Шығарманың жоспарын құру. В.П. Катаев «Жеті түсті желбір гүл» (ертегі) Аударған – Ә.Біржанқызы
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: Әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Болашаққа саяхат Күні: Сынып: 4 | Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г.А Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | 3.1 Шығарманың жоспарын құру В.П. Катаев «Жеті түсті желбір гүл» (ертегі) Аударған –Ә.Біржанқызы | ||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 4.3.1.1 оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру; 4.2.5.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың композициялық құрылымын (сюжеттің басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі) анықтау. | ||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен шығармадағы маңызды тұстарды анықтайды, композициялық құрылымын көрсете алады, оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтай алады; Көптеген оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын анықтауда ашық сұрақтар құрастырады, шығарманың композициялық құрылымын сұрақтар арқылы анықтай алады, оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөле алады; Кейбір оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын анықтайды, сұрақтар арқылы талдайды, салыстырады, шығарманың композициялық құрылымын өздігінен анықтай алады, оқылған шығарманы бөліктерге бөліп ат қояды. | ||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||
Тірек сөздер | Оқушылар: Бөлім тақырыбына байланысты деректерге өз ойына дәлелдер келтіру арқылы өз ойын айта алады. Өзінің болашақ армандары туралы әңгімелейді, басқа балалардың пікірлерімен ойын салыстыра алады. Суретке қарап сұрақ құрап жаза алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Тоқаш, солтүстік, шығыс, құмыра сынықтары. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Женяның қай тілегі үшін гүл күлтесін жұмсамас едің? | ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өз ісіне жауапкершілікпен қарау, бір-біріне өзара көмек, ынтымақ, ашықтық, еңбексүйгіштік қасиеттерді насихаттау | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өз ойын білдіруде сөйлемдегі сөздердің байланысын, қосымшаларды дұрыс қолдану арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады. | ||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта, үнтаспа. | ||||||||||||||
Бастапқы білім | Шығарманы түсініп оқиды, мазмұны бойынша сұрақтар қояды және оған жауап береді, шығарманы сурет немесе басқа нұсқасымен салыстыра алады. | ||||||||||||||
Сабақбарысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 минут 6-15 минут | Ширату тапсырмасы. (Ұ) «Ассоциативті қатар»ойыны. Тақтаға бөлім тақырыбына байланысты «Тілек» сөзі жазылады. Оқушыларға парақ таратылады. Бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынылады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Жазған сөздерді қатармен бірігіп оқуға ұсынуға болады. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: денсаулық, аман бол, арманыңа жет және т.б. Парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойларды қорытындыланады. Қорытындылау негізінде сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты анықталады. 1-тапсырма. Орында (Ұ) «Бір қадам алға...» ойыны. Суретке қарап, балаларға тілекті айтады, кімнің тілегін ұнағанын бағалайды. Тақтадан столға дейін жол белгілеп көрген мұғалім әр тілекке бір қадам алға жылжиды, егер суретке сәйкес келмесе болса, бір қадам артқа шегінеді. Осылай столға жеткенше, бірнеше сұрақ қадам арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырылады. Сұрақтар:
