Көркем шығарма элементтерін салыстыру. «Ормандағы оқиға» Қайекеней Жармағамбетов. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған ортаны қорғау Күні: Сынып: 4 | Мектеп: Қарағанды қ. Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | 2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру «Ормандағы оқиға» Қайекеней Жармағамбетов | ||||
Оқу мақсаттар | 4.2.8.1 эпизодтар мен оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдау және салыстыру 4.3.2.1 таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу | ||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдау және салыстыру біледі. Көптеген оқушылар: оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдау және салыстыруда өзіндік пікір ұсына алады, таныс мәтінге кейіпкер қосыды. Кейбір оқушылар: әңгіменің негізгі идеясын сақтай отырып кейіпкер қосып, жаза алады | ||||
Бағалау критерийлері |
| ||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: сыриған, тып-типыл Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Әңгіме не жөнінде? Сенімді ақтау дегенді қалай түсінесің? | ||||
Құндылықтарды дарыту | Жұппен жұмыс барысында оқушылардың арасында ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптасады. Жеке жұмыс жасау барысында еңбек ету және шығармашылық құндылықтары қалыптасады. Тапсырманы орындай отырып, тақырыпты өмірмен байланыстырады. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Кейіпкер қосып жазу кезінде қазақ тілінен алған біліміне сүйенеді. | ||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақтадан көрнекі суреттер беріледі. | ||||
Бастапқы білім | Оқиғаның маңызды тұстарын талдап және салыстырып анықтай алады | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0-5 минут | Ширату: (Ж) «Сұрақтар мен жауаптар» әдісі 1. Жұптар қарама-қарсы тұрып, бір-біріне 10-15 секундтай қарап алады. 2. Сырт айналып, бір-біріне арқаларын түйістіріп тұрады. 3. Теріс қарап тұрып адында тұрған сыныптасы туралы сұрақ құрастырып жұбына қояды. Жұбы сұрақтарға жауап береді. Сабақ мақсатын анықтау: оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдау және салыстыру, мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу | Слайд № 1-3 | |||
Сабақтың ортасы 6-14 минут 15-23 минут 24-30 минут 31-36 минут | 1-тапсырма (Ұ) «Ұшақ» әдісі. Мұғалім ұшырған ұшақ алдына қонған оқушы сұраққа жауап береді. Сұрақтар: 1.Қандай ағаштарды білесің? 2.Олар қайда өседі? 3. Ағаштардан қандай заттар жасалады? Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы оқушыға сұрақ қою арқылы қолдау көрсетіледі. Б. өзін-өзі сипаттай алған оқушылар сабаққа уәждерін арттыру үшін мадақтау сөздері арқылы бағаланады. 2-тапсырма (Ө). «Ормандағы оқиға» әңгімені оқушылар жеке оқиды. 1. Әңгімені оқып отырған кезде бір оқушыға «стоп кадр» деген белгі немесе сигнал беріледі, сол оқушы оқып отырған әңгімені тоқтаған жерінен түсінгенін айтады. 2. Әңгіме аяқталғанша осылай кезекпен жалғасады. 3.Барлық оқушылар оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделеуге жұмыс жүргізіледі, мысалы: түсініксіз сөздерді түсіндіріледі ( мүлгіп, дойыр,олжалы, іргесін аулақ салып) 4. Оқушылардан өз ойларын, пікірлерін пысықтау үшін немесе автордың жазғанын ой елегінен өткізу үшін әңгімеге шолу тапсырылады. Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қойылады. -Ағаштардың бір – бірімен ренжісуіне не себеп болды? -Тобылғы қайыңға қандай әңгіме айтты? -Қарағаш неге ашуланды? 5. Қажеттілігіне қарай мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қойылады. Саралау: қарқын тәсілі арқылы cараланады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі. Б: «От шашу» әдісімен өз жұмыстарын бағалайды. 3-тапсырма (ЖЖ) «Шахмат» әдісі. 1. «Шахмат» әдісінде әр топ оқушыларына шахмат тақтасының суреті бейнеленген тақта-парақтар таратылады. 2.Оқушылар тақтаны пайдалану арқылы бос ақ ұяшықтарға әңгімедегі оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдап және салыстырп кезекпен жазады. 3.Жазып болғаннан кейін ой бөлісіп, оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстары туралы әңгімелейді. -Шығармадағы ағаштардың аттарын ата. -Тобылғының суыт жүрісін, әрекетін әңгімеле. Оған баға бер. -Әңгіменің қорытынды бөлімін оқып, оның себебін дәлелде. -Осы әңгімедегі оқиғаға талдау жаса, қорытындыла және баға бер. -Қарағаш, қайың, тобылғы, сексеуілді мәтінге сүйене отырып сипатта. 4.Соңында әр топ өз тақтасына сүйене отырып, маңызды ақпарат туралы ой бөліседі. Саралау: орындау барысында диалог және қолдау көрсету тәсіліне сүйене отырып, топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі. Б: «Күншуақ» Оқушылар жұппен жұмыс жасау барысында талқыланған мәліметтердің түсінгендігін былай көрсетеді: Барлығын түсінсе - күнді Жартылай түсінсе – күн мен бұлтты Ештеңе түсінбесе – бұлтты 4 - тапсырма (Т;Ұ) Мәтінге жаңа кейіпкер қосып жазу. 1. Оқушылар әңгімеге жаңа кейіпкер қосып жазады. 2. Жазғандарын автордың орындығына отырып, сыныпқа оқып береді. 3. «Ең үздік» номинация анықтап, бағаланады. Саралау: қорытынды тәсілі арқылы сараланады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, түсінгендеріне көз жеткізу. Қ/Б: «Білім ағашы» Әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар: жасыл – «барлығын дұрыс істедім» сары – «қиындықтар болды» қызыл – «көп қателестім» | Түрлі-түсті стикерлер Слайд № 4 Қосымша № 2 А3 форматындағы шахмат суретінің үлгісі: Слайд № 5 Қосымша № 2 | |||
Сабақтың соңы 37-40 минут | Рефлексия: «Бес саусақ» Бас бармақ – бүгігі сабақ ұнады Балан үйрек – басқаларға көрсеткен көмегім Ортан терек – менің көңіл күйім Шылдыр шүмек – Не істедім? Неге жеттім? Кішкене бөбек – Менің тілегім | Слайд № 6 Қосымша № 3 | |||
Саралау 1-тапсырманы диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы оқушыға сұрақ қою арқылы қолдау көрсетіледі. 2-тапсырманы қарқын тәсілі арқылы cараланады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі. 3-тапсырманы орындау барысында диалог және қолдау көрсету тәсіліне сүйене отырып, топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі 4-тапсырманы орындау барысында қорытынды тәсілі арқылы сараланады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, түсінгендеріне көз жеткізу. | Дескриптор
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Сабақ бойынша рефлексия | |||||
Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?