Қысқаша көбейту формулаларын көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеуде қолдану. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Бөлім 7.3 В:

Қысқаша көбейту формулалары

Мектеп: Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты – жөні : Балыкова Б. Ж.

Сынып : 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Қысқаша көбейту формулаларын көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеуде қолдану

Сабақтың түрі:

Білімдерін бекіту және біліктері мен дағдыларын қалыптастыру сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Оқушылар:

7.2.1.14

алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктеу;

Сабақтың мақсаттары

  • Қысқаша көбейту формулаларын білу
  • қысқаша көбейту формулаларын көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеуде қолдану.
  • Көпмүшені көбейткіштерге жіктей алу

Бағалау критерийлері

Оқушылар :

Қысқаша көбейту формулаларын біледі

Көпмүшені көбейткіштерге жіктей алады

Қысқаша көбейту формулаларын көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеуде қолданады.

 Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- қысқаша көбейту формулары;

- екі өрнектің квадраттарының айырмасы;

- екі өрнектің қосындысының квадраты;

- екі өрнектің айырмасының квадраты;

- екі еселенген көбейтінді;

- үш еселенген көбейтінді;

- екі өрнектің қосындысының кубы;

- екі өрнектің айырмасының кубы;

- екі өрнектің кубтарының қосындысы;

- екі өрнектің кубтарының айырмасы;

-көбейткіштерге жіктеу;

- ортақ көбейткіш;

- ең үлкен ортақ көбейткіш;

- топтау тәсілі;

- толық квадрат;

-толымсыз квадрат.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- екі өрнектің квадраттарының айырмасы .... тең;

- екі өрнектің қосындысының (айырмасының) квадраты .... тең;

- екі өрнектің қосындысының (айырмасының) кубы ... тең;

- екі өрнектің кубтарының қосындысы ( айырмасы) ...... ;

- ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару үшін...;

- коэфициенттердің ең үлкен ортақ бөлгіші;

- берілген өрнекті .... түрінде жазуға болады;

- көпмүшені көбейткіштерге жіктеу үшін ... ;

- егер ... болса , онда көпмүшелердің көбейтіндісі нөлге тең;

- көпмүшенің ... бар мүшелерін(өрнекті) бірге топтаймыз;

- берілген көпмүшені көбейтінді түріне келтіру үшін ... қолданамыз;

- берілген өрнектен қосындының (айырманың) квадратын бөліп алу үшін...;

 Құндылықтарды

  дарыту

Құрмет құндылығын бір-бірін тындау, түсіну, ой бөлісу арқылы; ынтымақтастық құндылығын жұппен жұмыс, топтық жұмыс арқылы; ал еңбек және шығармашылық құндылығын өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асады

Пәнаралық байланыстар

Геометрия (видео: Тордың көлемі)

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны ақпаратты ұсыну және оқушы жауабын тексеру құралы ретінде қолдану

Бастапқы білім

Бірмүшелер мен көпмүшелерге амалдар қолдануды біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ 1

Сабақтың басы

3 мин

Braingym

7мин

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Психологиялық ахуал туғызу.

- welcome students, creating a positive climate

Өрнектердің қосындысы әрбір бағанда, әрбір жолда, әрбір диагональда үшбұрышта жазылған «магиялық» өрнекке тең болғандай бос орындарды толтырыңыз.

Жауаптар

Қосымша 1

Презентация

Слайд 1

Сабақтың тақырыбына шығу, мақсатты анықтау

3 мин

Тақырыпты меңгерудегі \мотивациялау

2 мин

Видеоны тамашалау.

Сұрақтарға жауап беру:

  • Осы видео не туралы?
  • Қандай тәсілмен қысқарту жасалды?
  • Осыны біздің тақырыппен қалай байланыстыруға болады?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Қысқаша көбейту формулаларын көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеуге қолдану».

http://bilimland.kz/kk/#lesson=11178

Слайд 2

Слайд 3

Білімдерді жаңғырту

8 мин

Көбейткіштерге жіктеңдер:

Бағалау критерийлері:

Ұқсас қосылғыштарды дұрыс тапты

Ортақ көбейткішті жақша сыртына дұрыс шығарды

Жауаптар:

Осы кезеңнің рефлексиясы:

Не шықты?

Не шықпады?

Жұмыс барысында нені ескермедік?

Неге?

Осы нәтижені қалай жақсартуға болады?

Түзету (қажеттілік болса).

Слайд 4

Слайд 5

Топтық

жұмыс

15 мин

Топтарға (3 топ) біріктіру ҚКФ бойынша

«Карусель» стратегиясы:оқушылар тапсырманы карточкалар арқылы орындайды, келесі сағат тілінің бағыты бойынша алмасады, барлық үш топ барлық карточкаларды шығарып біткен соң, слайдпен жауаптарды тексереді.

Карточка 1

Жақша сыртына ортақ көбейткішті шығарыңыз:

Карточка 2

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеңіз:

Карточка 3

Көпмүше түрінде жазыңыз:

Бағалау критерийлері:

  • Ұқсас қосылғыштарды дұрыс анықталды
  • Ортақ көбейткішті жақша сыртына дұрыс шығарды
  • Ортақ биномды жақша сыртына дұрыс шығарды
  • ҚКФ арқылы көпмүшеге түрлендіре алады.

Жауаптар:

Карточка 1

Карточка 2

Карточка 3

Дифференциация (уақытынан бұрын аяқтаған оқушыларға арналған ):

  • Теңдеуді шешіңіз:
  • Өрнекті қысқартыңыз
  • Амалды Орындаңыз:
  • Рационалді тәсілмен есептеңіз:

Жауаптар:

  • -1,6
  • 899,96

Қосымша 3

Слайд 6

Қосымша 4

Рефлексия

2мин

  • What new concepts did you learn in this lesson?
  • What concepts are still confusing, or difficult, for you?
  • What is a concept you feel better about after this lesson?

Слайд 7

Үй жұмысы

1 мин

Дифференциациялық үй жұмысы.

Міндетті үй жұмысы:

Көбейткіштерге жіктеңіз:

()

()

()

()

Қосымша тапсырма:

3) Рационалді тәсілмен есептеңдер:29,8∙30,2-15,2∙14,8 (675)

4) Көбейткіштерге жіктеңдер: 25

Таратпа материал

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұппен жұмыста қабілеті жоғары оқушы жұбына көмектеседі (Жұппен жұмыс орындаудың алдында қабілеттерін ескере отырып өзім жұпқа бөлемін).

Құрастырылған критерийлер бойынша бірін бірі, өздерін бағалайды. Сонымен қатар, бағалау критерийлері арқылы бағаланады.

Сабақ барысында жағымды психологиялық ахуал туғызу үшін тренинг өткізіледі.

Тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу