Мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер арқылы шешу. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 7.1А Мәтінді есептерді математикалық модельдеу | Мектеп: | |||
Күні: | Мұғалім аты-жөні: | |||
Сынып: 7 | Келген оқушылар саны: | Жоқ оқушылар: | ||
Сабақтың тақырыбы | Мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер арқылы шешу Мәтінді есептерді теңсіздіктер арқылы шешу | |||
Оқу мақсаттары | 7.2.2.5 қосымша шарттары бар сызықтық теңсіздіктерді шешеді (берілген аралықта өрнектің ең үлкен немесе ең кіші мәнін таба алады); 7.5.2.2 сызықтық теңдеулер, сызықтық теңсіздіктер және сызықтық теңдеулер жүйелерін құру арқылы мәтінді есептерді шешеді; | |||
Сабақ мақсаты | Сызықтық теңдеулерді шешу алгоритмін біледі Сызықтық теңдеуді түбірлерінің саны бойынша зерттейді | |||
Бағалау критерийлері |
| |||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге қатысты лексика мен терминология Түбір, алгоритм, модель, теңдеу Диалогқа қажет сөз –тіркестері: сызықтық теңдеу, математикалық модель, мәтінді есептер Пәнге қатысты лексика мен терминология стандарт – standart элемент – element; түбір – root модель - model теңдеу - equation теңсіздік - inequalities | |||
Құндылықтарды тәрбиелеу |
| |||
Пәнаралық байланыс | Информатика, геометрия, экономика | |||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта, презентация | |||
Алдын-ала білімдері | Теңдеу түсінігі, теңдеуді шешу, тепе-тең теңдеулер | |||
Сабақ барысы | ||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы | І. Ұйымдастыру кезеңі Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау ІІ. Білімдерін өзектеу
| |||
Сабақтың ортасы | ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру Ауызша жұмыс [-7;-4] кесіндісіне қай сан тиісті? а) -10 б) -6,5 в) -4 г) -3,1 Сан аралығына тиісті ең үлкен және ең кіші бүтін санды атаңдар: а) [-1; 4] b) (-2,5; 6) в) (-7; 12) Қатесін тап: 1) х≥7 (-∞; 7) 2) y<2,5 [2,5; ∞] Теңсіздіктерді шешіңдер: 1)-2х < 4 2)-2х >6 3)-2х ≤ 6 4)-х <12 5)-х ≤0 6)-х ≥ 4 Қорытынды: Коэффициент алдында минус таңбасы болғанда, теңсіздік белгісі өзгереді Жаңа тақырыпты меңгеру (презентация арқылы) ІІ. Білімдерін өзектеу Ауызша жұмыс Сан аралығына тиісті ең үлкен бүтін санды атаңдар: 1) [-4;-1) 2) [0;115) 3) (-10;0) Есептер шығару №1. Теңсіздіктердің шешімі болатын сан аралықтарындағы ең үлкен немесе ең кіші бүтін шешімін табыңдар: №2. Теңсіздіктердің шешімі болатын сан аралықтарындағы барлық бүтін шешімдер санын табыңдар: №4. Теңсіздіктердің шешімі болатын сан аралықтарындағы ең үлкен немесе ең кіші натурал шешімін табыңдар: №5. Теңсіздіктер жүйесін (-4;6) аралықта шешіңдер І нұсқа (і) Теңсіздіктерді шешіңдер: б) в) (іі) шешімдер жиынын координаталық түзуде көрсетіңдер (ііі) жауабын сан аралығы ретінде жазыңдар (іv) осы сан аралығына тиісті ең үлкен немесе ең кіші бүтін санды көрсетіңіз ІІ нұсқа (і) Теңсіздіктерді шешіңдер: а) б) в) (іі) шешімдер жиынын координаталық түзуде көрсетіңдер (ііі) жауабын сан аралығы ретінде жазыңдар (іv) осы сан аралығына тиісті ең үлкен немесе ең кіші бүтін санды көрсетіңіз
2 сабақ ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру Оқушылармен бірігіп, мысалдарды қарастыру, теңсіздіктер құру. Мысал 1.Үшбұрыштың бір қабырғасы 8 см, екіншісі – 13 см. А) үшінші қабырғасы ең кем дегенде қандай бүтін сан бола алады?Б) үшінші қабырғасы ең көп дегенде қандай бүтін сан бола алады? Мысал 2. Егер велосипедші күніне өз нормасынан 8 км артық жүрсе, онда ол 7 күнде 420 км-ден кем өтуші еді. Егер ол күніне 6 км кем жүрсе, онда ол 14 күнде 420 км-ден артық жүреді. Велосипедшінің бір күндегі нормасы қандай? IV. Білімдерін бекіту Жұптық жұмыс: Математикалық моделін құрып, теңсіздіктерді шешіңдер: 1) Квадраттың периметрі 20 сантиметрден артық, бірақ 28 сантиметрден кем. Квадраттың қабырғасының ұзындығын бағалаңдар. 2) Айман 2 дәптер және 50 теңгеге бір қаламсап сатып алып, барлығына 170 теңгеден кем ақша төледі. Дәптердің бағасын бағалаңдар. 3) Екі қаланың арақашықтығы 300 километрден кем болатын. Пойыз бір қаладан шығып, екінші қалаға қарай 3 сағ жүргенде екінші қалаға дейін 45 км қашықтық қалды. Пойыздың жылдамдығын бағалаңдар. 4) Тең бүйірлі үшбұрыштың табан қабырғасының ұзындығы 36 см, ал оның периметрі 80 см ден кіші. Үшбұрыштың бүйір қабырғасының ұзындығы қанша болуы мүмкін? 5) Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 13. Ал егер олардың орнын ауыстырсақ сан алғашқыдан 9-ға артады. Берлігне сан мен пайда болған сандардың қосындысын табыңдар. 6) Айман n метр матаны белдемше тігуге, және одан 1,5 есе көп матаны көйлек тігуге сатып алды. a) Айман көйлекке қанша метр мата сатып алды? b) Көйлекке белдемшеге қарағанда қанша метр мата көп алды? c) Айман барлығы қанша метр мата сатып алды? d) Егер 1 метр матаның бағасы х теңге болса, Айман барлық матаға қанша ақша жұмсады. | Мордкович, алгебра 7 класс | ||
Сабақтың соңы | Кері байланыс Сабақтың мақсатына жеттім деп ойлайсыңдар ма? Қандай қиындықтар туындады? Қай мәселені шешу үшін көмек керек? |
Қосымша ақпарат | ||||
Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-ні қолдану Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) | ||
Рефлексия Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | ||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты). 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?