Сызықтық функция және оның графигі. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 7.4А Функция. Функция графигі | Мектеп: ХББ НЗМ Петропавл қаласы | |||||||
Күні: | Мұғалім аты-жөні: | |||||||
Сынып: 7 | Келген оқушылар саны: | Жоқ оқушылар: | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Сызықтық функция және оның графигі | |||||||
Оқу мақсаттары | 7.5.1.9 y=kx функцияның анықтамасын біледі, оның графигін салады және оның k-ға қатысты орналасуын болжайды; 7.5.1.10 y=kx+b сызықтық функцияның анықтамасын біледі, оның графигін салады және оның k мен b-ға қатысты орналасуын болжайды; 7.5.1.11 сызықтық функция графигінің координаталар осьтерімен қиылысу нүктелерін табады (графикті салмай); 7.5.1.14 графикпен берілген сызықтық функциясының k мен b коэффициенттерінің таңбаларын анықтайды; | |||||||
Сабақ мақсаты | Сызықтық функцияның графигін салады және оның қасиеттері зерттейді, керсінше сызықтық функцияның қасиеттерін зерттей отыра графигін салады | |||||||
Бағалау критерийлері | Білу және түсіну
Қолдану, болжай алу
| |||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге қатысты лексика мен терминология Фукция – функция – function; График – график – graph; Тәуелсіз айнымалы – независимая переменная - independent variable; Аргумент – argument; Анықталу облысы – область определения – domain; Мәндер жиыны – область значений – range; Функция графигі; Сызықтық функция; Сызықтық функцияның бұрыштық коэффициенті | |||||||
Құндылықтарды тәрбиелеу | Құрмет (Зерттеушілік жұмысты қорытындылаған кезде оқушылар бір-бірінің ойын тыңдайды); Ынтымақтастық ( жұптық жұмыс кезінде оқушылар бір-біріне кері байланыс береді). Өмір бойы оқыту(оқушылармен әр түрлі жұмыс жүргізгеннен кейін осы жұмыстардың пайдасын және керектігін ауызша талқылау). | |||||||
Пәнаралық байланыс | Сызу – геометриялық фигуралардың сызбасы салады. Сабақты өткізу үшін программалық қамтамасыздықты қолдану (информатика) | |||||||
Негізгі дағдылары | Өзін-өзі реттеу дағдылары: Оқушылар сабақтың мақсатын және бағалау критерийлерін өздері тұжырымдай алады. Оқушылар өздігінше теореманы дәлелдейді. | |||||||
Алдын-ала білімдері | Сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шеше алу; шамалар арасындағы тәуелділіктерді білу; тура және кері пропорционалдық ұғымдарын білу; тура пропорционалдық тәуелділіктің графигін сала алу. Айнымалылары бар өрнектерді түрлендірулерді орындай алу. Формулалармен жұмыс істей алу. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 1-6 мин | Ұйымдастыру кезеңі Өткен тақырыпты қайталау
| |||||||
Сабақтың ортасы 6-15 мин 16-20 мин 21-30 мин 31-35 мин | Жаңа тақырыпты меңгеру Дербес жағдайдағы функцияның басқа функциялардың айырмашылығын қарап, b- ға қатысты қорытынды шығар: График бойынша жұмыс. Оқушылар графиктен функцияның аналитикалық түрін жазу. Өздік жұмысы. Жаңа алған білімдерін тексеру. Әр оқушы өздігінен тапсырманы орындайды. Жұптық жұмыс. Сыныппен есептер шығару. | Слайд 3 Қосымша 1 Слайд 4 Слайд 5 Слайд 6 Слайд 7 Слайд 8 Слайд 9 Слайд 10-12 Слайд 13 Қосымша 2 Слайд 14 Қосымша 3 Слайд 15 Қосымша 4 | ||||||
Сабақтың соңы 36-40 мин | Рефлексия: Бүгін сабақта мен қайталадым …Бүгін сабақта мен білдім …Бүгін сабақта мен үйрендім … | |||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-ні қолдану Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) | ||||||
Бірлескен жұмыс бұл тыңғылықты жоспарланған жұмыс, себебі сенімділігі аз оқушылар өз деңгейіндегі сенімділігі аздармен жұмыс істейді. Серіктестер арасында диалог бір уақытта оқиды. Бір-біріне тәуелді болмайды | Қалыптастырушы бағалау оқушылар жұмысын бақылау және диалогты пайдалану арқылы өткізіледі. Өткен сабақтан стикердегі ұсыныстарды дұрыстыққа тексеру керек. Оқушылар бірлескен жұмыстары графикте дұрыс болмайтын немесе әрі қарай қолдауды жеткілікті қажет етпейтін оқушылар бірлескен жүйе кестесін құра бастайды | ИКТ байланыс – пікірталас кезінде графиктер құруды қамтамасыз ететін интерактивті бағдарламаны пайдалану Құндылықтар: Оқушылар теңдік үшін контекстерді есепке алып бірегей болады, бірлескен жұмыс жағдайында қолдайтын және сындарлы болады. Оларда коммуникативті қасиеттерін дамытып мұғаліммен және өз тұстастарымен диалог жасау мүмкіндігі болады. Белсенді қатысушылар өз зерттеулерінде жауапты оқушы ретінде қолдау қажеттігін сезінетін болады. | ||||||
Рефлексия Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | ||||||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты). 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?