Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру. «Жұлдыз тойы» Оразақын Асқар. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Ғарышқа саяхат

Күні:

Сынып: 4 сынып

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру

«Жұлдыз тойы» Оразақын Асқар

Оқу мақсаттары

4.1.5.1 өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру.

4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу

4.3.2.1 таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: өз ойы мен сезімін шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып жеткізеді және өлең (төрт жол) жазады.

Көптеген оқушылар: ұйқас бойынша өлең жазады, мәнерлеп оқиды.

Кейбір оқушылар: ойларын жеткізу барысында өзіндік пікірін дәлелдер арқылы ұсына алады.

Бағалау критерийлері

-өз ойы мен сезімін шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып жеткізеді;

-өлеңді мәнерлеп оқиды;

-шығарма мазмұны бойынша өлең жазады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология: батыс, оңтүстік, солтүстік, география, еуропа

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

1. Ғаламшар саны нешеу? Аттарын ата.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар тапсырмаларды топта және жұпта орындау барысында бір-біріне құрмет көрсетеді.

Өзара ынтымақтастықта болады.

Пәнаралық байланыстар

Көркем-бейнелі сөздерді қолданып, өз ойын білдіруде сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтау кезінде қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Көркем-бейнелі сөздерді біледі, өлең жаза алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ширату жаттығу. «Жаңылма» ойыны. Жаңылтпашты жатқа айту.

Ғарышкер ұшты ғарышқа,Ғарышқа ұшты ғарышкер,Айтшы, ғарыш алыс па?

Сабақ мақсаты: өлеңдегі көркем-бейнелі сөздерді тауып, өз ойы мен сезімін сол сөздерді қолдана отырып жеткізеді және өлең (төрт жол) жазады. Бағалау критерийін бірлесе құрастыру немесе таныстыру.

Слайд № 1-3

1-қосымша

Сабақтың ортасы

1-тапсырма

(Ө,Ұ) О.Асқар «Жұлдыз тойы» өлеңін тыңдайды.

  • Мұғалім өлеңді 2-3 қайтара оқып береді. (МТ)
  • Оқушылар мұғалім оқып отырғанда ғаламшарлардың атын жазып отырады. (Ұ,Т,ЖЖ).
  • Тізімнің ішінен дұрыс деп есептеген сөздердің үшеуін мұғалімге тапсырады.

Саралау: «Қарқын» тәсіліне сүйене отырып, топ ішіндегі негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі. Қарқыны жылдам оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, қосымша тапсырма ұсынуға болады.

(ҚБ): «Бас бармақ» әдісі арқылы әр топ бір-бірлерінің жауаптарын бағалайды.

2-тапсырма

(МК, Ж) «Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі. Өлеңнен анықтаған сөздерді қатыстырып, өз ойың мен сезімің бойынша өлең мазмұнын қысқартып айт

1.Өлеңнен анықталған үш сөз тақтаға жазылады:

Ай, ғарыш, тіршілк

2.Осы атауларға қатысты мынандай сұрақтарға жауап бер:

  • Қайда? Бұл сөздерді сен бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едің?
  • Қалай? Өлеңде осы сөздерді неге қолданғанына мысалдар келтіре аласың ба?
  • Қандай? Осы өлең бойынша өз ойың мен сезімің қандай?

3.Мұғалім бірнеше оқушының пікірін тыңдайды.

Саралау: сұрақтар қойып бір қатар жауаптар алу үшін «диалог және қолдау арқылы» сұрақ қоюда қиналатын оқушыларға көмек көрсетіледі.

(ҚБ): Ауызша мадақтау. Жарайсың! Тамаша! Керемет! сөздерін айту арқылы бағаланады.

3-тапсырма

(Ө) «Поэзия минуты» әдісі арқылы өлеңді мәнерлеп оқушыларға оқыту.

Саралау: оқушылардың қажеттіліктеріне қарай қолау беріледі.

Дескриптор:

-өлеңді мәнерлеп оқиды;

- сөздерді қатесіз дұрыс оқиды;

-сөздер мен сөз тіркестеріне екпінді дұрыс қояды.

ҚБ «Смайликпен» бағалау әдісі. Оқушылар бірін – бірі бағалайды.

4-тапсырма

(Т) Модельдеу әдісі.

«мекені», «қазақ жері», «Байқоңыр» деген сөздерді қатыстырып, үлгі бойынша өлең құрастыр. (ғажап, Байқоңыр, ғарышкерлер, жерім) Оқушылардың алдына маркер және өлең сөздері жазылған флипчарт беріледі. Флипчартта үлгіні ұсынылады. Бос орынға сөздерді қойып, өлеңді құрастыру тапсыралады.

Байқоңыр

–––––––––––––– мекені,

Қазақ жері ––––––––––––––.

Қай жер саған жетеді,

______ __________Байқоңыр!

Құрастырған өлең нұсқасы.

Ғарышкерлер мекені,

Қазақ жері Байқоңыр.

Қай жер саған жетеді,

Ғажап жерім Байқоңыр!

.

Есентай Ерботин

2. Құрастырған өлеңдерін басқа топтарға береді, топтар өлең сөздерін дұры немес қате қойғандарын тексерді. «Таңба» қояды.

Саралау: Диалог пен қолдау көрсету тәсілі бойынша өлең жазуға қиналған оқушыны ойланту үшін және бірқатар жауап алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды беріле отырып, оқушылар ынталандырылады.

Дескриптор:

  • сөздерден өлең жолын құрастырады;
  • өлеңнің ұйқасын сақтайды.

(ҚБ): «Таңба қою» «Өте жақсы»- тапсырманы жоғары деңгейде орындағанда қойылады, «Жақсы» - жақсы орындағанда қойылады, «Талпын» - орташа деңгейде орындағанда қойылады түрлі түсті таңбасымен бағалау.

Оқулық

Слайд № 4

2-қосымша

Слайд № 5

3-қосымша

Сабақтың соңы

37-40 минут

Рефлексия: «Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті. Оқушылар алдын-ала дайындалған плакатқа өздері таңдаған баспалдаққа стикерлер (қалауынша түсіндірмесімен) жабыстырады.

1- Баспалдағы МЕН .....БІЛЕМІН

2- Баспалдағы МЕН .....ТҮСІНЕМІН

3-Баспалдағы МЕН ......ҚОЛДАНАМЫН

Слайд № 6

4-қосымша

Сатының суреті, стикер

Саралау: «Қарқын» тәсіліне сүйене отырып, топ ішіндегі негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі. Қарқыны жылдам оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, қосымша тапсырма ұсынуға болады.

2-тапсырмада сұрақтар қойып бір қатар жауаптар алу үшін «диалог және қолдау арқылы» көмек көрсетіледі.

4-тапсырма Диалог пен қолдау көрсету тәсілі бойынша өлең жазуға қиналған оқушыны ойланту үшін және бірқатар жауап алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды беріле отырып, оқушылар ынталандырылады.

Дескриптор:

1.Өлеңді тыңдайды.

2. Өз ойы мен сезімі бойынша өлең мазмұнын қысқартып айтады.

3.Сұрақтарға жауап береді.

4. Өлең құрастырады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дәрісханада жұмыс ережелерін сақтау. Оқушылардың дұрыс отыруын қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу