Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау. «Бір ауылдың бағбаны» Жеткерген Әбдірейұлы. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.
1-қосымша
«Бір ауылдың бағбаны»
Қызарып батқан күн қандай әдемі. Ұзақбай ұясына енгенше қимай ұзақ қарап тұрды. Батырлар жырынан оқыған «Таң бозарып атқанша, күн қызарып батқанша» деген эпос жырының тіркесі ойына тағы оралды.
Ұзақбайдың табиғатқа жақындығын класс жетекшісі Бейсенкүл апайы да біледі. Өткен көктемде бағындағы жеміс ағаштары шие, сары өрік, алма, жүзімнің көшеттерін ауласына өз қолымен отырғызды. Бұл ұсынысты Ұзақбайдың өзі айтып еді, апайы мақұлдады. Тәрбие сағатында жасыл желек жайлы болған әңгімеде «Кімнің үйінде қандай жеміс ағаштары өседі?» деген сұраққа Ұзақбайдан шығарманың жауабын жазған бала болған жоқ.
Ауылға ең алғаш жеміс ағаштарын Сарыағаштан әкеліп еккен де Ұзақбайдың әкесі Әскербек марқұм еді. Төбенің үстінде қоныстанған ауылға су қайдан келсін. Есек арбамен тасып екі-үш жылда мәулетті. Жылда көктем мен күзде қосалқы бұтақтарын қиып тастауды да үйренді. Қиғанда оны сұраушы, қарт адамдарға береді. Сенбегендіктен емес егіудің мәнісін білмес деп өзі барып отырғызады. Ақы-пұл да дәметпейді. Егу әдісін жақсы меңгерген. Әуелі жерді төртбұрыштап қазып, қопсытып топыраққа сиырдың қиын араластырып барып көмеді. Содан соң су құйып, қиылған бұтақтың басына саз балшық жапсырады.
Жақында Моңғолиядан көшіп келген Бәделхан атаның шарбағына кластастарын ертіп барып егіп берді. Сондағы атайдың қуанғанын көрсең. «Туған жердің топырағын түлететін ұрпақтарым бар екен» деп бір жасып қалды.
Біреу үйретіп қойғандай: «Жалғызілікті кісілерге көмектесу керек» - деп қояды.
Ұзақбайды ауылдастары «Ұзақбай бағбан» деп атайды.
Жеткерген Әбдірейұлы
2-қосымша
3-қосымша
Ұзақбайдың іс-әрекеті мен мінез- құлқының өзгеру себептерін анықта.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?