Мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер арқылы шешу. Алгебра, 7 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер арқылы шешу

Оқу мақсаты:

7.5.2.1 мәтінді есептердің математикалық моделін құрайды;

Бағалау критерийлері:

Мәтінді есептерді шығару барысында айнымалыны дұрыс енгізеді

Нақты жағдай мен оның математикалық моделі арасындағы сәйкестікті орнатады

Топтық жұмыс

Мұғалім оқушыларды кездейсоқ 3 топқа бөледі. Әр топқа теңдеулер беріледі, шығарып өз шешімдерін тақтаға іледі. Басқа топтар шығару жолын тексереді.

I топ:

Арақашықтығы 350км болатын А және В пунктерінен бір уақытта бір –біріне қарама-қарсы екі жеңіл көлік шығып, 2 сағ 20 мин өткен соң кездесті. Жеңіл көліктердің жылдамдықтарын анықтаңдар, егер біреуінің жылдамдығы екіншісінің жылдамдығынан 30км/сағ артық болғаны белгілі болса?

II топ

Елді мекеннен шыққан жолаушылар автобуспен станцияға келіп, пойызға үлгерулері керек еді. Егер автобус 60км/сағ жылдамдықпен жүрсе, жолаушылар пойыздың жүру уақытынан 20 мин ерте келеді. Ал егер автобус 50км/сағ жылдамдықпен жүрсе, пойыздың жүру уақытынан 12 мин кеш келеді. Елді мекен станциядан неше километр қашықтықта орналасқан?

III топ:

Елді мекен станциядан 4 км қашықтықта станция мен саяжай аралығында орналасқан. Елді мекеннен саяжайға қарай 75м/мин жылдамдықпен жаяу адам шықты. Жаяу адам 0,5 сағ жүрген соң, станциядан 200м/мин жылдамдықпен велосипедші шықты. Велосипедші неше минут жүрген соң, жаяу адамды қуып жетеді?

Жұптық жұмыс

Әр жұпқа мәтін есептер таратылады. Жұптар мәтінді есептердің математикалық моделін құру алгоритм жайлы қорытынды жасауы тиіс.

1 жұп

Катер А пунктінен В пунктіне ағысқа қарсы жүзіп, 1 сағ 48 минутта барды. Катер қайтарда ағыспен жүзгендіктен, одан 18 мин кем уақытта В пунктінен А пункітіне келді. Ағыс жылдамдығы 2,4 км/сағ болса, катердің меншікті жылдамдығын табыңыз.

2 жұп 

Моторлы қайық өзен ағысының бойымен 45 км жəне ағысқа қарсы 22 км қашықтықты жүзіп өту үшін барлығы 5 сағат уақыт жұмсайды. Өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ болса, моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.

Өздік жұмысы:

 

Моторлы қайық өзен ағысына қарсы 144 км жүзіп барып, бөгелместен кері қайтты. Ағыстың бойымен жүзген жолына ағысқа қарсы жүзген жолынан 3 сағат кем уақыт жұмсады. Өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ болса, моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.

Рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу