Оқу түрлерін қолдану. Алыптардың айтысы Б.Ысқақов. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Болашаққа саяхат Күні: Сынып: 4 | Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г.А Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | 2.1 Оқу түрлерін қолдану Алыптардың айтысы Б.Ысқақов | |||||
Оқу мақсаттары | 4.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып,сын тұрғысынан бағалап оқу; 4.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау; 4.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет,сценарий түрінде ұсыну. | |||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: шығарманы іштей саналы түрде түсініп оқиды, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, жоспар бойынша мысал құрастырып жазады. Көптеген оқушылар: сюжеттің дамуын болжауда шығарманың маңызды тұстарын анықтай отырып сын тұрғысынан бағалауды түсіндіреді. Кейбір оқушылар: шығарманың негізгі ойын түйіндеп, өмірмен байланыстыра алады. | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсат | Пәнге қатысты лексикамен терминология: электр, ғарыш, химия, ай, жай оты, Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы -Химиялық зерттеулер туралы не естідіңдер? | |||||
Құндылықтарды дарыту | Бірлесіп жұмыс істеу барысында бір-бірімен ынтымақтастық орнайды. Еңбекті бағалауды, өмір бойы білім алуды насихаттау. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Өз ойын жүйелі жеткізуде сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтайды, қосымшаларды дұрыс қолдануда қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Инт.тақта | |||||
Бастапқы білім | сюжеттің дамуын болжап, логикалық бөліктерге бөле алады. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0-5 минут | Ширату. (Ұ,Т) «Суреттер сөйлейді» әдісі. Оқушыларға тақтадан сурет көрсетіледі. Сол сурет бойынша сюжетті болжап, суретке ат қояды. Топтар өз нұсқаларын талдап, барлық сыныпқа кезекпен айтады. Сол нұсқалардың ішінен «Қызықты», «Ерекше», «Мазмұнды», «Мен үшін қызықты» деген бірнеше номинациялар бойынша марапатталады. Марапатты оқушылар өздері тағайындайды. (М.Т) Қандай іс-әрекет жасалғаны сұралады. Сабақ мақсатын айқындау: шығарманы іштей саналы түрде түсініп оқиды, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, өлең бойынша мысал құрастырып жазады. Бағалау критерийімен таныстыру. |
Слайд № 4 Қосымша №1 Слайд №2,3 | ||||
Сабақтың ортасы 6-13 минут 14-20 минут 21-28 минут 29-35 минут | 1-тапсырма (Ө) Оқушылар Келешектің ғылымы Б.Ысқақовтың «Алыптардың айтысы» өлеңін оқиды. 1. Өлеңді түсініп оқып шығуға уақыт беріледі. 2. Алдыңғы тапсырмадағы болжамың дұрыс па? барлық топпен анықтап өз пікірлерін білдіру үшін «Кезек менде» әдісі қолданылады. Оқушылар «Кезек менде» деп өз ойын кезекпен білдіреді. Саралау: қарқын тәсілі арқылы саралау жоспарланады. Тапсырманы орындау кезінде қарқыны жылдам оқушылар ескеріліп, қосымша мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыртуды ұсынуға болады. Б: «Бас бармақ» Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін. Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін. Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім 2-тапсырма (Ж,Ұ) Өлең бойынша сұрақтарға жауап бер. «Ия, жоқ» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру сұралады. Мұғалім бір оқушыға доп лақтырады. Сол оқушы мұғалім сұрағына келісетінін немесе келіспейтінін «ия», «жоқ» жауабы арқылы айтады. (Сонымен қатар ия болса допты қағып алады, жоқ болса допты кері лақтырады.)
Саралау: Қорытынды арқылы саралау. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың əрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек. Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап береді. Б: «Екі жұлдыз, бір тілек» 3-тапсырма (Ө; Ж) «Кірпіш» стратегиясы арқылы оқушылар оқылған өлеңдегі үш алыпты сиапттап, бағалайды. А4 парағына кірпіштердің суреті салынады. Салған суретіне алдын-ала өлең мазмұны бойынша алыптар аты жазылады. Жекелеп отырып, берілген алыптарға жауап беріледі. Жұптар бір-бірінің жазғандарын оқиды, бірін-бірі толықтырады. Кірпіштерге жазылған бағалауларын талқылайды. Маңызды 5 ақпарат стикерге жазылып, тақтаға ілінеді және түсіндіріледі. Үлгі: • Электр – өте күшті ток көзі, арнайы мамандар ғана жұмыс жасаса қауіпсіз, ток көзі барлық істе аса қажетті, ол бізге жарық береді. Химия- адам өзіне қажетті заттың түрін өзгертіп ала алады, ағашатан үй, матадан киім, мұнайдан – резеңке, дәрі жасайды. Адам- электр де, химия да адам көмегінсіз іске аспайды, адамда білім, оларда күш бар. Саралау: қорытынды бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді. (ҚБ)Дескрипторлар бойынша бағалау: - үш алыпты атай алды; - үш алыпты сипаттады; -үш алыпты бағалады. 4-тапсырма 1. (Ө,ЖЖ) Оқушылар жоспар бойынша мысал жазады. 2 «Еркін жазу» әдісі «Тоңазытқыштың қуанышы» тақырыбына жоспар бойынша мысал жазады. Жұмысты жеке жазуға уақыт беріледі. Жұпта талқылайды, бір – бірінің жұмысын талдайды. «Ыстық орындық» әдісі арқылы топ алдында өз жұмысын оқиды. Жоспар:
Саралау. Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі, әрүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушылар сөз тіркестерін жазуы мүмкін. Қабілеті төмен оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады. Кейбір сөздердің жазылуына мұғалім қолдау көрсетеді. Қ/Б «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады. | Слайд № 5
Слайд № 6 Қосымша №2 Плакат, түрлі-түсті маркерлер Түсіндірме сөздік Слайд № 7 Қосымша № 3 Слайд № 8 | ||||
Сабақтың соңы 36-40 минут | Рефлекция «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі. Бүгін мен сабақта... Мына тапсырмаларды орындай алдым... Менің қолымнан келмегендер... Маған... жасау керек.... | Слайд № 9 Қосымша №4 | ||||
Саралау | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
1-тапсырма. қарқын тәсілі арқылы саралау жоспарланады. Тапсырманы орындау кезінде қарқыны жылдам оқушылар ескеріліп, қосымша мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыртуды ұсынуға болады. 2-тапсырма. Қорытынды арқылы саралау. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың əрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек. Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап береді. 3-тапсырма. қорытынды бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді. 4-тапсырма. Оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады. Жетекші сұрақтар қою арқылы диалог және қолдау көрсетумен сараланады. | Дескриптор:
| |||||
Сабақ бойынша рефлексия | ||||||
Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік,қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?