Бірнеше өрнектердің қосындысының квадраты. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар: 7.3В Қысқаша көбейту формулалары | Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ | |||||
Күні: 18.02.2020 ж. | Мұғалімнің аты-жөні: Гульманов Нуртай Кудайбергенович | |||||
Мұғалімнің кәсіби даму мақсаты | Проблемалық және қолданбалы есептерді шешу арқылы 7С(1) сынып оқушыларының зерттеу дағдыларын (проблемалық сұрақтарды тұжырымдай алу, өз қызметтерін жоспарлай алу, зерттеуге қатысты нақты материалды жинау, алынған материалды жүйелеу және талдау, гипотезаларды ұсыну және тексеру, гипотезаның ақиқаттығын дәлелдеу) дамыту | |||||
Сабақтың зерттеу мақсаты | Проблемалық есептерді шешу арқылы оқушылардың талдау дағдыларын қалыптастыру | |||||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: 12 | Қатысқпағандар саны: 0 | ||||
Сабақ тақырыбы | Бірнеше өрнектердің қосындысының квадраты | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.2.1.16 қысқаша көбейту формулалары көмегімен көпмүшелерді көбейткіштерге жіктей алады | |||||
Сабақтың мақсаты | Бірнеше өрнектердің қосындысының формуласын қорытып шығару және формуланы алгебралық түрлендірулер кезінде қолдануды үйрену | |||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| |||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік мақсат Оқушылар: - бірнеше өрнектердің қосындысының квадраты қалай табылатынын тұжырымдай алады; - бірнеше өрнектердің қосындысының квадратын табудағы заңдылықты түсіндіре алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология бірмүше, көпмүше, алгебралық өрнек, көпмүшеге түрлендіру, өрнектердің қосындысының квадраты, екі еселенген көбейтінділер. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - екі өрнектің қосындысының квадраты ... тең; - бірнеше өрнектердің қосындысының квадратын табу үшін ... . | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқу, өз бетімен ақпаратты табу, жағдайды талдау, жаңа жағдайларға икемделу, мәселелерді қою және шешім қабылдау, жұпта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу; топта жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдау, пікір алмасу және патриоттық сезімдерін дамыту. | |||||
Пәнаралық байланыстар | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаны қолдану. | |||||
Бастапқы білім |
| |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың басы 2 мин | 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақта жоқ оқушыларды, кабинетті, оқушылардың сыртқы келбетін және жұмыс орындарын тексеру. | |||||
Сабақ ортасы 5 мин 3 мин 5 мин 10 мин 5 мин 4 мин | 2. Оқушылар білімдерін жандандыру. а) Өткен тақырыптарға шолу. Мұғалім өткен сабақтарда қарастырылған материалды қайталау керектігіне оқушылар назарын аудартады. Оқушылардың кейбірінен екі өрнектің қосындысының квадраты формуласын, формуланың қалай тұжырымдалатынын сұрайды және 1-қосымшаға сәйкес мысалдарды орындап шығуды ұсынады. 3. Сабақ тақырыбын анықтау. Оқушыларды зерттеуге мотивациялау. 1-қосымшадағы 5-мысалдағы өрнекті ықшамдамай, тек қалай ықшамдауға болатыны туралы оқушылардың ойларын сұрау. Мүмкін жауаптар (жақша ішіндегі екі қосылғышты топтап формуланы қолдану, көпмүшені көпмүшеге көбейту амалын орындау және т.б.) анықталған соң, қосылғыштардың саны екіден артық болғанда қосындыны квадрат дәрежеге шығарудың қысқаша көбейту формуласының бар екендігі хабарланады. Сабақ тақырыбы тұжырымдалады, оқушылармен бірлесіп сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары, оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлері айқындалады. 4. Оқушыларды топтарға бөлу. Зерттеу жоспарын құру. Оқушыларға мұғалім үстеліндегі таратпа қағаздардың бірін алу ұсынылады. Таратпа қағаздардағы ақпаратқа байланысты оқушылар үш оқушыдан құралатын 4 топқа бөлінеді: an, bk, cm, dx. Оқушылар топтарға біріккен соң, оларға қосылғыштардың саны екіден артық болғанда формуланы қорытып шығарудың жоспарын құру ұсынылады. Зерттеу жоспарының мүмкін варианты.
5. Зерттеу. Оқушылардың әрбір тобына 3-қосымшаға сәйкес зерттеу картасы таратылады. Оқушылар топ ішінде зерттеу жоспарына сәйкес зерттеу картасында көрсетілген тапсырмаларды орындайды. 6. Ақапартпен алмасу. Топтағы жұмысты орындап болған соң оқушылар өз зерттеу карталарын тақтаға іледі. Мұғалім жұмыс нәтижесін талқылауды ұйымдастырады. Зерттеу карталары және тапсырмалар барлық топтарға ортақ болғандықтан талқылауды келесідей ұйыдастыруға болады: бір топ өз нәтижелерін айтады басқа топтар өз нәтижелерімен толықтырады, керек жағдайда түзетулер енгізіп отырады. 7. Қорытындылау. Формуланы қолдану мысалдарын қарастыру. Оқушыларға формуланы қолдану мысалдарын қарастыру ұсынылады.. | Қосымша 1 1-3 слайдтар 4-6 слайдтар 2 және 2.1 қосымшалар 7-слайд 3-қосымша постерлер постерлер 8-13 слайдтар | ||||
Сабақ соңы 1 минут | 8. Рефлексия. Сабақтың соңында оқушыларға сабақты қорытындылауды сұраңыз. Ол үшін келесі оқушылар келесі сұрақтарға жауап беру керек: - нені білдім және не үйрендім? - нені түсінбей қалдым? - мақсатқа жету үшін не істеу қажет? | 14-слайд | ||||
Саралау. Оқушыларды топтарға біріктіру барысында олардың қабілеттерін ескеріледі. Бір топта уәждері төмен оқушылардың жинақталуын болдырмауын қадағалау. | Бағалау. Мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы – мұғалім сабақ бойы оқушылардың тапсырмаларды орындауын қадағалайды (4-қосымша). | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттерімен белсендііс-әрекет түрлері. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия |
| |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:2: Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?