Мәтін есептерді шығару. Алгебра, 7 сынып, қосымша материал.
| |||
Турист өзен ағысымен 90 км-ді қайықпен жүзді де, қалған 10 км-ді жаяу жүріп өтті. Оның жаяу жүріп өткен уақыты қайықпен жүзуге кеткен уақытынан 4 сағ-қа кем еді. Егер турист қайықпен жүзіп өткен уақытындай жаяу жүрсе, ал жаяу жүріп өткен уақытындай қайықпен жүзсе, онда олардың жүрген жолдары біріне-бірі тең болар еді. Турист қанша уақыт жаяу және қанша уақыт қайықпен жүзіп өтті? | Реактивті самолет 0,5 сағатта винтті самолеттің 1 сағатта жүрген жолынан артық жүрген. Егер реактивті самолеттің жылдамдығы винтті самолеттің жылдамдығынан 3 есе артық болса, әрқайсысының жылдамдығын табыңдар. | Жедел пойыз семафор алдында 16 минут тоқтатылған. Кестеден шығып қалмау үшін, ол келесі аралықты жоспарланғаннан 10 км/сағ артық жылдамдықпен жүрген. Пойыздың кесте бойынша жылдамдығын табыңдар. |
|
| |||
Үш кран бассейнді 4,5 сағатта толтырады. Егер бірінші кран 7 сағат, ал екінші және үшінші кран 2 сағат ашық тұрғанда бассейн толса, бассейнді толтыру үшін бірінші кранға қанша уақыт керек? | Жұмысты Асан 9 күнде, ал Досан 12 күнде бітіреді. Бұл жұмысты олар бірлесіп 3 күн жұмыс істеген соң Асан кетіп қалды. Қалған жұмысты Досан неше күнде бітіреді? | Бір жұмысшы өзінің нормасын 6 сағатта, екіншісі 5 сағатта, үшіншісі 4 сағатта орындайды.Олар белгілі бір уақыт бірге істеп 750 деталь дайындады. Әрқайсысы қанша деталь әзірледі? | |
Пәтерде ендері бірдей екі бөлме жасау жобалануда. Бірінші бөлменің ұзындығы енінен 1,5 есе артық, екінші бөлмені ұзындығы 7,2м. Егер пәтердің ауданы 56,7м2 болса, онда бөлмелердің енін табыңдар. | Тіктөртбұрыштың ені ұзындығынан 3 см кем. Егер тіктөртбұрыштың ауданы 130 см2 болса, онда оның ені қандай? | Екі тік төртбұрыш берілген. Бірінші тік төртбұрыштың ені 7см, ал екінші тік төртбұрыштың ені 13см. Екеуінің аудандарының қосындысы 146см. Бірінші тік төртбұрыштың ені 3 есе арттырылды, ал екінші тік өртбұрыштың ені 5см қысқартылды. Сонда екі тік төртбұрыштың аудандарының қосындысы алғашқыдан 44см артық болды. Тік төртбұрыштардың әрқайсысының ұзындығын табыңдар. | Берілген суретке сәйкес теңдеу құрып, оны шешіңіз:
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?