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойын еркін айтуға үйренеді. Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Оқушылармен бағалау критерийін қарастыру немесе таныстыру. Армандай білудегі даритын құндылықтар атауларына байланысты «Алшы», «Бүк», «Шік» сөздері арқылы сыныптағы оқушылардың санына байланысты топтарға бөлу. | Сөздер жазылған парақтар, Слайд №1
Слайд №2
Слайд №3 Қосымша №1 | |||||||||||||
Сабақтың ортасы 16-22 минут 23-28 минут 29-30 минут 31-34 минут | 2-тапсырма (МК, Ұ) «Моделденген оқылым» әдісі Оқушыларға «В.П. Катаев «Жеті түсті желбір гүл» (ертегі) Аударған –Ә.Біржанқызы» ертегісін оқу ұсынылады. Бұл әдісте мұғалім ертегіні өзі бастап оқып береді, оқушылар жалғастырып оқиды. Ертегіні оқып болған соң талқылау жүргізіледі. Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы мәтін мазмұны бойынша бірлесіп, тізбектеп оқуға ілесуде қиналған оқушыларға сөзбен ынтылындыру сөздері арқылы қолдау көрсетіледі. (Б) «Басбармақ» әдісі арқылы талқылау барысында оқушылардың жауабы ұжымда өзара бағалау ұсынылады. 3-тапсырма (Т) (МК) «Идея туралы ойлар» стратегиясы Оқушыларға топтасып оқылған ертегінің мазмұны бойынша түсінгеніне қарай сұрақтар құрастырып, ойларын айту ұсынылады. Әрбір топ ұсынылған «сиқырлы гүл, жеті түс, гүл күлтесі, сары күлте, қызыл күлте, қызғылт күлте, жасыл күлте» сөздері мен тіркестерін қолданып, ертегіні талдайды. Ойларына талдау жасап, пікірлерін салыстырады. Топ кеңесе отырып, өз ойын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен топ басшысы берілген уақыт ішінде (5мин) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топтың ойын жеткізеді. Жаңа тақырыпты меңгерту кезінде тура нұсқау беру мен қолдау көрсетуге көбірек көңіл бөлінеді. Тыңдалым және айтылым дағдыларын қалыптастырылады. Оқушылар сыныптағы басқа оқушыларға өз пайымдауларын түсіндіруге ынталандырылады. Саралау: «Қорытынды» тәсілі. Әр топ жаңа сөздерді әртүрлі идеялар ұсынуы мүмкін деп болжанады. Идеяларды талдау және салыстыру барысында ынталандыру және оқуға қызығушылықтарын арттыру үшін қолдау көрсетіледі. (Б) «От шашу» әдісі арқылы әр топтың жаңа сөздерге берген идеялары бағаланады. 4-тапсырма (ОТ, МК, Т,Ө) «Оқиға картасы» Әр топқа оқылған ертегі мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен шығарманың композициялық құрылымын анықтау ұсынылады. Әр топқа картаның үлгісі таратылады. Оқылған ертегі мазмұнын топтасып талқылап, оқушылар әр оқушы өздігінен берілген критерийлер бойынша картаны толытырады. Ертегіден мыналар анықталады: сюжеттің басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі
Картаны өздігінен толтыру арқылы оқушылардың өз күшіне деген сенімі артып, өз бетінше жұмыс істеп үйренген күннің өзінде де мұғалім жай ғана сырттан бақылаушы болмай, оқуға «ынталандырушы» болуы маңызды екенін ескере отырып, өз бетімен жұмыс жасау дағдысын дамытады. Саралау: «Қорытынды» тәсілі Оқушылар шығарманың композициялық құрылымын анықтауда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Ер- тегі құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады. ҚБ: Дескрипторлар бойынша бағалау. - шығармада оқиғаның басталуы мен дамуын белгілейді; - оқиғаның шиеленісуін көрсете алады; - оқиғаның шарықтау шегі мен шешімін көрсете алады. Көркем шығарманың композициялық құрылымын анықтап, парактарына белгіленген жұмыстары «смайл» әдісі арқылы бағаланады. | Қосымша №2 Слайд №4 қабырғаға ілінген ватман, түрлі-түсті маркер Слайд №5 Қосымша №3 Түсіндірме сөздік Слайд №6 Қосымша№4 | |||||||||||||
Сабақтың соңы 35-40 минут | Қорытынды. 5 тапсырма (МК; Т) «Мозайка» әдісі Әр топқа оқиға картасына сүйене отырып, оқыған шығарманы бөліктерге бөліп, ат қойып, жоспар құру тапсырылады. Талқылау барысында әр топта бір оқушы сарапшыға рөлінде болады. Топтасып жоспар құрады, кейін сарапшы басқа топтағы оқушылармен жоспарды талқылайды. Әр топтың сарапшылары бір топ болып ортақ жоспар ұсынады. Ертегі түріндегі шығармалардың жоспарының сызбасы оқушыларға беріледі: I. Кіріспе II.Негізгі бөлім: а) оқиғаның байланысы ә) оқиға шиеленісінің жеткен жері б) шешілуі III. Қорытынды Саралау. Қорытынды тәсіл бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма бірдей ұсынылғанымен жоспар құруды әр топтан әртүрлі нәтижелер күтіледі. Мазмұндау кезінде кейбір оқушыларға сөзбен қолдау көрсетіледі. (ҚБ) Оқушылардың топтасып жоспар құра алуына назар аударылады. Бірлескен жұмыстары «смайл» әдісі арқылы өзара бағаланады. Рефлексия: «Қол белгісі» Оқушылардан тақырыпты түсінгендігін немесе түсінбегендігін қол белгілері арқылы арқылы көрсетуді сұрауға болады. «Мен түсініп отырмын және түсіндіре аламын» дегендер қолдың бас бармағын жоғары бағыттайды. «Мен әлі түсінбей отырмын» дегендер қолдын бас бармағын жанына қарай жантайтады. «Мен түсінгеніме сенімді емеспін» дегендер қолды бұлғайды. Оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамытады. Осы белгілерге сүйеніп, сабақтың қай деңгейде өткенін білуге болады. Кері байланыс (нақты тақырып бойынша үлгі сұрақтар): -Нені үйренгендерін жазғызу. -Белгілі бір оқу іс-әрекетін ұнатты ма? -Олардың үйренуіне не көмектесті? -Не кедергі болды? -Келесі жолы оларға не көмектесуі мүмкін? Үйге тапсырма ретінде құрастырған жоспар бойынша шығарманың маңызды тұстарын белгілеп, мазмұндау ұсынылады. Сонымен қатар гүл күлтелеріне арнап өз тілектерін жазу тапсырылады. | Слайд №7 Қосымша№5 | |||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||
2-тапсырма. Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы мәтін мазмұны бойынша бірлесіп, тізбектеп оқуға ілесуде қиналған оқушыларға сөзбен ынтылындыру сөздері арқылы қолдау көрсетіледі. 3-тапсырма: «Қорытынды» тәсілі. Әр топ жаңа сөздерді әртүрлі идеялар ұсынуы мүмкін деп болжанады. Идеяларды талдау және салыстыру барысында ынталандыру және оқуға қызығушылықтарын арттыру үшін қолдау көрсетіледі. 4-тапсырма: «Қорытынды» тәсілі. Оқушылар шығарманың композициялық құрылымын анықтауда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Ертегі құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады. 5-тапсырма: Қорытынды тәсіл бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма бірдей ұсынылғанымен жоспар құруды әр топтан әртүрлі нәтижелер күтіледі. Мазмұндау кезінде кейбір оқушыларға сөзбен қолдау көрсетіледі. | Дескрипторлар: - шығармада оқиғаның басталуы мен дамуын белгілейді; - оқиғаның шиеленісуін көрсете алады - оқиғаның шарықтау шегі мен шешімін көрсете алады. «Басбармақ» әдісі арқылы талқылау барысында оқушылардың жауабы ұжымда өзара бағалау ұсынылады. Тыңдалым-айтылым және оқылым дағдыларының мақсаттарына сәйкес «От шашу» әдісі арқылы әр топтың жаңа сөздерге берген идеялары бағаланады. Шығарманың композициялық құрылымын анықтап, парактарына белгіленген жұмыстары «смайл» әдісі арқылы бағаланады. Оқушылардың топтасып жоспар құра алуына назар аударылады. Бірлескен жұмыстары «смайл» әдісі арқылы өзара бағаланады. | Сыныптағы оқушы үстелдері топпен жұмыс жасауға ыңғайланып қойылады. | |||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | |||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік,қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?