Калькулятор көмегімен жуықтау. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.1А бөлім: Бүтін көрсеткішті дәреже

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Калькулятор көмегімен жуықтау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.2.13

калькулятордың көмегімен жуықтап есептеулерді орындау;

 Сабақтың түрі

Білімді бекіту

 Сабақ мақсаттары

Шамаларды есептеу үшін калькуляторды қолдану дағдысын арттыру;

калькулятордың көмегімен жуық мәндерді таба алу.

калькулятордың көмегімен шамаларды стандарт түрге келтіру.

 Бағалау критерийлері

Оқушы:

-калькулятор көмегімен амалдар орындай алады;

- калькулятордың көмегімен жуық мәндерді таба алады.

- шамалардың жуық мәнін есептей алады;

- шамаларды бір өлшем бірліктен басқа өлшем білікке ауыстыра отырып оларды стандарт түрде жаза алады;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

санның стандарт түрінің мағынасын түсінеді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

- дәреженің негізі;

- дәреже көрсеткіші;

- натурал көрсеткішті дәреже;

- бүтін көрсеткішті дәреже;

- дәрежеге шығару;

- санның квадраты, санның кубы;

- көбейтіндінің дәрежесі;

- санның стандарт түрі;

- стандарт түрде жазылған санның мәнді бөлігі мен реті;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- бірнеше бірдей сандардың көбейтіндісі;

- ... дәреже түрінде жазыңыз;

  • негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері қосылады (азайтылады);
  • негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері көбейтіледі;
  • теріс санды жұп көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ...;
  • теріс санды тақ көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ...;
  • негізі ... болатын дәреже түрін келтіріңіз;
  • санды стандарт түрде жазыңыз;
  • егер санның мәнді бөлігіндегі ондық разрядтың үтірін n бірлікке ... орын ауыстырса, онда 10-ның дәреже көрсеткішіне (көрсеткішінен) ... ;

келесі/жетіспейтін мүшесі ... болып табылады;

Құндылықтарды дарыту

 

Өтілген тақырыпты қайталау және бекіту тапсырмаларын орындау арқылы еңбек және шығармашылық құндылықтарын қалыптастыру

Пәнаралық байланыстар

Физика

АКТ қолдану дағдылары

Калькулятор Windows бағдарламасымен жұмыс. Интернет ресурстарды қолдану дағдылары мен физминутка орындау үшін видеоресурс пайдалану

Бастапқы білім

Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері;

Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері;

Құрамында дәрежесі бар өрнектерді түрлендіру; Санның стандарт түрі;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Сәлемдесу. Түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайярлығын тексеру. Үй тапсырмасында қиындық туғызған мәселерді талқылау. Сабақтың тақырыбын анықтап, мақсатын қою.

Жаңа тақырып мазмұны

15 минут

 Калькулятордың мүмкіндігі туралы айтыңыз және оның қызметін қолданыста көрсетіледі.

 Оқушыларға Калькулятор Windows-тың түрлерін интербелсенді тақтада көрсетіп, келесі әрекеттерді орындаңыз:

 1) Калькулятор Windows бағдарламасын іздеу: (Пуск – Все программы – Стандартные – Калькулятор);

 2) Калькулятордың түрлері (Вид – Обычный – Инженерный – Программист – Статистика).

 Калькулятор Windows бағдарламасы қарапайым қалта калькуляторының қызметін атқарады және одан да кең көлемдегі мүмкіндіктерге ие екенін түсіндіріңіз. Тек негізгі арифметикалық амалдарды ғана емес, инженерлік калькулятордың функцияларын орындайды, статистикалық есептеулер жүргізеді, сондай-ақ бағдарламалауға мүмкіндігі бар.

 Оқушылардың калькуляторды қалай қолданатынын тексеріңіз, сандарды енгізу және стандарт түрдегі сандарға амалдар орындауды таныстырыңыз.

 Ондық разрядты енгізу үшін «EE» немесе «EXP» батырмалары жиі пайдаланылады. «F-E» батырмасының қызметін көрсетіңіз.

 Мысалы:

 0,000143306 бастапқы санын стандарт түрде теру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

  •  санның мәнді бөлігін 1,43306 енгізіңіз;
  •   батырмасын басыңыз, енгізу жолағында 1,43306е+0 түріндегі сан пайда болады;
  •  -4 дәреже көрсеткішін енгізу үшін батырмасын және 4 санын басыңыз, сонда енгізу жолағында 0,000143306 саны көрінеді.

 Егер аталмыш амалдардан соң батырмасын басса, онда осы санның кәдімгі жазылуы енгізу жолағында пайда болады.

 батырмасы санды стандарт түрде (экспоненциалды түрде) енгізу үшін қолданылады. Максималды дәреже көрсеткіш +289. батырмасы ондық санау жүйесін қолданғанда ғана қол жетімді.

 Стандарт түрдегі (экспоненциалды түрдегі) сандармен жұмыс істеу үшін сондай-ақ батырмасы пайдаланылады. Бұл батырма экспоненциалды түрдегі сандарды енгізуді қосып-ажыратады. батырмасы ондық санау жүйесін қолданғанда ғана қол жетімді.

 Мысалы:

 Экспоненциалды түрдегі санды енгіземіз, мысалы, 2,7359е+4. Осыдан кейін осы санды 100-ге көбейтеміз. Нәтижесін тағы да ондық санау жүйесінде аламыз, яғни 2735900. Нәтижені экспоненциалды түрде алу үшін амалды орындағанға дейін батырмасын басу керек. Осыдан кейін барлық келесі нәтижелер экспоненциалды түрде көрсетіледі. батырмасын басу арқылы санның экспоненциалды түрі тәртібін сөндіреміз және санның кәдімгі жазылуына көшеміз.

 Шамаларды бір өлшем бірліктен басқасына аудару Шамаларды бір өлшем бірліктен басқасына аудару үшін Вид қойындысындағы Преобразование единиц (Бірліктерді түрлендіру) қатарын таңдаңыз. Ашылған терезедегі бірінші қойындыда қажетті шаманың типі, екінші қойындыда - бастапқы өлшем бірлік, үшіншіде - соңғы өлшем бірлік таңдалады. Бастапқы өлшем бірлік қойындысының үстіндегі қатарға қажетті санды енгізгенде, соңғы өлшем бірлік қойындысының үстіндегі қатарда «аударылған» сан пайда болады.

Жалпы сыныптық жұмыс

Алған білімді бекіту

20 мин

Оқушылар жұпқа бірігіп, өзара тексеруді орындау үшін бірлесіп жұмыс жасайды

Тапсырма 1.

Жер бетіндегі құрғақ жердің ауданы 148,94 млн км2 тең, ол бүкіл жер бетінің 29,2% құрайды. Калькулятордың көмегімен табыңыз:

  • Жер бетінің ауданын табыңыз;
  • Жер бетіндегі судың алып жатқан ауданын табыңыз?

Жауабыңызды калькулятордың көмегімен стандарт түрде жазыңыз.

Тапсырма 2.

Кестеде жер бетінің ауданы мен елді мекен мәліметтері көрсетілген.

Континент

Елді мекен

аудан

Европа

827,4 миллион

10 523 000 км²

Азия

4 153 млн

43,4 млн км²

Солтүстік Америка (аралдарымен)

500 млн

24,25 млн км²

Оңтүстік Америка

387 489 196

17,84 млн км²

Африка (аралдарымен)

1,05 млрд

30,3 млн км²

Австралия

37 млн

7,66 млн км²

  • Азияның ауданы бүкіл жер беті ауданының қандай бөлігін алып жатыр?
  • Біздің планетада қанша адам өмір сүріп жатыр?
  • Африка тұрғындары жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр (пайыздық көрсеткішпен)

Жауаптарыңызды калькулятордың көмегімен стандарт түрге келітіріңіз

Калькулятормен стандарт түрге келтіру дағдысын арттыру

Тапсырма 3.

Альфа Центавра жұлдызы жерден 40 653 230 000 000 км жуық қашықтықта орналасқан.

  • Осы санды калькулятордың көмегімен стандарт түрде жазыңыз.
  • Жарықтың жуық жылдамдығы 298 000 км/сағ. Бір тәулікте 86 400 секунд бар десек, онда Альфа Центавра жұлдызының сәулесі жер бетіне жетуі үшін қанша күн керек?

Жауабыңызды ондық үлеске дейін жуықтап, калькулятордың көмегімен стандарт түрде жазыңыз.

Қосымша тапсырмалар:

1) Теңдеуді, топтау әдісі арқылы көбейткішке жіктеп, шеш. Бүтін емес түбірін жүздік үлеске дейін жуықтап, калькулятордың көмегімен стандарт түрде жазыңыз

2) теңдеудің шешімдерін ондық үлеске дейін жуықтап, калькулятордың көмегімен стандарт түрде жазыңыз

Жұптық жұмыс

Сергіту сәті:

https://www.youtube.com/watch?v=SCvZLP26q0E

Қорытынды.

Рефлексия.

5 минуты

Мұғалім оқу мақсаты мен жетістік критерийіне оралады:

  • Бүгінгі сабақтың мақсаны қандай?
  • Мақсатқа жете алдық па?

Рефлексия.

  • нені білдім,
  • неге үйрендім
  • не түсініксіз болды
  • немен әлі жұмыс жасау қажет

Үй тапсырмасы

Адамның өте еңбекқор мүшесі оның жүрегі болып табылады. Орташа есеппен минутына 70 рет соғады екен. Адам жүрегі 10 жылда қанша рет соғады? Жауабыңызды калькулятордың көмегімен санның стандарт түрінде жазыңыз.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптық жұмысты бақылай отырып, қиындықтар кездескенденде бағыт беремін. Әлсіз оқушыларға жеке кеңес алуға мүмкіндік беремін.

Оқушылардың тапсырманы орындаудағы белсенділіктерін бақылау арқылы формативті бағалаймын. Сабақты бекіту кезінде оқушыларды жеке –жеке бағалаймын, оқушылар тапсырманың 80% дұрыс орындауы қажет

Сабақты бекіту кезеңінде 2 тапсырмадан кейін youtube.com сайтынан сергіту сәтін жасатамын.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу