Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.1В Бүтін көрсеткішті дәреже

Мектеп: Ақтау қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7 А, В, С.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.2.3 оң сандарды натурал көрсеткiшті дәрежеге, терiс сандарды жұп және тақ көрсеткiшті дәрежеге шығару нәтижелерін болжай алады және болжамдарды ережелер түрінде қалыптастыра алады;

7.2.1.3 натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін біледі және қолданады.

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

бүтін көрсеткішті дәреженің мәнін есептейді;

дәреженің қасиеттерін пайдаланып, дәрежелермен амалдар орындайды;

санның стандарт түрі ұғымын, оның мәнді бөлігі мен ретін біледі;

құрамында дәрежелері бар сан тізбегінің жетіспейтін мүшелерін табады және заңдылығын анықтайды.

Бағалау критерийлері

  • Натурал көрсеткішті дәреже анықтамасын есептерде қолдана алу
  • Бүтін көрсеткішпен дәрежені есептей алу
  • Берілген сандарды дәреже түрінде беру

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- дәреженің қасиеттерін ауызша және жазбаша түсіндіреді;

- санның стандарт түрінің мағынасын түсінеді;

- тізбектің көрсетілмеген мүшесін ауызша болжап, өз таңдауларын негіздейді;

- пәндік лексиканы, терминологияны, символиканы сауатты қолданады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

- дәреженің негізі; - дәреже көрсеткіші;- натурал көрсеткішті дәреже;

- бүтін көрсеткішті дәреже;- дәрежеге шығару;- көбейтіндінің дәрежесі;

- бөліндінің дәрежесі;- дәрежелердің көбейтіндісі;- дәрежелердің бөліндісі;

- дәрежені дәрежеге шығару;- санның стандарт түрі;

- стандарт түрде жазылған санның мәнді бөлігі мен реті;

- заңдылық, тізбек, тізбектің элементі...

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- бірнеше бірдей сандардың көбейтіндісі;

- ... дәреже түрінде жазыңыз;

негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері қосылады (азайтылады);

негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері көбейтіледі;

теріс санды жұп көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ...;

теріс санды тақ көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ...;

негізі ... болатын дәреже түрін келтіріңіз;

санды стандарт түрде жазыңыз;

егер санның мәнді бөлігіндегі ондық разрядтың үтірін n бірлікке ... орын ауыстырса, онда 10-ның дәреже көрсеткішіне (көрсеткішінен) ... ;

келесі/жетіспейтін мүшесі ... болып табылады;

заңдылықты анықтайық.

Саралау түрі

Күрделендіру, жеделдету

Құндылықтар

-Дұрыс шешім қабылдау үшін, қоғамдық өмірге қатысу үшін шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру;

Пәнаралық байланыстар

физика

Жаһандық ақпарат

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Сандардың квадраты мен кубының мәндерін таба алу. Шаршы ауданы мен текшенің көлемін табу формулаларын, аудан мен көлемнің өлшем бірліктерін белгілей білу. Санның разрядтарын білу, сандарға арифметикалық амалдар қолдана білу. Сан тізбегін құру және олардың жетіспейтін мүшелерін таба білу.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Өткенді қайталау

15 минут

Жаңа тақырыпқа шолу

10 минут

Ұжымдық жұмыс

10 минут

Жеке жұмыс

10 минут

Амандасу

Психологиялық ахуал тудыру. Оқушылармен сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру үшін «Комплемент» ойын өткіземін.

Үй тапсырмасын тексеру, ауызша

Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қаталау, окушылар дәптерге білетін қасиеттерін жазып, презентациямен өздерін тексереді.

  • Натурал көрсеткіштік дәреженің қасиеттері
  • Өткен сабақты қайталау мақсатында оқушылармен жалған немесе ақиқат ойынын ойнаймыз. Оқушылар тапсырманы есептеп орындалуы дұрыс, не бұрыс екенін тұжырымдайды. Алдын ала мұғалім әрбір оқушыға «жалған, ақиқат» деген тактайшаларды таратып қояды. Тақтада шыққан тапсырманы оқушылар бір біріне қарамастан тез шапшаң тапсырманың жауабын көрсету керек.

Оқушылар натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін біледі, тек енді жұп және тақ болғандағы жағдайды мұғалім нақтылап айтып, түсіндіріп кетеді. Жаңа сабақты негізге ала отырып, келесі тапсырманы орындайды.

6.Натурал көрсеткіштік дәреженің қасиетін пайдаланып, теңдеуді шешіңдер.

7. Берілген өрнектерден пайдаланып қосындысын табыңдар.

8. Есептеңдер:

Бағалау критерийлері:

  • Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін біледі;
  • Берілген өрнектерден дәреженің қасиетін пайдаланып, белгісізді табады;
  • Натурал көрсеткіштік дәреженің қасиетін пайдаланып, теңдеуді шешеді;
  • Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолданып, есептерді ықшамдайды.

Слайд

1 – 13

Кеспе қағазы

Өздік жұмыс

20 минут

Оқушылар деңгейлік тапсырмалар шығарады.

Жасыл

Сары

Қызыл

Кеспе қағазы

Сабақтың соңы

Рефлексия

3 минут

Рефлексия

Слайд 14

Үй тапсырмасы

2 мин

Үйге тапсырма беру:

1. Теңдеулерді шешіңіз:

2. Дәреженің қасиеттерін пайдаланып, амалдарды орындаңыз:

3. Теңдеулерді шешіңіз:

Кеспе қағазы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу