Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну. «Оқу кәмпиті»Джанни Родари , аударған Ә. Біржанқызы. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Болашаққа саяхат Күні: Сынып: 4 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | 3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну «Оқу кәмпиті»Джанни Родари , аударған Ә. Біржанқызы | |||||
Оқу мақсаттары | 4.1.2.1 шығарма мазмұнын түрлі баяндау тәсілдерін (І немесе ІІІ жаққа өзгертіп, жағдаяттар қосып, оқиғаларды өрбітіп) қолданып, шығарманы қысқаша, толық, ішінара мазмұндау 4.3.3.1 шығармашылық жұмысын сызба, диафильм, презентация түрінде ұсыну | |||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: шығарманың мазмұнын өзгертіп қысқаша мазмұндай алады; шығармашылық жұмысты сызба түрінде ұсынады; Көптеген оқушылар: шығарманың мазмұнын түрлі жағдаяттар қосып мазмұндай алады; шығармашылық жұмысты сызба түрінде ұсынады; Кейбір оқушылар: вербалды емес тілдік құралдарды қолдана отырып, шығарманың мазмұнындағы оқиғаларды өрбітіп ішінара мазмұндайды, шығармашылық жұмысты сызба түрінде ұсынады;
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тірек сөздер | Жалбыз шөбі, ғаламшар, қошамет, құты | |||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық құндылығы топтық жұмыстар арқылы оқушылар бойына дарытылады. Жұптық жұмыс жасау кезінде ойын еркін айтқыза отырып, ашықтық құндылығына бағытталады. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану, қазақ тілі | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||
Бастапқы білім | Сөйлеу барысында вербалды емес тілдік құралдарды қолдана алады, шығарманың жанрлық ерекшелігін біледі. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | Ширату жаттығуы (Ұ) «Тірек сөздер»ойыны. Оқушылар кәмпит, шырын құйылған сусын, кітап суреттері ұсынылады. Оқушылар осы сөздерді қатыстырып өз ойларын жазу керек. Топтан бірнеше балаға оқыту арқылы сабақтың тақырыбын болжайды. Саралау: мағыналас сөздерді айтуға қиналған оқушыларға диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сөзбен қолдау көрсетіледі. Оқу мақсатын хабарлау: Бүгінгі сабақта біз шығарманы мазмұндауда түрлі баяндау тәсілдерін қолданамыз, шығармашылық жұмысты сызба түрінде ұсынамыз. Оқушылармен бағалау критерийін қарастыру немесе таныстыру. | Слайд №1-3 1-қосымша
| ||||
Сабақтың ортасы | 1-тапсырма (Ж,Т) «Кірпіш» стратегиясын қолдана отырып, «Оқу кәмпиті» ертегісінен өздері үшін маңызды сөздерді кірпіштерге түсіреді және пікірлерін білдіреді. Мұғалім А4 парағына бейнеленген кірпіштердің суреттерін және мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтар таратады. Кірпіш суреттеріне жекелеп отырып, мәтін мазмұны бойынша сөздерді жазады. Оқушылар сөздерді алып, жұптасып оқиды. Бір-бірін толықтырады. Кірпіштерге жазылған жауаптарын топта талқылайды. Топтарталқылау соңында ішінен 5 маңызды ақпаратты стикерге жазып тақтадағы кірпіштерге қайта іледі және түсіндіреді. Сұрақтар үлгісі:
Саралау Қорытынды тәсіл. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Топтағы қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушыға ой бөлісіп, идеясын ортаға салып көмектеседі. Оқушыларға өз ойын еркін айтуға, дәлелдеп айтуға, өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік беріледі. (ҚБ) «Басбармақ» әдісі арқылы топтық бағалау жүргізіледі. 2-тапсырма (Ө; Ұ) «Шеңбердегі әңгіме» әдісі Оқушыларға шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі баяндау тәсілдерін қолданып мазмұндау ұсынылады. Орындықтарды оқушылар бір-біріне қарап (ішкі және сыртқы) шеңберге отырады. Бір-біріне қарап отырған жұптар өтілген тақырып бойынша 5 минутта қысқаша мазмұндайды. Әрбір оқушы 100 секунд сөйлейді. Уақыттың біткенін мұғалім қызыл карточка көрсету арқылы белгілейді. Бес минут біткеннен кейін сыртқы топ орнынан тұрып жылжиды. Саралау. Диалог пен қолдау көрсету тәсілі арқылы шығарманы мазмұндауда қиналған оқушыны ойланту үшін және бірқатар жауап алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды беріле отырып, оқушылар ынталандырылады. Дескриптор:
Б. Оқушылардың бірін – бірі бағалауы. 3-тапсырма Ж. «ПОПС» формуласы. «Оқу кәмпиті» ертегісінің басты идеясы неде? Жұптағы талқылаудан соң өз ой қорытындысын «ПОПС» формуласы бойынша жазбаша түсіндіреді. Бірінші сөйлем: «Менің ойымша аңыздың басты идеясы - ....» Екінші сөйлем: «Себебі,оны былай түсіндіремін...» Үшінші сөйлем: «Оны мына мысалдармен, фактілермен дәлелдей аламын...» Төртінші сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...» ҰЖ. «2 бұрыш» әдісі. Оқушылар қалаулары бойынша өз жазғандарын оқи алады. Қалған оқушылар сыныптасының позициясына келісу/келіспеуін лайықты бұрышты таңдау арқылы көрсетеді. Саралау: Қорытынды саралау тәсілі. Бір тапсырма беріледі, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап берулері күтіледі. Қ/Б: Мен ………. деген өз ойымды өзгерттім. Мен …………. туралы көп білдім. Мені …… таң қалдырды. Мен … сездім. Мен………… басқаша қарайтын болдым 4- тапсырма (Т) «Ментальді карта» әдісі. Әр топ ертегі мазмұны бойынша сызба жасайды. Сызбаны жасауға уақыт беріледі. Саралау Қорытынды тәсіл. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Топтағы қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушыға ой бөлісіп, идеясын ортаға салып көмектеседі. Оқушыларға өз ойын еркін айтуға, дәлелдеп айтуға, өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік беріледі. Дескриптор:
Б. Жұмыс «Галерея» әдісі бойынша талданып, топтар бірін – бірі бағалайды. | Оқулық Слайд№4 2-қосымша Слайд №5 3-қосымша | ||||
Сабақтың соңы | Рефлексия: «Бастағы қалпақ» әдісі Оқушылар дөңгелене, шеңбер құрып тұрады. Музыка қосылады, сол уақытта оқушы басындағы қалпағын келесі оқушының басына кигізеді, ол келесі оқушының басына кигізеді т.с.с. Музыка тоқтағанда қалпақ кімнің басында сол бүгінгі сабақ туралы өз ойын ортаға салады. | Слайд №6 | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
1- тапсырма. Саралаудың қорытынды тәсіліне сүйене отырып, барлық оқушыларға бағытталған нұсқау беріп, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне қол жеткізуге қолдау көрсетіледі. 2-тапсырма: Диалог және қолдау көрсету тәсіліне сүйене отырып, топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі. 3-тапсырма: Қорытынды саралау тәсілі. Бір тапсырма беріледі, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап берулері күтіледі. | Дескрипторлар:
| Топқа бөлуде парта мен орындықтарды реттеп орналастыру. Электр жүйесін тексеру. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия
| ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?