Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпмүшелер

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

 7.2.1.14

 алгебралық өрнектерді ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару арқылы көбейткіштерге жіктей алады 2 b+10a-14, a(b+c)+10(b+c), ;

7.2.1.15

 топтау тәсілімен көпмүшелерді көбейткiштерге жiктей алады;

Сабақ мақсаттары

Көпмүшелерді ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару, топтау, қысқаша көбейту формулаларын қолдану арқылы көбейткіштерге жіктеу дағдыларын жетілдіреді.

Бағалау критерийлері

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарады;

Көпмүшелерді топтап көбейткіштерге жіктейді;

Қысқаша көбейту формулаларын біледі;

Қысқаша көбейті формулаларын қолданып көпмүшелерді көбейткіштерге жіктейді;

Тілдік мақсаттар

Көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу қадамдарының тәртібі мен түйінді элементтерін анықтайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминологиялар: бірмүше, көпмүше, дәреже көрсеткіші, теңдік, коэффициент, көбейткіш, көбейткіштерге жіктеу, ортақ көбейткіш, ең үлкен ортақ көбейткіш.

Құндылықтарға баулу

- Назарбаев Зияткерлік мектептері «қалай білім алу керектігін білетін», дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, ой-өрісі дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.

- оқу, өз бетімен ақпаратты табу, жағдайды талдау, жаңа жағдайларға икемделу, мәселелерді қою және шешім қабылдау, жұпта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу;

Пәнаралық байланыстар

Бөлім алгебраны әрі қарай зерттеуге және математика формулаларын геометрияда пайдалануға көмектеседі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- екі өрнектің квадраттарының айырмасы .... тең;

- екі өрнектің қосындысының (айырмасының) квадраты .... тең;

- екі өрнектің қосындысының (айырмасының) кубы ... тең;

- екі өрнектің кубтарының қосындысы ( айырмасы) ...... ;

- ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару үшін...;

- коэфициенттердің ең үлкен ортақ бөлгіші;

- берілген өрнекті .... түрінде жазуға болады;

- көпмүшені көбейткіштерге жіктеу үшін ... ;

- егер ... болса , онда көпмүшелердің көбейтіндісі нөлге тең;

- көпмүшенің ... бар мүшелерін(өрнекті) бірге топтаймыз;

- берілген көпмүшені көбейтінді түріне келтіру үшін ... қолданамыз;

- берілген өрнектен қосындының (айырманың) квадратын бөліп алу үшін...;

Бөлім бойынша лексика және терминология

- қысқаша көбейту формулары;

- екі өрнектің квадраттарының айырмасы;

- екі өрнектің қосындысының квадраты;

- екі өрнектің айырмасының квадраты;

- екі еселенген көбейтінді;

- үш еселенген көбейтінді;

- екі өрнектің қосындысының кубы;

- екі өрнектің айырмасының кубы;

- екі өрнектің кубтарының қосындысы;

- екі өрнектің кубтарының айырмасы;

-көбейткіштерге жіктеу;

- ортақ көбейткіш;

- ең үлкен ортақ көбейткіш;

- топтау тәсілі;

- толық квадрат;

- толымсыз квадрат.

Қысқаша шолу

Оқушылар қысқаша көбейту формулаларын оқып үйренеді және оларды көпмүшені көбейткіштерге жіктеу мен өрнектерді ықшамдауда қолданады. Көбейткіштерге жіктеудің әр түрлі тәсілдерін қолдануды үйренеді, сол сияқты ортақ көбейткішті жақшаның сыртына

Осыған дейін меңгерілген білім

Бірмүшелер және көпмүшелермен амалдар орындай алу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

8 минут

І. Ұйымдастыру.

Амандасу. /Кабинет тазалығына, желдетілгеніне назар бөлу/. Оқушылардың сабаққа қатысуын, қажетті оқу құралдарының түгел болуын қадағалау.

Қайталау:

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару керек:

Сабақтың ортасы

12 минут

15 минут

10 минут

15 минут

15 минут

ІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру.

Көпмүшені топтаудың барлық мүмкін тәсілдерін қарастырыңыздар.

Мысалы:

ІІІ. Жаңа тақырыпты бекіту.

Актуалдау. 1. Көпмүше  дегеніміз не? 2. Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу деп нені айтамыз? 3. Жақша сыртына шығаратын ортақ көбейткішті қалай анықтауға болады?

Демек, оқушылар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? /Оқушылар жауап береді/

Ендеше, сабағымыздың мақсаты: көпмүшелерді көбейткіштерге жіктей алу.Бүгінгі сабақтағы жетістік критерийлерін анықтаймыз. /Оқушылар өздері жетістік критерийлерін ұсынады, олардың жауаптарын ескеріп,  тақтада жетістік критерийлерін көрсетемін/.

Балалар, сабағымызға кіріспе ретінде ұжымдық тапсырма орындайық. Сөзжұмбақ шешейік.Ұ.  1. Сандардан, айнымалылардан және олардың дәрежелерінен көбейту амалы арқылы құрастырылған өрнек қалай аталады?    бірмүше  2. Белгісіз саны бар теңдік?    теңдеу  3. Бірінші орында сан көбейткіш, ал оған жалғаса айнымалылар мен олардың дәрежелері жазылған бірмүшені түрі оның қандай түріне жатады?       Стандарт  4. Бірмүше құрамындағы айнымалылардың дәреже көрсеткіштерінің қосындысы – бірмүшенің ..........................  деп аталады.     Дәреже  5. 4ху бірмүшесінің дәрежесі қаншаға тең?       Екі  6. Бірмүшенің сан көбейткіші қалай аталады? Коэффициент  7. Бірдей немесе коэффициенттері ғана өзгеше бірмүшелердің аталуы? Ұқсас мүшелер  8. Бірмүшелердің қосындысын қалай атаймыз? көпмүше  9. Көбейту амалының компоненті - ........................... ? көбейткіш

Дескриптор.

1

Әр сұраққа дұрыс жауап береді

5 балл

2

Жылдамдығы, тапқырлығы

4 балл

Жалпы есеппен жоғары балл жинаған оқушы, жеңімпаз болып табылады.

 көпмүшесін көбейткіштерге жіктейік. Ортақ көбейткішін жақша сыртына шығару арқылы көбейткіштерге жіктеу мүмкін емес, себебі, бұл қосылғыштардың барлығына ортақ көбейткіш жоқ.     және әрбір топтағы ортақ көбейткіштерді жақша сыртына шығарамыз:

  алынған өрнекте     екімүшесі ортақ көбейткіш болады. Сонда  .

Сонымен,  .

Көбейткіштерге жіктеудің бұл тәсілін топтау тәсілі деп атайды.

Дифференциациялық тапсырмалар:

Амалдарды орындаңыз.

Дескриптор.

1

Жақшаларды дұрыс ашады

1 балл

2

Ұқсас мүшелерді біріктіреді

2 балл

3

Қорытынды көпмүшені дұрыс жазады

3 балл

Өте жақсы, оқушылар. Енді тапсырманы сәл күрделендіреміз. Ол үшін жұп құруымыз керек.

Жұптасу.Ұсынылған қораптан түрлі-түсті қағаздың бірін суыру арқылы, геометриялық фигуралар бойынша жұптасып орналасады.

Ж.

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеудің топтау тәсілін меңгергендігін тексеру мақсатында аралық қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

Оқулықпен жұмыс.

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеңіз.

Дескриптор:

Интербелсенді тақтада көрсетілген жауаппен сәйкестендіріп, әрбір жұп бірін-бірі тексеру арқылы жүргізіледі.

1

Ұқсас мүшелерді дұрыс табады

1 балл

2

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарады

2 балл

3

Көбейткіштерге дұрыс жіктейді

3 балл

Өте жақсы жауап беріп жатырсыздар. Ендігі тапсырмалар санын көбейтемін және күрделендіремін және топтықжұмыс түрінде көрсетесіздер.

Топтасу: ол үшін түрлі-түсті қағаздарыңыздың артқы бетінде бірмүшелер мен көпмүшелер жазылған болатын. Сол бойынша «Бірмүшелер» және «Көпмүшелер» тобына бөлінеді.

Дескриптор.

«Ротация»  әдісі негізінде екі топ оқушылары бір-бірінің жұмыстарын тексереді, туындыған қиындықтар туралы, жетістіктері туралы айтады.

1

Жақшаларды дұрыс ашады

1 балл

2

Ұқсас мүшелерді біріктіреді

1 балл

3

Топтық тапсырманы бірге орындайды

1 балл

4

Дұрыс жауап жазады

1 балл

Қалыптастырушы бағалау . Шығармашылық тапсырма. Төмендегі өрнектер шығатындай етіп 2x - 3x - 5 өрнегіне жақша қойыңдар.

а) 15 – x;

б) - 4x – 10;

в) 5 – x;

г) 2x2– 13x +15.

Жауабы: а) 2x – 3(x -5 );

б) 2(x -3x -5);

в) 2x – (3x -5);

г) (2x -3)(x -5).

 

Сабақтың соңы

5 минут

Үйге тапсырма №7,8 41 бет

Рефлексия

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету жұмыстары.

Класпен жұмыс кезінде оқушылардың дұрыс түсініп не қате түсініп отырғанын тапсырма бергеннен кейін жазған жауаптарын парақтарын көтеру арқылы тексеріп, кері байланысты мұғалім әр тапсырма соңында беріп отырады. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын бақылап тұрады.

Оқушылардың тілдік дағдысын дамытуға көіңл бөледі, өз ойын айтуға үйретеді. Оқушылар жұптық жұмыста бірін-бірі текереді. Өз бетімен жұмысты орындап болғаннан кейін оқушылар өздерін дескрипторлар арқылы бағалап, өздерінің нені игеріп, неден қиналатындықтарын анықтайды.

Қауіпсіздік техникасы сақталған кабинетте оқушыларға сабақ жүргізіледі.

Оқушылар қауіпсіздік техника ережелерімен таныстырылған.

Сабақ уақытында қарастырылатын әр түрлі жұмыс түрлері оқушылардың қимыл қозғалыс жасауына мүмкіндік береді

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың мақсаттары дұрыс қойылып, оқушылардың көпшілігі

оқу мақсатына қол жеткізді. Саралау жұмыстары тиімді әдіспен жүргізілді, жоспардан ауытқушылықтар болған жоқ. Уақыт тиімді пайдаланды.

Жалпы баға



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу