Калькулятор көмегімен жуықтау. Алгебра, 7 сынып, дидактикалық материал.
Тапсырма 1.
Жер бетіндегі құрғақ жердің ауданы 148,94 млн км2 тең, ол бүкіл жер бетінің 29,2% құрайды. Калькулятордың көмегімен табыңыз:
- Жер бетінің ауданын табыңыз;
- Жер бетіндегі судың алып жатқан ауданын табыңыз?
Жауабыңызды калькулятордың көмегімен стандарт түрде жазыңыз.
Тапсырма 2.
Кестеде жер бетінің ауданы мен елді мекен мәліметтері көрсетілген.
Континент | Елді мекен | аудан |
Европа | 827,4 миллион | 10 523 000 км² |
Азия | 4 153 млн | 43,4 млн км² |
Солтүстік Америка (аралдарымен) | 500 млн | 24,25 млн км² |
Оңтүстік Америка | 387 489 196 | 17,84 млн км² |
Африка (аралдарымен) | 1,05 млрд | 30,3 млн км² |
Австралия | 37 млн | 7,66 млн км² |
- Азияның ауданы бүкіл жер беті ауданының қандай бөлігін алып жатыр?
- Біздің планетада қанша адам өмір сүріп жатыр?
- Африка тұрғындары жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр (пайыздық көрсеткішпен
Жауаптарыңызды калькулятордың көмегімен стандарт түрге келітіріңіз
Тапсырма 3.
Альфа Центавра жұлдызы жерден 40 653 230 000 000 км жуық қашықтықта орналасқан.
- Осы санды калькулятордың көмегімен стандарт түрде жазыңыз.
- Жарықтың жуық жылдамдығы 298 000 км/сағ. Бір тәулікте 86 400 секунд бар десек, онда Альфа Центавра жұлдызының сәулесі жер бетіне жетуі үшін қанша күн керек?
Жауабыңызды ондық үлеске дейін жуықтап, калькулятордың көмегімен стандарт түрде жазыңыз.
Қосымша тапсырмалар:
1) Теңдеуді, топтау әдісі арқылы көбейткішке жіктеп, шеш. Бүтін емес түбірін жүздік үлеске дейін жуықтап, калькулятордың көмегімен стандарт түрде жазыңыз
2) теңдеудің шешімдерін ондық үлеске дейін жуықтап, калькулятордың көмегімен стандарт түрде жазыңыз
Үй тапсырмасы
Адамның өте еңбекқор мүшесі оның жүрегі болып табылады. Орташа есеппен минутына 70 рет соғады екен. Адам жүрегі 10 жылда қанша рет соғады? Жауабыңызды калькулятордың көмегімен санның стандарт түрінде жазыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?