Қысқаша көбейту формулалары. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3В Қысқаша көбейту формулалары | Мектеп: Химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||||
Күні: 5.03.2019 ж | Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш. | ||||||||||||||||||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | Қысқаша көбейту формулалары | ||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.1.2.14 тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану; 7.1.2.15 қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау. | ||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: -қысқаша көбейту формулаларын біледі; -тиімді тәсілмен есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолданады; -қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындайды. | ||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: -қысқаша көбейту формулаларын біледі; -тиімді тәсілмен есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдана алады; - қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындай алады. | ||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - қысқаша көбейту формулаларын ауызша тұжырымдай біледі; - ауызша тұжырымдалған қысқаша көбейту формулаларын жаза біледі; Бөлім бойынша лексика және терминология - қысқаша көбейту формулары; - екі өрнектің квадраттарының айырмасы; - екі өрнектің қосындысының квадраты; - екі өрнектің айырмасының квадраты; - екі еселенген көбейтінді; - үш еселенген көбейтінді; - екі өрнектің қосындысының кубы; - екі өрнектің айырмасының кубы; - екі өрнектің кубтарының қосындысы; - екі өрнектің кубтарының айырмасы; Пәндік мақсат - екі өрнектің квадраттарының айырмасы .... тең; - екі өрнектің қосындысының (айырмасының) квадраты .... тең; - екі өрнектің қосындысының (айырмасының) кубы ... тең; - екі өрнектің кубтарының қосындысы ( айырмасы) ...... ; - ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару үшін...; - коэфициенттердің ең үлкен ортақ бөлгіші; - берілген өрнекті .... түрінде жазуға болады; | ||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту, бір – бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау | ||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Геометрия | ||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Қысқаша көбейту формулалары | ||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқушылар түрлі түсті қағазға жазылған әріптерден бүгінгі сабақтың тақырыбын шығарады және сынып 4 түспен 4 топқа топқа бөлінеді. Жасырын сөз: «Қысқаша көбейту формулалары» Мұғалім: Олай болса, біз қысқаша көбейту формуласын қолдануға есептер шығарамыз. Мұғалім: Алдымен бүгінгі сабақтың мақсатын мынадай тапсырмалар арқылы шығарайық. Тапсырма: Есепте: №1. ; №2. Оқушыларға осындай тапсырмалар бере отырып бүгінгі сабақтың мақсатын ашу. | ||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин | «Ой қозғау» Ауызша тапсырмалар №1. Тұжырымды жалғастыр. Екі өрнектің квадраттарының айырымы ... . Екі өрнектің қосындысының квадраты ... . Екі өрнектің айырымының квадраты ... . Екі өрнектің қосындысының кубы ... . Екі өрнектің айырымының кубы ... . №2. Қысқаша көбейту формуласын пайдалана отырып, көбейткіштерге жікте:
№3. «Қатесін түзе!» Бағалау: Жауап берген оқушыларды әр түрлі смайликтер мен фишкамен мадақтау. Кейбіреулерін ауызша мадақтау Өте жақсы! Жарайсыңдар! Керемет! | Алгебра – 7 Ә.Н.Шыныбеков Алгбра Геометрия Самостоятельные и контрольные работы Ершова – 7 кл | |||||||||||||||||
7 мин | Топтық жұмыс «Эстафета» Оқушылар тақтада дескриптор бойынша орындайды. Сонда оқушылардың барлығы жұмыс жасайды. 1 топ – 3 топ Тапсырма: Өрнек түрінде жаз және мәнін есепте. а мен 2 сандарының қосындысының квадратын жаз. a = 2 болғандағы өрнектің мәнін табыңдар. Дескриптор:
2 топ - 4 топ Тапсырма: Өрнек түрінде жаз және мәнін есепте. b мен 3 сандарының айырмасының квадратын жаз. b = 2 болғандағы өрнектің мәнін табыңдар. Дескриптор:
Бағалау: Тапсырмалары бірдей топтар бір-бірін тексереді және «бас бармақ» әдісі бойынша бағалайды. | Қосымша 1 | |||||||||||||||||
10 мин | Жұптық жұмыс Жұпқа бірігу. Сыныпта оқушылардың қағазда жазулы тұрған аттарын суыру арқылы жұпқа бөліну. А деңгейі: Тиімді тәсілмен есепте: а) 692; б) . В деңгейі: Өрнекті ықшамда: С деңгейі: Натурал n – нің кез келген мәнінде өрнегінің мәні 8 – ге бөлінетінін дәлелдеңдер. Бағалау: «Карусель» әдісі арқылы қатар отырған жұптар бір-бірінің дәптерлерін алып тексереді. | Қосымша 2 Алгебра 7 сынып И.М.Ким. | |||||||||||||||||
2 мин | Сергіту сәті Ойлаған санды табу. 10 –ға дейін бір санды ойлаңыздар. Сол санды квадраттап осы санға екі еселеп ойлаған санды және бірді қосыңыздар. Шыққан санды айтыңыздар. Мысалы, 8 ойлаған сан болсын. 64+16+1=81 √81=9-1=8. | ||||||||||||||||||
8 мин | Жеке жұмыс Тапсырма: Берілген бірмүшелерден формула бойынша өрнек құрастырыңыз. 3х; 5у; 3х; 5у; 9х2; 25у2; 30ху; 27х3; 125х2; 15ху; 25у2; 125у3. Жауабы:
Бағалау: Дайын жауап бойынша өзін-өзі бағалайды. | Қосымша 3 | |||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Үйге тапсырма: Қысқаша көбейту формулалары. Сабақты қорытындылау. Рефлексия «МЕН ҮШІН БҮГІН САБАҚТА» Оқушыларға жеке парақша беріледі, олар үш бағыт бойынша өз жұмысы бойынша қажет сөздің астын сызу керек.
| ||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||
Жұптық жұмыс арқылы оқушылардың бір –біріне түсіндіруі, топтық жұмыс арқылы оқушылардың қабілеттерін анықтау | Шапалақтау, басбармақ, сабақ барысында қолдау,мадақтау | Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 мин асырмау; | |||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?