Оқу түрлерін қолдану. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімдіжоспар
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Болашаққа саяхат Күні: Сынып: 4 | Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы, №54МЛ Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г.А Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтақырыбы | 2.1 Оқу түрлерін қолдану | ||||
Оқу мақсаттары | •4.2.1.2 шығарманы іштей көз жүгіртіп,,шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу; •4.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді,өлең жолдарды, нақыл сөздерді, шешендік сөздерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану; | ||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: қажетті ақпаратты тауып оқиды, шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады; Көптеген оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты анықтайды, қолдануға, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және оған жауап бере алады; Кейбір оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты ақпаратты тауып салыстырады, бағалауға негізделген сұрақтар қоя алады жауап бере алады, шығармаға сәйкес мақал-мәтелдермен мысалдар келтіре алады, төрт жол өлең жазады. | ||||
Бағалау критерийлері |
| ||||
Тірек сөздер | Оқушылар: Мәтінге сәйкес бағалау сұрақтарын қоя алады, сұрақтарға байланысты қажетті ақпаратты тауып жауап бере алады. Пәнге тән лексика мен терминология: Жаңа өмір,өнер сыры, күшті қару,компьютер,талап, ынта. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Тапқышбек қандай бала? Оның қандай армандары болды? Тапқышбек ойлап тапқан зат қалай аталады? | ||||
Құндылықтарды дарыту | Өз ісіне сенімділікпен, жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, бойларында адамгершілік қасиеттерін дарыту. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Ойшыл, талапты, білімқұмар туралы әңгімелей отырып жаратылыстану, өзін-өзі тану пәнімен байланыстыру. | ||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||
Алдыңғы білімді игерулері | Мәтіннен ақпаратты таба алады, мәтін бойынша сұрақтар құрастыра алады | ||||
Сабақбарысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0-3 минут 4-9 минут | Ширату тапсырмасы: «Күн мен түн » ойыны. Оқушылар шеңберге тұрып күн сөзі айтылғанда көздерін ашады, түн сөзін айтқанда көздерін жұмады. Мұғалім күн сөзін айтқанда күндіз жасайтын іс-әрекеттерді қимылмен қосып орындау ұсынылады. Жаттығу соңында оқушылармен бір күн уақытында қандай іс-әрекеттер орындайтыны туралы әңгімелеу жүргізуге болады. Қолдарына гүлдер ұстаған балалар дөңгелене тұрып, көршілеріне жақсы сөздер айту арқылы бір – біріне гулдерін береді. (Т) Топқа бөлу. Білімді, Ойшыл, Өнертапқыш атауларына байланысты үш топқа бөлінеді. 1 топ – Білімді 2 топ – Ойшыл 3 топ – Өнертапқыш
Оқушылар мұғалім ұсынған сөздерді таңдау арқылы топтасып отырады. Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру. | Гүлдер, жазылған сөздер. Слайд №2 Қосымша №1 | |||
Сабақтың ортасы 10-17 минут 18-25 минут 26-30минут 31-34минут | 1- тапсырма «Тапқышбектің тегі» Е. Өтетілеуов (Т, С, Қ) «Аялдама» әдісі бойынша оқушылар өлеңді аялдау арқылы бөліктермен оқиды. Оқушылар өлеңді оқи бастағанда мұғалім аялдаманың белгісін көрсете отырып, алдымен бірінші бөлікті оқиды. Әр аялдамада оқыған бөліктеріне сұрақтар қояды. Сұрақтар қою арқылы әр топ ақылдасып ойларын ортаға салады. Үлгі сұрақтар: 1 аялдама: Ертелігер елінен келген бала? 2 аялдама: Оқығаны көп, зерек бала кім? 3 аялдама: Тапқышбек ойлап тапқан зат? Сұрақтарға жауап алынады. (Мұғалім өлең мазмұны бойынша әр аялдамаға басқа сұрақтар ұсына алады.) Өлеңді тұтас оқып болған соң, қайта шолып оқуға уақыт беріледі. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі. Саралау: Қорытынды арқылы саралау. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың əрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек. Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап береді. (ҚБ) Дескрипторлар бойынша бағалау: - мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады; - мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. 2-тапсырма (Ұ) «Ұшақ» әдісі Мұғалім ұшырған ұшақ алдына қонған оқушы өткен өлеңдегі сөздерін пайдаланып кейіпкерді сипаттайды. Сипаттау кезінде мақал-мәтелдерді қолданады. Үлгі мақал-мәтелдер: Көп ойласаң – дана боласың, Көп ойнасаң – бала боласың. Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер. Күш – білімде, Білім – кітапта. Саралау: қорытынды бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді. (Б) «От шашу» Бір-бірін тыңдай отырып бағаларын береді. Жарайсыңдар! Керемет! Мадақтау сөздерімен ауызша мадақтайды. 3-тапсырма (дәптермен жұмыс) (Т, ОТ ) «Эйлер шеңбері» әдісі. А-4 параққа, шағын постерге Эйлер шеңбері сызылып, әр топқа ұсынылады. Оқушылар топтасып, ««Тапқышбектің тегі»» өлеңіне байланысты идеялар кезекпен талқыланып, жазылады. Не? Қалай? Неге? Нәтиже? деген мәселелер бойынша пікірлер талданады. Саралау: Қарқын тәсілі арқылы саралауды қолдануға болады. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі. (Б) «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылардың өлеңге байланысты идеяларды талқылай алуы бағаланады. 4-тапсырма (МК; Ж) «Бір минуттық әңгіме» әдісі. Кейіпкердің орнына өзін қойып, өз атынан мазмұндау ұсынылады. Оқушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, құрастырған жоспардың бір бөлігі бойынша жұптық әңгіме жүргізеді. Әңгімелеу барысында өлең үзіндісімен салыстыра отырып әңгімелеуге назар аударылады. Саралау. Қорытынды тәсіл бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма бірдей ұсынылғанымен әртүрлі нәтижелер күтіледі. Мазмұндау кезінде кейбір оқушыларға өзбен қолдау көрсетіледі. (Б) «От шашу». Әр топ бірін-бірі тыңдай отырып бағаларын береді. Жарайсыңдар! Керемет! Мадақтау сөздерімен ауызша мадақтайды. . | Слайд №3 Слайд №4 Қосымша №2 Baq.kz сайтында Слайд №5 Қосымша №3 А-4 парағы, маркерлер. Слайд №6 Қосымша №4 Слайд №7 Қосымша №5 Постер, маркер. | |||
Сабақтың соңы 35-40 минут | Рефлексия. «Ұшақ» әдісі Оқушылар жазбаша кері байланыс береді. Ақ парақтан алдын-ала дайындалған ұшақтарды бір-біріне ұшырып, сабақтан алаған әсерлерімен бөліседі.
| Слайд №8 Қосымша № 6 Қағаздан жасалған ұшақ макеті, маркерлер. | |||
Бастапқы білім – Қарқын тәсілі арқылы саралау жоспарланады. Тапсырманы орындау кезінде қарқыны жылдам топ ескеріліп, қосымша мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыртуды ұсынуға болады. 1 тапсырма – Қорытынды арқылы саралау. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың əрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек. Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап береді. 2 тапсырма – қорытынды бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді. 3 тапсырма – Қарқын тәсілі арқылы саралауды қолдануға болады. Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі. 4 тапсырма – Уақыт бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушылаға ұсынылады. Оқушылар қарқындарына қарай жауап беріп өз ойларын дәлелдеп еркін айтады, пікірлерін өзгерте алады. | Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Бағдаршам», «От шашу» әдісі Дескрипторлар:
| Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау. АКТ-ны оқу барысында орынды және шығармашылықпен қолдана білу құзыреттілігін арттыру | |||
Сабақ бойынша рефлексия | |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?