Санның стандарт түрі. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1В Бүтін көрсеткішті дәреже | Мектеп: НЗМ Талдықорған | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Жүнісова А.Т. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 7F(2) | Қатысқандар саны:10 | Қатыспағандар саны:- | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Санның стандарт түрі | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.1.1.1 өте үлкен немесе өте кіші шамаларды жазу үшiн сандарды стандарт түрде жазудың қажеттiлігiн түсiнеді (мемлекет халқының санын немесе молекула өлшемін жазу үшін); 7.1.1.2. санның стандарт түрі ұғымын, оның маңызды бөлігін және ретін біледі; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Санның стандарт түрінің мағынасын түсінеді | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Санның стандарт түрі ұғымын, оның мәнді бөлігі мен ретін біледі; Санды стандарт түрге келтіреді, оның мәнді бөлігі мен ретін анықтайды. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | лексика және терминология - санның стандарт түрі; - стандарт түрде жазылған санның мәнді бөлігі мен реті; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құрмет; ынтымақтастық; жауапкершілік; шынайлық; функционалдық сауаттылық; өмір бойы білім алу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қарастырылатын бөлім әрі қарай «Көпмүшелер» және «Қысқаша көбейту формулалары» бөлімдерін оқып-үйренуге негіз болады. Дәрежелермен жұмыс істей білу химия, физика саласында, сонымен бірге техникалық есептеулер жүргізгенде қажет. Стандарт түрде жазылған сандар ғылымда үлкен және кіші шамалардың өлшемдерін жазу үшін жиі қолданылады | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Сандардың квадраты мен кубының мәндерін таба алу. Шаршы ауданы мен текшенің көлемін табу формулаларын, аудан мен көлемнің өлшем бірліктерін белгілей білу. Санның разрядтарын білу, сандарға арифметикалық амалдар қолдана білу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут 1 минут 3 минут 2 минут | 1.Ұйымдастыру кезеңі Қайталау (False, True) Оқушылар экрандағы берілген тапсырманы жауабымен сәйкестендіріп оның жалған не ақиқат екендігін анықтайды. Соңында дұрыс сәйкестік экранда көрсетіліп, әрбір оқушының жауаптарына мұғалім комментарии береді
2. Тақырыпты анықтау Оқушыларға сандар ұсынылады: 150 000 000; 0,0000000 005; 0,000 000000 036; 780 000 000 000; 499 000; Оқушыларға сұрақ: - Сандарға қарап олардың ерекшеліктері неде екендігін анықтаңдар? (үлкен және кішкентай сандар жазылған) -Физика, химия және астрономияда үлкен және кішкентай сандармен жұмыс жасау жиі кездеседі (Галактикадағы жұлдыздар саны, бактерия саны , молекула өлшемі, атом өлшемі, аталық тозаң диаметрі)
Галактикадағы жұлдыздар саны Бактериялар саны молекула өлшемі тозаң диаметрі Видеоролик Мұғалім: Сонымен берілген сандарды ыңғайлы етіп жазудың басқа жолы бар. Мұндай сандарды стандарт түрге келтіріп жазу керек. Сабақ тақырыбы анықталды: Санның стандарт түрі Сабақ мақсаты мен жетістік критерийлері анықталды. | Презентация Слайд 1-6 Презентация Слайд 7 Презентация Слайд 8 Презентация Слайд 9 https://uat.twig-bilim.kz/film/volume-counting-stars-6057/ Презентация Слайд 10-13 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 3 минут 4 минут 1 минут 5 минут 2 минут 1 минут 10 минут | Мұғалім: Ең үлкен сандар мен ең кіші сандар стандарт түрге келтірілген деп айтылады, егер ол түрінде жазылған болса, мұндағы санның реті. Санның реті санның қаншалықты үлкен не кіші екендігін көрсетеді. Мысал
Жеке жұмыс Кестені толтырыңыз
Жауап:
Тапсырма (жұптық жұмыс ) Молекула - өздігінен өмір сүретін ең кіші бөлшек. 1 грамм су молекуласында 3,7*1022 молекула бар (37 000 000 000 000 000 000 000). 1 молекула судың массасын табыңыз, жауабын стандарт түрде жазыңыз. (калькулятор көмегімен) г. Есепті шығару кезеңдерін пайдаланып, әрбір жұп бағалау критерийлерін құрады және ортақ бағалаудың бір түріне тоқталады.
Әрбір жұптың бір оқушысы келесі жұптың жұмысын бағалау қағазы бойынша тексереді, ал орнында қалған оқушы шығарылған есебін қорғайды. Соңында бағалау қағазы ілініп әрбір жұп өздерінің нәтижелерін көре алады. Жеке тапсырмалар 1. Стандарт түрде жазыңыз: 1) 760 мм сынап бағанасында, 00 С температурада 1 см3 көлемде газ молекулалар санын 27 000 000 000 000 000 000; 2) Парсек - астронимияда ұзындық бірлігі ретінде алынған өлшем. Егер 1 парсек 30 800 000 000 000 км болса, километр санын; 3) электронды есептеуіш құрал 1 секундта 1000000 амалдар орындайды. 2. Жер шарының беті 510 млн км2 –тан астам ауданды алады. Жердің көлемі 1000 млрд км3 астам көлемді алады. Берілген сандарды стандарт түрде жазыңыз. 3. Жарық жылдамдығы 3*108 м/с тең, Күннен Жерге дейінгі ара қашықтық 1,5*1011 м. Жарық сәулесі Күннен Жерге дейінгі ара қашықтықты қанша уақытта жүріп өтеді. Алынған санды стандарт түрде жазыңыз. | Презентация Слайд 14 Презентация Слайд 15 Презентация Слайд 16 Презентация Слайд 17 Презентация Слайд 18 Презентация Слайд 19 Презентация Слайд 20 Дидактикалық материалдар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 1 минут 2 минут | Оқушылар сабақ соңында жаңа тақырып бойынша рефлексия парағын толтырады. Үй жұмысы: №134, 135 Рефлексия “бүгінгі сабақтан білгендерім...”; “бүгінгі сабақтан үйренгенім...” “бүгінгі сабақта танысқаным...” “бүгінгі сабақта келесі анықтамалар мен тақырыптарды түсіндім...
| Презентация Слайд 21 Шыныбеков Ә.Н. Алгебра 7. «Атамұра» 2011 Презентация Слайд 22 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жұптық жұмыс кезінде оқушылар бір-біріне көмектеседі. Бірлесе отырып тапсырма талданады, бір-бірінің пікірлерін тыңдап, диалог құрып ортақ дұрыс шешімге келеді | Бақылау, сұрақ-жауап. Бір-бірін бағалау | Жұптасып жұмыс жасауды үйрену. Өзара сыйластықтың болуы. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ тақырыбын анықтау; 2: білімдерін актуализациялау; Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Берілген диалогқа қажетті тіркестерді жиі пайдалану оқушылардың жауаптарын күшейтуге септігін тигізеді; 2: бағалау критерийлерін құруды өздеріне тапсыру тәжірибесін жиі қолдану олардың есептерді шешу кезеңдерін дұрыс ұстануға көмектеседі; Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Білімдерін актуализациялау кезінде кейбір оқушылардың жауаптарының басым бөлігі қате болды, сондықтан санның дәрежесіне байланысты тапсырмаларды орындауға қосымша сабақтарда толығырақ тоқталып өту керек. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?