері және қасиеттері.

Сабақтың түрі

Білімді бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.2.3

екі түзуді қиюшымен қиғанда пайда болған бұрыштарды танып білу;

7.3.2.4

түзулердің параллельдік белгілерін дәлелдеу;

7.3.2.7

параллель түзулердің қасиеттерін есептер шығаруда қолдану;

 Сабақ мақсаттары

-екі түзу және қиюшымен қиғандағы бұрыштарды ажырата алады(айқыш, ішкі тұстас, сәйкес бұрыштар);

-түзулердің параллельдік белгілерін біледі және оны есептер шығаруда қолдана алады;

-түзулердің параллельдік белгілері негізінде параллель түзулердің қасиеттерін дәлелдейді.

 Бағалау критерийлері

Екі түзудің қиюшымен жасайтын бұрыштарын сұрыптап, түзулердің параллельдік белгілерін есептер шығарғанда қолдана білу.

Сабаққа қатысты терминдерді 3 тілде меңгеру.

Параллель түзулердің қасиеттерін дәлелдей алу.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Қазақ

Орыс

Ағылшын

Параллель түзулер

Параллельные прямые

Parallel Lines

Қиюшы

Секущая

Transversal

Сүйір бұрыш

Острый угол

Acute Angle

Тік бұрыш

Прямой угол

Right Angle

Доғал бұрыш

Тупой угол

Obtuse Angle

Жазыңқы бұрыш

Развернутый угол

Straight Angle

Толық бұрыш

Полный угол

Complete Angle

Вертикаль бұрыш

Вертикальные углы

vertical angles

Vertically opposite

Параллель түзулерді салу техникасын түсінеді, сипаттайды және бекіту үшін сұрақтар қояды.Параллель түзулер, қиюшы, сәйкес/тұстас/айқыш бұрыштар.

Бірдей қашықтықта орналысқан, параллель.

Параллель түзулер – бір жазықтықта жататын қиылыспайтын 2 түзу.

Қиюшы – параллель түзулерді қиятын түзу.

Түзулер параллель екенін қалай білеміз?

Қиюшы деп нені түсінесіз?

Сыбайлас бұрыштар

Смежные углы

Supplementary Angles

Сәйкес бұрыштар

Соответсвенные углы

Corresponding Angles

Ішкі айқыш бұрыштар

Внутренние накрест лежащие углы

Alternate Interior Angles

Сыртқы айқыш бұрыштар

Внешние накрест лежащие углы 

Alternate Exterior Angles

Ішкі тұстас бұрыштар

Внутренние односторенние углы

Consecutive Interior Angles

Сыртқы тұстас бұрыштар

Внешние односторенние углы

Consecutive Exterior Angles

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқу, өз бетімен ақпаратты табу, жағдайды талдау, жаңа жағдайларға икемделу, мәселелерді қою және шешім қабылдау, жұпта, топта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу;

 Пәнаралық байланыстар

Біздің қоршаған ортада бұрыштар, түзулер, жазықтықтар мен фигуралар кездеседі. Бұл түсінікті дизайн мен технология, құрылыста және физикада қолдануға болады.

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдану дағдылары

Бастапқы білім

Түзулердің параллельдік белгілері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Ресурстар

Сабақ басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі: (Амандасу, сыныпты түгендеу, сынып оқушыларының сабаққа дайындығын тексеру, үй тапсырмасын өзара тексеру арқылы бағалау, сабақ тақырыбын және мақсатын айқындау)

5 минут

7 минут

5 минут

10 минут

10 минут

«Тізбек» ойыны. Термин сөздерді үш тілде айту.

Мақсаты: Сабаққа қатысты терминдерді 3 тілде жетік меңгеруге ықпал ету, ағылшын тіліндегі тапсырмалардың шартын өз бетімен аударып,түсіне алуға үйрету.

Оқушы: Бір оқушы кез-келген оқушыға бір терминді айтады, ол оқушы ол терминді 2 тілге аударып, келесі оқушыдан басқа терминді сұрайды, т.с.с жалғасады.

Мұғалім: Терминдердің дұрыс айтылуын қадағалайды.

Топтық жұмыс.

Оқушыларды топқа бөліп, түзулердің параллельдік белгілеріне кері теореманы тұжырымдап, дәлелдеуді ұсыну. Ол үшін әр топқа кесте беріледі. (Қосымша 1). Әр топ параллельдік белгілерінің біреуінен параллель түзулердің қасиеттерін тұжырымдайды, дәлелдейді. Дәлелдеу кезінде оқулыққа сүйенуге болады. Әр топ теореманың дәлелдемесін бір-біріне түсіндіріп, параллель түзулердің қасиеттерін тұжырымдайды.

Қажеттілік туындаса мұғалім көмек көрсетеді

Мақсаты: Оқушыларды топта жұмыс істей білуге үйрету, өзара көмек көрсету, бірін-бірі оқытуға үйрету. Тура теореманы пайдаланып,кері теореманы дәлелдеу дағдысын қалыптастыру

True/False.

Дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз (суретке қараңыз): 

а және b түзулері параллель, егер ...  

а) 1=3 (-); 

б) 5+8=180(-): 

в) 2=6 (+); 

г) 8+3=180(-) ;

д) 5=3 (+); 

е) 7=6 (-); 

ж) 1+7=180(+) ;

з) 1+4=180(-).

Оқушылар: тұжырымдардың ақиқат, не жалғандығын анықтайды. Дұрыс жауаптар кілтін пайдаланып, өзін-өзі бағалайды. Жіберілген қателіктеріне анализ жасайды.

Мақсаты:Түзулердің параллельдік белгілерін қолдана алуға, екі түзуді қиюшымен қиғандағы бұрыштарды ажырата білуге үйрету.

Топтық жұмыс. Dinky King – The Next Generation of Platform Game!

Оқушылар: алған білімдерін қолдана отырып, топта есеп шығарады.

Мұғалім: Тапсырманы дұрыс орындауын қадағалайды, қажет болса демеуші сұрақтар арқылы көмек көрсетеді.

Мақсаты: Параллель түзулерді қиюшымен қиғанда пайда болатын бұрыштардың қасиетін қолдана алуы. Оқушыларды ойын арқылы қызығушылығын арттыра отырып, алған білімін қолдана алуға үйрету.

Өздік жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар. Дайын сызбалар арқылы есептер шығару.

Мақсаты: Түзулердің параллельдік белгілерін қолданып есептер шығару. Есептер жеңілден бастап күрделене береді. Оқушылар деңгейіне қарай есептер шығарады.

Оқушылар: Түзулердің параллельдік белгілерін қолданып, түзулердің параллельдігін дайын сызбаларды қолданып, дәлелдейді. Дәптерге орындайды.

Мұғалім: Тапсырманы түсінулерін қадағалау. Қажет жағдайда көмек көрсету, дұрыс шешімге жетелейтін сұрақтар қою. Жазу үлгісін сақтауларын қадағалау.

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

https://1.cdn.edl.io/ZZ2nXIbnlzE42Lx9HMjxvDrbkNQEfuGQzzPHw2Am49JvpLb1.pdf

Қосымша4

Э.Н. Балаян

Геометрия на готовых чертежах

Сабақ соңы

3 минут

Үй тапсырмасы:№149, 181

Рефлексия.

Кері байланыс.

Бағалау парақшасы

Геометрия. Шыныбеков Ә.Н. 7 - сынып

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу. Тапсырмалар жеңілден басталып күрделеніп отырады.

Топтық жұмыстарда, үй тапсырмасын тексеру - өзара бағалау,

Өздік жұмыс, true-false – мұғалімнің бағалауы;

«Тізбек» ойыны – өзін-өзі бағалау

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттерімен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған
  • Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді
  • Сабақта саралау дұрыс жүргізілді
  • Сабақтың уақыттық кезеңдерінде ауытқулар болды
  • Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Dinky King ойынын топтық түрде ұйымдастыру оқушыларға ерекше қызығушылық туғызды

2:True/False тапсырмасын орындау кезінде сыни тұрғыдан ойлап, білімін жүйелеуге көмектесті.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: тайм менеджментке көңіл бөлу

2: саралап оқыту

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу