Ғарышайлақ «Байқоңыр» Сырбай Мәуленов. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Ғарышқа саяхат

Сынып: 4

Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы №68 мектеп-гимназиясы

Мұғалімнің аты-жөні: Махамбетова С.А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ғарышайлақ

«Байқоңыр» Сырбай Мәуленов

Оқу мақсаттары

4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу

4.2.9.1 түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу,өңдеу және тұжырым жасау және себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету

4.3.2.1 таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Өлеңді дауыстап түсініп, мәнерлеп оқиды.

Көпшілік оқушылар: Дереккөздерден қажетті ақпаратты тауып ,өңдеп және тұжырым жасай алады.

Кейбір оқушылар: Тақырыпқа жаңа кейіпкерлер қосып, жаңа сюжеттер енгізіп, қиял-ғажайып әңгіме құра алады.

Бағалау критерийлері

  • Өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды.
  • Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қояды, жауап береді;
  • Қиял-ғажайып әңгіме құрады.
  • Сөйлемдерді қатесіз, сауатты жазады.

Құндылықтарды дарыту

Топтық, жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Сөйлемнің тыныс белгілері, сөздердің дұрыс жазылуы, сөйлемдегі сөздердің байланысы арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта,үнтаспа

Алдыңғы білімді игеру

Өлеңді мәнерлеп оқиды, сұрақтар құрастыра алады, сөздердің дұрыс жазылуын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

Топтарға бөлу:Ұшу аппараттарын таңдау арқылы топтарға бөліну

Ширату тапсырмасы: «Еден-төбе-мұрын» ойыны

 Ойынның шарты: Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және “төбе”, “еден”, “мұрын” деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.

 Сабақтың тақырыбы мен оұу мақсатын айту. Бағалау критерийлерімен таныстыру немесе бірлесе құрастыру.

Қосымша 1

ttps://www.google.com/search?q

Слайд №1-3

Сабақтың ортасы

6-8 минут

9-15 минут

16-19 минут

20-25 минут

26-35минут

Интербелсенді тақтадан видеоролик көрсетіледі

Танысу

Сырбай Мәуленов (1922-1993)- ақын, жазушы, аудармашы. Қостанай облысы Жангелдин ауданында дүниеге келген. Жазушы балаларға арналған «Барлаушы бала», «Құлыншақ», «Бала жолбарыс», «Қорқақ торпақ» т.б өлеңдер мен әңгімелер жазған.

1-тапсырма

) «Байқоңыр» өлеңін мұғалім дауыстап оқиды. Өлеңді оқушыларға оқуды тапсырыңыз. Барлық оқушы өлеңді оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделеуге жұмыс жүргізіледі. Мысалы, түсініксіз сөздер түсіндіріледі. Оқушылардың өз ой мен пікірін пысықтау үшін немесе автордың айтайын деген ойын анықтау үшін өлеңді қайта шолу тапсырылады.

Саралау: Қабілеті төмен оқушылар өлеңді оқуға қосымша уақыт беруге болады.

ҚБ «Жұлдызша»

Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату

2-тапсырма

  • Сұраққа жауап (ЖЖ) «Қар кесегі» әдісі.

1. Шығарма мазмұны бойынша топ ішінде әр жұп бағалауға негізделген сұрақтар дайындап, келесі топтарға сұрақтарын лақтырады.

2. Қағып алған топ мүшелері сол сұрақтарға жауап береді.

3. Сұрақтардың жауабын шығармадан табады.

-«Байқоңыр» бұрын қандай жер еді?

-Ақынның «Ғарыш дәуірі Байқоңырдан басталды» деуінің сыры неде?

-Өлеңде зымыран қалай суреттелген?

ҚБ. «Жарайсыңдар!», «Өте жақсы», «Керемет!» сөздерімен мадақтау арқылы бағалау

3-тапсырма

(Ө) «Поэзия минуты» әдісі арқылы өлеңді мәнерлеп оқушыларға оқыту.

Саралау.Кейбір оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуда екпіннің дұрыс қойылуын, дауыс ырғағын көрсету қажет болады. Дайындалуға қосымша уақыт беріледі. Мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі.

4-тапсырма (дәптермен жұмыс)

(Ө; Ж) Кестемен жұмысты орындаңдар. Жұмысты жеке жазуға уақыт беріледі. Жұпта талқылайды, бір – бірінің жұмысын талдайды. «Ыстық орындық» әдісі арқылы топ алдында өз жұмысын оқиды.

а)Хабарландыруды оқыңдар.

ә) «Жұлдызды қаладағы тосын жаңалық» атты тақырыпта қиял-ғажайып әңгімеге жоспар құрыңдар.

б) Мұғалімнің көмегімен жоспар бөліктеріндегі әңгіменің басталуын, дамуын, шиелінісуін ,шарықтау шегін, аяқталуын сипаттаңдар.

Саралау. Кейбір оқушылар сөз тіркестерін жазуы мүмкін. Қабілеті төмен оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады.

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»

Топтарды бағалау үдерісінде екі жұлдыз және бір тілек айтамын.

Екі жұлдыз – жұмыстарында ерекше ұнағаны

Бір тілек - жақсартуға болатыны

https://www.youtube.com/watch?v=LdMMgM4Boms

Слайд №4

Оқулық 10 бет

Қосымша 2

Слайд №5

Қосымша 3

Слайд №6

Оқулық 11 бет

Сабақтың соңы

36-40 минут

«Бес саусақ» әдісі

1.Бас бармақ-басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

2.Балалы үйрек-бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?

3.Ортан терек-ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

4.Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

5.Кішкентай бөбек-көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім

Қосымша 4

Саралау

1-тапсырмада

Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушылар өлеңді оқуға қосымша уақыт беруге болады.

3-тапсырмада

Кейбір оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуда екпіннің дұрыс қойылуын, дауыс ырғағын көрсету қажет болады. Дайындалуға қосымша уақыт беріледі. Мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі.

4-тапсырмада

Кейбір оқушылар сөз тіркестерін жазуы мүмкін. Қабілеті төмен оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады.

Бағалау

«Жұлдызша» әдісі

«Жарайсыңдар!», «Өте жақсы»,«Керемет!» өздерімен мадақтау арқылы бағалау

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Дескриптор

  • Өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды.
  • Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қояды, жауап береді;
  • Қиял-ғажайып әңгіме құрады.
  • Сөйлемдерді қатесіз, сауатты жазады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топпен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік,қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу