Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.
Келісілді
«Математика» ӘБ жетекшісі
К.С.Даулетов ____________
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3А Үшбұрыштар | Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу | ||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.2.2.7 теңдеулер жүйелерін графиктік әдіспен шешеді; | ||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Теңдеулер жүйелерін графиктік әдіспен шешеді | ||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: – өтілген функциялардың графиктерін салады; – графиктердің қиылысу нүктелерін табады (аналитикалық және графикалық). Пәнге тән лексика мен терминология: – тәуелділік; – функция, тәуелді айнымалы; – аргумент, тәуелсіз айнымалы; – функцияның мәні; – функцияның анықталу облысы; – функцияның мәндер жиыны; – функцияның берілу тәсілдері, – функция графигі; Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: – берілген функция (формуламен, кестемен, графикпен, сипаттаумен)... берілген; – функцияның графигі... (координаталар басы нүктесі және т.б) арқылы өтеді; – функциялар графиктерінің қиылысу нүктесі(лері); – график абсциссалар осін ... нүктесінде қияды; – график ординаталар осін... нүктесінде қияды; – парабола тармақтары (жоғары, төмен) бағытталған, өйткені ... ; – функцияның графигі ... симметриялы; – егер сызықтық функциялардың бұрыштық коэффициенттері тең болса, онда олардың графиктері ... . | ||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| - топтық жұмыста өзара ынтымақтастықта жұмыс жасау; - топпен жұмыста өз пікірін ашық айту және топ мүшелерінің пікірін тыңдай білу; - оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастыңқатар-құрбы-құрдасына деген сыйластық пен үлкенге деген ізеттіліктің негізі екендігін ұғыну. | ||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Тақырып алгебраны әрі қарай зерттеуге және графиктерді физикада, информатикада, географияда, химияда және тағы басқа пәндерде пайдалану үшін негіз береді. | ||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақталар мен компьютерлерді (ноутбуктерді, планшеттерді) қолдану. https://www.geogebra.org/graphing бағдарламасын қолдана отырып, көрші сыныптасының жұмысының сапасы мен дұрыстығын тексеруде АКТ мүмкіншілігін қолдану. | ||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шеше алу; шамалар арасындағы тәуелділіктерді білу; тура және кері пропорционалдық ұғымдарын білу; тура пропорционалдық тәуелділіктің графигін сала алу. Айнымалылары бар өрнектерді түрлендірулерді орындай алу. Формулалармен жұмыс істей алу. | ||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 минут | 1. Сыныпты ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 2. Оқушылармен диалог орнату арқылы алдында өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойып жауап алу. Үй тапсырмасын тексеру (Ауызша тексеріп шығу) 3. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау. | ||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 3 минут 5 минут 7 минут 3 минут 3 минут 7 минут 5 мин 7 минут | Өткенді қайталау Оқушыларды графиктердің түрлеріне қарай 3 топқа бөлу
START ACTIVITY Есеп. Ағасы қарындасынан 3 жасқа үлкен, ал олардың жастарының қосындысы 25-ке тең. Ағасы мен қарындасының жасы нешеде? Шешуі х– ағасының жасы. у – қарындасының жасы. Есептің шарты бойынша: және . Екі айнымалысы бар екі сызықтық теңдеу құрылды. Бірінші теңдеудегі х – тің мәні екінші теңдеудегі х – тің мәніне тең. Бірінші теңдеудегі у– тің мәні екінші теңдеудегі у– тің мәніне тең.Сондықтан хпен у – тің мәндерін табу үшін, екі теңдеу бір жүйеге біріктіріледі, себебі олардың шешімдері ортақ. Бір жүйеге біріктірілген теңдеулерді фигуралық жақшамен жазу қабылданған. Ендеше: Берілген теңдеулер жүйесіндегі айнымалылардың мәндер жұбы теңдеулер жүйесінің шешімі болады. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің әрқайсысын тура теңдікке айналдыратын айнымалылардың мәндерінің жұбын сол теңдеулер жүйесінің шешімі деп атайды. Топтық жұмыс Топқа бөлінген оқушыларға төмендегідей тапсырмалар беріледі. 1-топ Тапсырма
(1) 2-топ Тапсырма
(2) 3-топ Тапсырма
(3) Берілген тапсырмалар орындалып болған соң әр топ өз жұмыстарын сыныптастарына түсіндіреді. Топтық жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар орындаған тапсырмаларының нәтижесіне сүйене отырып, мұғалімнің қойған сұрағына негіздей отырып, ортақ тұжырым жасай алулары керек. Сыныппен жұмыс (жалпы сұрақ)
Осындай түрдегі сұрақтардан соң оқушылардың жалпы ойларын түйіндеп, теориялық материалдарды беру.
Егер теңдеуіндегіболса, онда түзулер қиылысады.
Егер теңдеуіндегіболса, онда түзулер параллель орналасады.
Егер теңдеуіндегі , болса, онда түзулер беттеседі. Мысалдар келтіру Жұптық жұмыс
Жауабы: (-1; -3) Жауабы: шешімі жоқ Жауабы: шешімі шексіз көп
Жеке тапсырма №1. Теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешіңдер.
№2. теңдеуімен теңдеулер жүйесін құратын және оның:
Келеcі тапсырмалар қосымша тапсрымалар ретінде беріледі. Жеке жұмысты толығымен бітірген оқушылар шығарады. Деңгейлік тапсырма №1. 1-сурет және 2-суреттегі графиктер бойынша:
1-сурет 2-сурет №2. а - ның қандай мәнінде берілген теңдеулер жүйесінің бір ғана шешімі болады? Қалыптастырушы бағалау жұмысы |
| |||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Үй тапсырмасы: қосымша 5 | ||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||
Топтық немесе жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында тапсырманы орындау жолдарын бақылап үйренеді. Қабілеті жоғары оқушылар үшін қосымша тапсырмалар беріледі | Мұғалім оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалайды. Оқушылар сабақ барысында өз-өзін бағалайды және бағалау критерийі бойынша жұптарда бір-бірін бағалайды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолдану. | ||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды