Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру. О. Жанайдаров «Ұмай Ана туралы аңыз». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша №1

«Сиқырлы қоржын»

«ББҮ» кестесі

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Қосымша №2

  • тапсырма.

 Ұмай Ана туралы аңыз

 О. Жанайдаров

 

Аналар мен отбасы, ошақ қасының Құдайы-Ұмай Ана. Ұмай шеше шаруашыл, бейнетқор әйел болыпты.

Ұмай Ана он екі қыз тәрбиелеп өсіріпті. Қыздарының бәрі күйеуге шығып, барған шаңырақтарына ырыс- береке мен бақыт әкеліпті. Бұл әйелдердің еңбексүйгіштігі сонша, тіпті, қажет болса адамзаттың игілігі үшін өзендерде бөгеген, өзендердің арнасын бұрып, қу медиен шөл далаға жіберген, тау бұлақтарының көзін ашып, мөлдір су ағызған.

Қыздары жұрттың қамын ойлап, үнемі жайнап жүретінін көрген Ұмай Ана оларға ақ жол тілеп, батасын береді. Өмірімен қоштасатын мезгіл жеткенде Құдай ана адамдарға көрсеткен зор ықыласы мен қызметтеріне сүйсініп, оларды бүкіл жер бетіндегі тіршілік иелеріне бағыт-бағдар сілтейтін биік жартастарға айналдырады.

Егер адамдар өз өмірінде биік тауларды, жартастарды құрметтеп тағзым етсе, ешқашан адаспайды, ақиқат жолдан жығылмайды, ең қиын, тығырық жолдардан дұрыс жол тауып, мерейі өседі.

(Жанайдаров О. Ежелгі Қазақстан аңыздары. Қазақстан балалар энциклопедиясы - Алматы: «Аруна» баспасы, 2007.-248 бет.)

Сұрақтар үлгісі:

1 аялдама: Автор Ұмай ананы қалай суреттеген?

2 аялдама: Ұмай ананың қыздарының адамзат игілігі үшін жасаған еңбектері қандай?

(Мұғалім мәтін мазмұны бойынша әр аялдамаға басқа сұрақтар ұсына алады.)

Қосымша №3

2- тапсырма.

«Кірпіш»

  • Шығармада кімдер туралы?
  • Ұмай ананың он екі қызы туралы ойың қандай ?
  • Ұмай ана қыздарына батасын беру себебі неде?
  • Ұмай ана қыздарын неге жартастарға айналдырды?
  • Неліктен автор адамдардың өз өмірінде биік тауларды, жартастарды құрметтеп тағзым етуіне бағыттады?

Қосымша №4

3- тапсырма «Эйлер шеңбері»

Қосымша №5

4- тапсырма.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу