Берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың бар болуы. Параллель түзулер. Алгебра, 7 сынып, презентация.
Берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың бар болуы. Параллель түзулер
Оқу мақсаттары
7.3.1.7
тең фигуралардың анықтамасы мен қасиеттерін білу және қолдану;
7.3.1.11
берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың бар болуы аксиомасын білу;
7.3.2.2
түзулердің параллельдік аксиомасын білу;
Өткен тақырыпты қайталау:
1) үшбұрыш деген не?
2) қандай кесінділерді тең деп атаймыз?
3) қандай бұрыштар тең деп аталады?
Берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың бар болуы
Төмендегі суретте АВС үшбұрышы мен а түзуі бейнеленген
Үшбұрыштың А төбесі а сәулесінің бастапқы нүтесімен беттесетіндей, В нүктесі а сәулесінде жататындай және С төбесі а сәулесі мен оның толықтауыш сәулесіне қатысты берілген жарты жазықтықта жататындай етіп, АВС үшбұрышын жылжытамыз.
Аксиома
Берілген сәулеге қатысты көрсетілген тәртіпте орналасатын және кез келген берілген үшбұрышқа тең үшбұрыш табылады.
Параллель түзулер
Егер жазықтықтағы екі түзу қиылыспаса, онда бұл түзулер параллель түзулер деп аталады.
Егер кесінділер параллель түзулер бойында жатса, онда бұл кесінділерді параллель кесінділер деп атайды.
Параллель түзулер аксиомасы
Түзуде жатпайтын нүкте арқылы жазықтықта осы түзуге параллель тек бір ғана түзу жүргізуге болады.
Теорема: егер түзу параллель екі түзудің біреуін қиып өтетін болса, онда бұл түзу параллель түзулердің екіншісін де қиып өтеді.
Үй жұмысы
№ 61 (Шыныбеков А.Н «Геометрия 7»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?