Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.2А: Функция. Функцияның графигі.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Топоркова Л.Н., Аяшева Г.О.

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу

Сабақ түрі

Өтілген материалды бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

(оқу бағдарламасына сілтеме)

7.5.2.4 сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар ұсынылған сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шеше алатын болады.

 Бағалау критерийлері

Дағдылар

Бағалау критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетті деп есептеледі, егер

Білу мен түсіну

Теңдеулер жүйесінің шешімдер саны неге тәуелді екендігін білсе.

Сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу алгоритмін білсе.

Білімді қолдану

Сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімдер санын анықтаса. Сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешсе.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • Математикалық терминология мен символиканы бөлімнің тапсырмаларын орындаған кезде қолданатын болады.

Бөлім бойынша лексика мен терминология:

  • сызықтық функция;
  • сызықтық функцияның бұрыштық коэффициенті;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • график бойынша аргументтің (функцияның) сәйкес мәнінде функцияның (аргументтің) мәнін табу;
  • аргументтің (функцияның) сәйкес мәнінде функцияның (аргументтің) мәнін табу
  • график абсциссалар осін ... нүктесінде қияды;

– график ординаталар осін... нүктесінде қияды;

  • егер сызықтық функциялардың бұрыштық коэффициенттері тең болса, онда олардың графиктері ... .

Құндылықтарды дарыту

  • өзін-өзі және басқаларды құрметтеу, әр түрлі көзқарастардың болатындығын мойындау;
  • оқу қабілеті, ақпаратты өздігінен табу, ситуацияға анализ жасау, топта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру;
  • айналадағы адамдардың қиындықтарын көру және түсіну; айтылған сынды қабылдай білу;

Пәнаралық байланыстар

Аталмыш тақырып физика курсындағы шамалардың арасындағы шынайы тәуелділіктерді модельдеуде, сонымен қатар түрлі теңдеулерді графиктік тәсілмен шешуде қажет.

АКТ қолдану дағдылары

«GeoGebra» бағдарламасында функция графиктерін салу.

Бастапқы білім

Сызықтық функцияның графигін салу білігі. Теңдеулерді шешу және айнымалының белгілі мәнінде өрнектің мәнін есептеу дағдысы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Сабақтың басында мұғалім мен оқушылар бір-бірімен сәлемдеседі.

Мұғалім оқушылардың назарын шоғырландыру үшін жаттығу орындатады..

Содан кейін мұғалім оқушылармен бірге сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерді анықтайды.

Осылайша оқушылардың арақатынасындағы ашықтық дамиды.

http://expertmemory.ru

Сабақтың ортасы

6 минут

10 минут

2 минут

20 минут

  • Үй тапсырмасын тексеру. Презентациядағы жауаптармен өзін-өзі тексеруді жүргізу.

Үй тапсырмасын орындаған кезде қиындық туғызған тапсырмаларды талдау.

Білімді жаңғырту. Жұптық жұмыс.

Тапсырманың мақсаты: Өткен сабақтардың материалдарын қайталау. Оқушыларға жүйелердің дайын графиктік шешімдері берілген карточкалар таратылады. Осыған қоса жүйелер дазылған бөлек карточкалар таратылады. Әрбір жұптың мақсаты: жүйе жазылған карточканы оның графиктік шешімі келтірілген карточкамен сәйкестендіру.

Қосымша 1, 2.

Аталмыш жұмыс түрі құрмет көрсету, әр түрлі көзқарастардың болатындығын мойындау, топта жұмыс істеу, академиялық адалдық сияқты құндылықтардың дамуына ықпал етеді.

Бағалауды мұғалім дайын сызбалардың көмегімен жүргізеді, оқушыларға кері байланыс береді. Баяу жұмыс істейтін оқушыларға «метатанымдық ормандар» көмегін береді.

  • Сергіту сәті.

Жазбаша жұмыс алдындағы көзге арналған жаттығу.

  • Көзді 3-5 секундқа қатты жұмып, осындай уақыт аралығында ашу. 6-8 рет қайталау жүргізу.
  • 10-12 секунд аралығында көзді тез-тез ашып-жұму. 3 рет қайталау жүргізу.
  • Өзіндік жұмыс.

Қалыптастырушы бағалауды ұсынылған дескрипторлардың көмегімен мұғалім жүргізеді.

Тапсырманың мақсаты: оқушылардың сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу білігін тексеру.

Аталмыш жұмыс түрі өмір бойы білім алу, ақпаратты өздігінен табу, ситуацияға анализ жасау, өз жұмысының сапасына жауап беру сияқты құндылықтардың дамуына ықпал етеді.

Қосымша 3.

3 минут

  • Үй жұмысы.

1. Теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешіңіз:

а) б) в)

2. теңдеуіне екінші теңдеуді табыңыз:

а) жүйенің жалғыз шешімі болады;

б) жүйенің шешімі жоқ;

в) жүйенің шексіз көп шешімі болады.

Өз жұмыстарыңызды алынған жүйені графиктік тәсілмен шешу арқылы тексеріңіз.

Егоркина Н.В. сборник упражнений по математике для 7 класса, обучающихся по ИОП.

Сабақтың соңы

2 минут

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • Мен бүгін… білдім.
  • Мен …… есте сақтадым
  • Мен…… өзім орындадым.
  • Менің …. ынтам пайда болды.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация жұптық жұмыста «метатанымдық ормандар» әдісін қолдану арқылы білінеді

Сабақта мұғалім оқушыларды бақылау, кері байланыс беру және өзіндік жұмысты дескрипторлардың көмегімен бағалау арқылы жүргізіледі деп ескерілген.

Назарды шоғырландыру жаттығуы.

Сергіту сәті.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу