Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7. Көпмүшелер

Мектеп: Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Зинуллина Салтанат Камалгалиевна

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы: Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.2.1.2

бірмүше анықтамасын білу, оның коэффициенті мен дәрежесін табу

7.2.1.3

бірмүшені стандарт түрде жазу;

7.2.1.4

бірмүшелерді көбейтуді орындау және керісінше, оны көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде көрсету;

Сабақ мақсаттары

Оқушы:

Бірмүше және оның коэффициенті мен дәрежесі ұғымын біледі, бірмүшені стандарт түрге келтіреді және бірмүшелермен амалдар қолдана алады.

Бағалау критерийлері

Оқушы оқу мақсатына жетті, егер:

  • бірмүшені анықтай алса және бірмүшелер ішінен стандартты түрдегі бірмүшелерді анықтай алса;
  • бірмүшені стандарт түрде жазып, оның коэффициенті мен дәрежесін анықтай алса;
  • бірмүшелерге қосу, азайту, көбейту, бөлу және дәрежеге шығару амалдарын қолдана алса.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пәнге тән лексика мен терминология:бірмүше, бірмүшенің стандарт түрі, коэффициенті, дәрежесі,бірмүшелерді қосу, азайту, көбейту, бөлу, бірмүшені дәрежеге шығару ...

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

... дәрежелі бірмүше, бірмүшеге енетін дәрежелердің көрсеткіштерінің қосындысы ... тең, бірмүшені стандарт түрге келтіру үшін ..., бірмүшелерді көбейткенде ..., бірмүшені дәрежеге шығарғанда ..., бірмүшелердің алгебралық қосындысы ...,

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың бойына жауапкершілік, мақсаттылықты дамыту. Өзінің біліміне сыни көзбен қарап, ашықтыққа тәрбиелеу. Ынтымақтаса жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

АКТ қолдану дағдылары

Презентация көмегіменоқушылар негізгі ұғымдарды нақтылайды және бекіту жаттығуларын орындайды.

Бастапқы білім

Оқушылар әріпті өрнек және дәреже ұғымдарымен таныс. Дәрежелерді көбейту, бөлу, дәрежені дәрежеге шығару қасиеттерін біледі.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

І. Оқушылардың зейінін шоғырландыру.

Мұғалім оқушыларғадәрежелердің қасиетін қолданып жасырылған сөзді (Қосымша 1) табуды ұсынады.Бұл жаттығуоқушылардың зейінін сабақтың тақырыбының аясында шоғырландыруға бағытталған.Оқушылар бұл тапсырманы өз беттерімен орындайды. Орындалған тапсырманың дұрыстығын тақтадағы жауабымен салыстыру арқылы тексереді.

Ә.Н. Шыныбеков, Алгебра-7. Алматы «Атамұра»,2012.-176 бет.

Сабақтың

ортасы

2 минут

3 минут

2 минут

5 минут

5 минут

7 минут

15 минут

ІІ. Жеке жұмыс

Мақсаты: Бірмүше ұғымын оқушылардың өз бетімен оқуы арқылы игеру

Оқушылар оқулықтан бірмүшенің анықтамасын тауып, сыныптастарымен бөліседі.

Мұғалім оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, қолдау көрсетеді және көмектеседі.

Дағды: Білу және түсіну

Бағалау:Мұғалім оқушылардың бірмүшенің анықтамасын дұрыс түсінгенін оларды қолдау арқылы, мадақтау арқылы бағалайды.

ІІІ.Ұжымдық жұмыс.

Оқушыларға үлестірме қағазда жазылған өрнектердің ішінен бірмүшелерді табу тапсырмасын орындау ұсынылады. (Қосымша 2) Оқушылар бұл тапсырманы өз беттерімен орындайды. Орындалған тапсырманың дұрыстығын мұғалім оқушылардың дәптерлерінен тексереді.

Мақсаты:Оқушылардың бірмүшелерді анықтау дағдысын қалыптастыру

Дағды: Білу және түсіну

Бағалау:Мұғалім оқушылардың бірмүшелерді анықтай алатындығын оларды қолдау арқылы, мадақтау арқылы бағалайды.

ІV.Жеке жұмыс

Оқушыларға үлестірме қағазда жазылған с)бөліміндегі өрнектерге көңіл аудару ұсынылады.Бұл тапсырма бірмүшенің стандарт түрі ұғымын енгізу үшін орындалады. Оқушылардан бұл өрнектерге ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін қолданып, ықшамдағанда бірмүшелер шығатындығы және ол бірмүшенің стандарт түрі делінетіндігін оқулық арқылы білу күтіледі.

Дағды:Қолдану.

Бағалау:Мұғалім оқушылардың бірмүшенің стандарт түрі ұғымын дұрыс түсінгенін оларды қолдау арқылы, мадақтау арқылы бағалайды

V. Ұжымдық жұмыс

Оқушыларға оқулық бойынша жұмыстанып, бірмүшенің коэффициенті деген не және бірмүшенің дәрежесі дегеніміз не екенін анықтау ұсынылады.

Мақсаты:Бірмүшенің коэффициенті және бірмүшенің дәрежесі ұғымын оқушылардың өз бетімен оқуы арқылы игеру

Оқушылар оқулықтан бірмүшенің коэффициентінің және бірмүшенің дәрежесініңанықтамасын тауып, сыныптастарымен бөліседі.

Мұғалім оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, қолдау көрсетеді және көмектеседі.

Дағды: Білу және түсіну

Бағалау:Мұғалім оқушылардың бірмүшенің коэффициенті және бірмүшенің дәрежесі ұғымдарындұрыс түсінгенін оларды қолдау арқылы, мадақтау арқылы бағалайды.

VІ.Жеке жұмыс.

Оқушыларға №158 есепті ( Қосымша 3)шығару ұсынылады.Оқушылар бұл тапсырманы өз беттерімен орындайды. Орындалған тапсырманың дұрыстығын тексеру үшін тақтада бағалау дескрипторы көрсетіледі:

  • Бірмүшені анықтайды;
  • бірмүшелер ішінен стандартты түрдегі бірмүшелерді анықтайды;
  • бірмүшені стандарт түрде жазады;
  • бірмүшенің коэффициентін анықтайды;
  • бірмүшенің дәрежесін анықтайды.

Мақсаты:Оқушылардың бірмүшенің стандарт түрі, оның коэффициенті және дәрежесі ұғымдарын игергендігін анықтау

Дағды: Білу және түсіну

Бағалау:Оқушы дескриптор арқылы өзін-өзі бағалайды

VIІ.Жұптық жұмыс.

Оқушыларға презентация бойынша бірмүшелерге амалдар қолдану ережелері мен мысалдарын талдау ұсынылады. Бес жұп бес амал бойынша жұмыстанады және мұғалімнің көмегімен слайд арқылы түсіндіреді.

Мақсаты: Бірмүшелерге қосу, азайту, көбейту, бөлу және дәрежеге шығару амалдарын қолдануға үйрету

Дағды: Білу және түсіну

Бағалау: Мұғалім оқушыларға жетелеу сұрақтарын қоя отырып, қолдау арқылы бағалайды.

VIIІ.Ұжымдық жұмыс

Оқушыларға тақтаға кезекпен есеп шығару ұсынылады: №21.2. а) б) №21.3. а) б)

№160 1) 2) №161 3) 4) №172 4) (Қосымша 4)

Мақсаты: Бірмүшелерге қосу, азайту, көбейту, бөлу және дәрежеге шығару амалдарын қолдану дағдысын қалыптастыру

Дағды: Білу және түсіну

Бағалау: Жұптағы оқушылар дескриптор көмегімен бірін - бірі бағалайды.

Бұл жұмыстардың бағалау дескрипторы:

  • бірмүшелерге қосу амалын қолданады;
  • бірмүшелерге азайту амалын қолданады;
  • бірмүшелерді көбейтеді;
  • бірмүшелерді бөледі;
  • бірмүшелерді дәрежеге шығарады.

Ә.Н. Шыныбеков, Алгебра-7

Ю.Н. Макарычев, Н.Г. Миндюк Алгебра-7

Презентация 10,11,12-слайд

А.Г. Мордкович, Алгебра.Есептер жинағы-7

Ә.Н. Шыныбеков, Алгебра-7. Алматы «Атамұра»,2012.-176 бет.

А.Г. Мордкович, Алгебра.Есептер жинағы-7

Ә.Н. Шыныбеков, Алгебра-7. Алматы «Атамұра»,2012.-176 бет.

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

Оқушыларға оқу мақсаттары жазылған кестені толтыру ұсынылады.(Қосымша 5) Оқушылар әр оқу мақсатын қандай дәрежеде игергендігі туралы мәліметті жазады және түсіндіреді.

Мақсаты: Оқушылардың оқу мақсатына жеткендігін бағалау

Дағды: Анализ

Бағалау: Мұғалім оқушылардың жетістігін құптайды, қажет болған жағдайда кеңес береді.

Үйге тапсырма : №21.2. в) г) №21.3. в) г)

№159, №164, №166 (Қосымша 6)

А.Г. Мордкович, Алгебра.Есептер жинағы-7

Ә.Н. Шыныбеков, Алгебра-7. Алматы «Атамұра»,2012.-176 бет.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларды жұппен отырғызып қабілеті жоғары оқушылар қасындағы құрбысына көмектесе алатындай мүмкіндік жасаймын.

Оқушылардың дұрыс жауаптарына қолдау жасай отырып, мадақтау, қажет болғанда түзету енгізу.Дескрипторлар арқылы оқушылардың өзін -өзі бағалауын және бірін- бірі бағалауын жүзеге асыру.

Бөлме температурасының қалыпты болуын қадағалып отырады.

Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың мақсаттары оқу мақсытына сәйкес дұрыс қойылды. Оқушылардың барлығы 7.2.1.5. оқу мақсатына жетті, ал 7.2.1.6 оқу мақсатына жету үшін уақыт тапшылығы кедергі болды. Барлық оқушылар теориялық материалды игерді, бірақ дағды қалыптасу үшін уақыт керек.

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды. Сабақ жоспарынан ауытқу болған жоқ. Кейбір оқушылар есептерді мұғалімнің және қабілеті жоғары оқушылардың көмегімен шығарып отырды.Саралау дұрыс жүргізілді.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1. Ұжымдық жұмыс. Жасырылған сөзді табу оқушыларға қызығушылық туғызды.Оқулық бойынша жаңа ұғымдарды табуда белсенді жұмыстанды.

2.Өзіндік жұмыс. Бекіту тапсырмаларын орындау барысында оқушылардың белсенділігі байқылды.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Ж.Ә. және М.М. деген оқушыларға сабақ барысында көбірек көңіл бөлдім, дегенмен олармен әлі де жаттығулар орындау керек. Олар есептерді жай шығарғандықтан уақыт жетпеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу