Шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: Әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Болашаққа саяхат Күні: Сынып: 4 | Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы, №54МЛ Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г.А Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | 4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу. | |||||||||||||
Оқу мақсаттары | 4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу; 4.2.2.1 шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру. | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын анықтай алады, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды және оған жауап бере алады; Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын табады,, шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар құрастыра алады; Кейбір оқушылар: шығарманы тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды, өз тақырыбын ұсынады,шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашқы сұрақтар қояды және оған өз ойын білдіре отырып жауап береді. | |||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: шығарманың тақырыбын атай алады, сұрақтар құрастыра алады, толық жауап бере алады. Пәнге тән лексика мен терминология: Уағда, тайталас, тәубесіне түсірді, ойпыл- тойпыл мінезі.. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Аса шыдамдылық көрсеткен Уақыт шыдамның да шегі болса керек, каһарына мініп селкілдеп, қалшылдап, кімге келеді? Өмір қария не деп жауап берді? | |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бірлесе жұмыс жасата отырып, ынтымақтастықты дарыту. | |||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Жыл мезгілдерін атауларын қайталай отырып, жаратылыстану пәнімен байланыстыру . | |||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта | |||||||||||||
Бастапқы білім | Шығарма мазмұны бойынша ашық сұрақтар құрастыра алады, шығарманың тақырыбы мен идесяын таба алады; өз ойын дәлелдер келтіре отырып жеткізе алады. | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы 0-2 мин. 3-6 мин | Сабақ басында: (Ұ) Ширату жаттығуы. «Тізбектер» әдісі Оқушылар тізбектеле тұрады. Мұғалім «Жыл мезгілі» тақырыбына байланысты суреттерді кір қыстырғышта көрсетеді де, оқушыларға суретке қатысты бір сөз айтуын ұсынады. Келесі тұрған оқушы оны жалғастырады, яғни тақырыпқа қатысты келесі сөз айтады. Осылайша жалғаса береді. Оқушылардың санына байланысты бір немесе бірнеше айналым жасауға болады. Коммуникативтік тәсілдемеге негіздей отырып, тыңдалым-айтылым дағдыларын дамыталады. Ойын кезінде бірлесіп жұмыс жасау арқылы ынтымақтастыққа тәрбиеленеді. (Б). «Смайлик әдісі» бойынша тақырыпқа сай дұрыс жауап берген балаларды бағалауға болады. Бастапқы білімді қайталау. (Ұ; МК) Оқушыларға «Білім қоржыны» әдісі арқылы берілген сөздерді өз қоржындарына салу тапсырылады. Жыл мезгілдерінің атауларына байланысты деректермен таныстырылады. Саралау. Қарқын тәсілі арқылы жылдам жұмыс жасаған оқушыларға басқа сөйлемдер құрастыруға тапсырма ұсынуға болады. (Б). Бастапқы білімді бекіту үшін жұлдызша арқылы бағаланады. Оқу мақсаты хабарланады Шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу, шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қоя отырып, жауап беру. Бағалау критерийін бірлесе құрастыру немесе таныстыру. | Слайд №1-3 Қосымша №1 Қосымша №2 Слайд №4 Қоржындар Қима сөз, сөйлемдер | ||||||||||||
Сабақтың ортасы 7-12 мин
13-23 мин 24-25 мин 26-34 мин | 1-тапсырма (Ұ; Ж) Оқылымның «Бірлескен оқылым» әдісін қолданып, Ш.Күмісбайұлы «Өмір, Уақыт және Адам» мәтінін түсініп оқу ұсынылады. Сараптамалық оқуға назар аударылады. Мәтін мазмұнына байланысты талдау жасау үшін бір партадағы жұптарға сұрақтар ұсынылады. Үлгі сұрақтар:
-Мәңгілік осылай болып тұрса екен деген адамдар қуанышы ұзаққа созылды ма? Саралау: Диалог және қолдану тәсілі арқылы тапсырманы орындау барысында жан-жақты нақты көмек қажет ететін оқушыға мәтіннің мазмұны бойынша жекелей сұрақ қоя отырып, қолдау көрсетіледі. (Б) «Шапалақ әдісі» арқылы оқушылармен бірлесе отырып бағалау. 2-тапсырма (Т; МК) «Төрт сөйлем» тәсілі. Оқушылар топтасып шығарманың тақырыбын анықтауға, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін немесе сөйлемді табуға берілген тапсырманы орындайды. Бұл тәсілді келесі үлгіде орындайды:
Саралау: Қорытынды тәсілі бойынша өз пікірін жазуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Қорытынды жасауда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады. (Б) шығарманың тақырыбын анықтап, негізгі ойды білдіріп тұрған бөлігі немесе сөйлемді тауып жазған жұмыстары «смайл» әдісі арқылы бағаланады. Сергіту сәті «Айя мен Әли» мульфильміндегі «Жыл мезгілдері» өлеңінің сүйемелдеуімен қимыл-қозғалысты жаттығулар жасау. Әр жыл мезгіліндегі табиғат құбылыстарын вербалды емес тілдік құралдарды қолданып көрсету ұсынылады. Мысалы, көктемгі күннің күркіреуі, жазғы самал, қысқы боран, т.б. 3-тапсырма (Ө; Ж) «Кірпіш» стратегиясы арқылы оқушылар оқылған мәтін мазмұны бойынша бағалауға негізделген сұрақтарға жауап беріледі. А4 парағына кірпіштердің суреті салынады. Салған суретіне алдын-ала мәтін мазмұны бойынша сұрақтар дайындалады. Жекелеп отырып, берілген сұрақтарға жауап беріледі. Жұптар бір-бірінің жазғандарын оқиды, бірін-бірі толықтырады. Кірпіштерге жазылған сұрақтарын талқылайды. Маңызды 5 ақпарат стикерге жазылып, тақтаға ілінеді және түсіндіріледі. Сұрақтар үлгісі: • Уақыт Өмірдің айтқанына неліктен көнді? (қартайып) • Уақыт ашумен кімге келді? • Жауқазындар неге қуанды? • Өткен шақ, келер шақпен айырмашылық юбар ма? -Мәңгілік өмір үшін адамдар неге қуанды ? Саралау: қорытынды бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді. (ҚБ) Дескрипторлар бойынша бағалау: -шығарма мазмұны бойынша ашық сұрақтар құрастырады; •сұрақтарға мәтіннен дәлелдер келтіріп, жауап береді; •автордың негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтайды; | Слайд №5 Қосымша 3 Слайд №6 Қосымша №4 Қыс туралы: https://www.youtube.com/watch?v=BWRHc3c-lJI Қосымша №5 Слайд №7 | ||||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 мин | 4-тапсырма (Ж,Т) «Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі Топтағы оқушылар олардың тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады. Сөйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде және т.б. сөздерден тұруы мүмкін. Содан кейін топтар өздерінің жазған сөйлемдерін оқиды. Саралау: саралаудың қорытынды тәсіліне сүйене отырып әр оқушының жауабы әр түрлі болатынын болжанады. Дереккөздер тәсілі арқылы қолдауды қажет ететін оқушыларға суреттер немесе мәтінді ұсынуға болады. (Б) «От шашу» әдісі арқылы топтық бағалау. Рефлексия
«Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы оқушылар өздеріне кері байланыс жасайды.
...білдім, ....көзімді жеткіздім. -Бүгін сабақта қуантқаны..... -Мен өзімді.....үшін мақтар едім. -Маған ерекше ұнағаны..... -Қызықты болғаны..... -......қиындық тудырды. -Менің түсінгенім..... Оқушылар өз-өздерін бағалау арқылы азаматтық жауапкершілікке тәрбиеленеді. | Слайд №8 маркерлер
Слайд №9
| ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
Бастапқы білімді қайталау. Қарқын тәсілі арқылы жылдам жұмыс жасаған оқушыларға басқа сөйлемдер құрастыруға тапсырма ұсынуға болады. 1 тапсырма Саралаудың диалог және қолдау әдісін қолдауды қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақ қою арқылы көмек көрсетемін 2 тапсырма. Қорытынды тәсілі бойынша өз пікірін жазуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Қорытынды жасауда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады. 3 тапсырма Саралаудың қарқын тәсілі. Қарқыны баяу оқушыларға диалог арқылы қолдау көрсетіледі. 4 тапсырма Саралаудың қорытынды тәсіліне сүйене отырып әр оқушының жауабы әр түрлі болатынын болжанады. Дереккөздер тәсілі арқылы қолдауды қажет ететін оқушыларға суреттер ұсынуға болады. | Дескрипторлар: Шығарма мазмұны бойынша бағалау сұрақтар құрастырады; Сұрақтарға мәтіннен дәлелдер келтіріп, жауап береді; автордың негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтайды; шығарманың мазмұнына сәйкес тақырып қояды. Бағалау әдістері : Бастапқы білімді бекіту үшін жұлдызша арқылы бағалаймын «Шапалақ әдісі» арқылы оқушылармен бірлесе отырып бағалаймыз. «Отшашу» әдісі арқылы топтар сызбаның көмегімен әңгімелеу мен сөйлем құрастыруы арқылы бір–бірін бағалайды. «Смайл» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақ мақсатына жеткені туралы кері байланыс береді. | Жапсыру кезінде қауіпсіздік ережелерін айтып кетемін. | ||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
| ||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?