Бірліктерін өзгерту. Стандарт түрде жазылған сандарға амалдар қолдану. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ

Мұғалім:

7.1В Бүтін көрсеткішті дәреже

Сабақ тақырыбы

Бірліктерін өзгерту. Стандарт түрде жазылған сандарға амалдар қолдану

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгерту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.2.10

шамаларды бір өлшем бірліктен басқа өлшем бірлікке аудара алады және нәтижені стандарт түрде жаза алады;

7.1.2.7

сандарды стандарт түрде жаза алады және оларға арифметикалық амалдар қолдана алады;

Сабақ мақсаттары

шамаларды бір өлшем бірліктен басқа өлшем бірлікке аудара алу; стандарт түріндегі жазылған сандарға арифметикалық амалдарды қолдану.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

санның стандарт түрі ұғымын, оның маңызды бөлігін және ретін біледі;

стандарт түрде жазылған сандарды шамаларды бір өлшем бірліктен басқа өлшем бірлікке аудара алады;

сандарды стандарт түрде жаза алады және оларға арифметикалық амалдар қолдана алады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- дәреженің қасиеттерін ауызша және жазбаша түсіндіреді;

Бөлім бойынша лексика және терминология

- дәреженің негізі;

- дәреже көрсеткіші;

- натурал көрсеткішті дәреже;

- бүтін көрсеткішті дәреже;

- дәрежеге шығару;

- көбейтіндінің дәрежесі;

- бөліндінің дәрежесі;

- дәрежелердің көбейтіндісі;

- дәрежелердің бөліндісі;

- дәрежені дәрежеге шығару;

- санның стандарт түрі;

- стандарт түрде жазылған санның мәнді бөлігі мен реті;

- заңдылық, тізбек, тізбектің элементі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- бірнеше бірдей сандардың көбейтіндісі;

- ... дәреже түрінде жазыңыз;

-негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері қосылады (азайтылады);

-негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері көбейтіледі;

-теріс санды жұп көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ...;

-теріс санды тақ көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ...;

-негізі ... болатын дәреже түрін келтіріңіз;

-санды стандарт түрде жазыңыз;

Құндылықтарды дарыту

Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру;

Пәнаралық байланыс

Мәтін есептерді шығару барысында оқушылар физикилық және химиялық процесстермен байланысты үдерістермен танысады

Бастапқы білім

Бүтін көрсеткішті дәреже. Санның стандарт түрі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

(2 минут)

1) оқушылармен сәлемдесу, зейінін сабаққа шоғырландыру, түгелдеу;

2)сабақ тақырыбын, мақсатын және жоспарын хабарлау;

Презентация

Сабақтың ортасы

Үй жұмысын тексеру

(5 минут)

4)мұғалім үй жұмысының шешу жолын көрсетеді, оқушылар өз жұмыстарын жасыл қаламмен тексереді.

Жаңа сабақты меңгерту кезеңі (15мин)

5) Мұғалім оқушыларға жұптасып, стандарт түрде жазылған сандармен амалдар орындауды ұсынады

Тапсырма №1: a = 2,4103; b = 1,2103; c = 2,410 -7 ; d = 410-3 ; e =2,410-5 сандары берілген. Өрнектердің мәнін тап:

А) ab;

B) ac;

C) de;

D) a:b

E) c:d

F) c:e

G) a + b;

H) ab;

I) b + c.

Әр топ стандарт түрде жазылған сандарды қосу мен бөлу ережелерін қорытып, тұжырымдауы керек.

Барлығын түйіндеп, дәптерге жазуын сұраңыз

Қосымша

Алгебра,7. Автор: Шыныбеков А.Н.

Жаңа материалды бекіту

Жұптық жұмыс (15 мин)

6) Оқушылар жұптара бөлініп, төмендегі жаттығуды орындайды. Аяқтағанда бір-бірін тексереді

2. Амалды калькуляторсыз орындап, жауабын стандарт түрде жаз

  • ;
  • ;
  • ;
  • ;
  • ;
  • ;
  • ;
  • ;
  • ;
  • ;

3. Амалды калькуляторсыз орындап, жауабын стандарт түрде жаз

  • ;
  • ;
  • ;
  • ;
  • ;
  • ;
  • ;

Оқушылар бір-бірінің шешілген есептерін тексереді, тексеру презентациядағы жауаптары көмегімен жүргізіледі.

Қосымша тапсырмалар: таратпадағы №4, 6, 7, 8 тапсырмаларын орындау

қосымша

Презентация

Сабақтың соңы Қорытындылау (3 мин)

з) Рефлексия.

Мұғалімоқушыларды төмендегі сұрақтарға жауап беруін сұрайды

  • Бүгін мен … білдім
  • Меніңше, …
  • Маған қызық болғаны-
  • Менің бұл жайлы ойым
  • жайлы тағы тыңдағым келеді
  • Жұмыс мағанкөмектесті
  • шабытым оянды

и) Мұғалім сабақты қорытындылайды Үйге: теориялық материалды оқу, таратпадағы 5 тапсырмасын орындау

Презентация

Қосымша

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Мақсат қою кезеңінде қиналған оқушыларға өзге сыныптастарынаннемесе мұғалімнен көмек берілді
  • Қабілеті жоғары оқушылар өзгелерге көмектесе алатындай және өзінің дәлелдеу қабілетін арттыруы мақсатында топтық жұмысты ұйымдастыру

Оқушылардың тапсырманы орындаудағы белсенділіктерін бақылау арқылы формативті бағалаймын. Оқушы өзін-өзі бағалау арқылы неге жеткенін және неге әлі қол жеткізу керектігін бағалап отырады.

Математика кабинетінде өзін-өзі ұстау ережелерін қадағалау, интерактивті тақтамен қолдану ережелерін қадағалау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Барлық оқушы ОМ жетті

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Саралау сабақ жоспарына сай өтті

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақтың әр кезеңі өз уақытында орындалды

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Барлық жоспарланған әрекеттер орындалды

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Бөлінген топтар сәтті шықты

2: Оқушыларға бір-бірін тексеру қызық болды

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Амалдарды орындау пікірмен қоса жасауды ұйымдастыру. Мысалы, «тізбек бойынша жұмыс», бір оқушы аударып, пікірін айтады, қалғандары тексереді. Кезек бірінен біріне жүріп отырады

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Кейбір оқушылар өз ойын математикалық тілде жеткізуде сөздік қорының аздығынан қиындықтарға тап болады. Ол үшін термин сөздер мен анықтамаларды жаттаулары қажет



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу