Жануарлардың сипаты. Дуадақ Қ. Жармағамбетов. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Пән: әдебиеттік оқу

Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы, №76 мектеп - лицей

Бөлім: Қоршаған ортаны қорғау

Мұғалімнің аты – жөні: Саирова Б.Б.

Сынып: 4

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың түрі

Саяхат сабағы

Сабақтаың тақырыбы

Жануарлардың сипаты

Дуадақ Қ. Жармағамбетов

Оқу мақсаттары:

4.2.6.1 кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау;

4.3.2.1 таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, кейіпкерлерін анықтайды.

Көпшілік оқушылар: кейіпкерлердің іс – әрекетін салыстырады, мәтіннен дәлелдер келтіреді, мәтінгежаңа оқиға қосуға талпынады.

Кейбір оқушылар: кейіпкерлердің іс әрекетін салыстырып бағалайды, өмірмен балйныстырып өз ойын дәлелдейді, мәтінге жаңа оқиға қосып шығармашылық жұмыс жасайды.

Бағалау критерийлері

-әңгімені түсініп оқиды;

-кейіпкерлерін анықтайды;

-кейіпкерлердің іс – әрекетін салыстырады және бағалайды;

-мәтінге жаңа оқиға қосады;

-қатесіз жазады

 Тілдік мақсаттар:

 Оқушылар:

Жануарлар тіршілігін , дуадақты сипаттайды.

Пәндік лексика және терминология: жануарлар, тіршілік, дуадақ, Қызыл Кітап.

Диалог/жазылымға арналған сөз тіркестері:

Қызыл кітап не үшін қажет?

Жойылып бара жатқан құстарға қалай қамқорлық жасай аламыз?

Қолданылатын ресурстар

маркер, белгілер , слайд, суреттер, көңіл-күйлер термометрі;

Құндылықтар

Жауапкершілік,белсенді азаматтық ұстаным таныту және қоршаған ортаға қамқорлық жасауға баулу;

Бастапқы білім

Жануарлар, құстар туралы біледі.шығарма кейіпкерлерін таба лады және оларға мінездеме береді, салыстырады.

АКТ қолдану дағдылары

Бейнежазба көруде . Автор туралы мәліметтерді іздестіруде қолдану;

АКТ

Ноутбук, теледидар, Bilimlend, интербелсенді тақта

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, жаратылыстану

Сабақ

кезеңдері

Жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

І.Ұйымдастыру

-Қайырлы күн, қымбатты оқушылар!Алдымен мына суреттерге қарайық.

1.«Артығын тап» ойыны. Оқушыларға суреттер ұсынылады.

- Артық затты тауып айтады;

- Неліктен артық екенін дәлелдейді;

2.Проблемалық сұрақ.

Мұғалім: Тамаша! Ендеше сабағымыз не жайында болды? Неліктен?

-Бүгінгі сабағымыз жануарлар туралы болады деп ойлаймын.

Мұғалім: Дұрыс айтасыздар! Ендеше оқулығымызды ашып, тақырыпты оқиық.

- Жануарлардың сипаты.

3. Біліміңді қолдан

Мұғалім: « Айлакер түлкі» қазақ ертегісіндегі кейіпкерлерді атайық. . /00.00-03.00/

  • Арыстан
  • Жолбарыс
  • Қасқыр
  • Аю
  • Түлкі
  • Қоян

Мұғалім: Осы ертегідегі ең қу жануарды ата

-Түлкі

Мұғалім: Неліктен олай ойлаймыз?

-Ол арыстанды да, аюды да, қасқырды да, жолбарысты да алдады.

4.Пікір алмасу /кестемен жұмыс/

1) Қасқыр бөлтірігін қорғай ма?

2) Қаз балапанын қорғау үшін не істейді?

3) Түлкі шынымен ертегі, мысалдағыдай қу ма?

4) Құмырсқа әңгімеде жазылатындай еңбекқор ма?

5) Әлсіз жануарларды қорғауға көмектесіп көрдің бе?

Дескриптор:

- Сұрақтарға жауап береді;

- Олардың іс-әрекетін бағалайды;

ҚБ: «Ду қол шапалақ»

5.Сабақ мақсатын болжау. Бағалау критерийлерімен тансытыру.

Мұғалім: Ендеше, бүгінгі сабақтың мақсатын болжап көрейік

  • Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалаймын.
  • Шығармашылық жұмыс жасаймын.

Мұғалім: Балалар, ендеше бүгін жануарларды сипаттап, олардың іс-әрекетін бағалауға, шығармашылық жұмыс жасауға дайынбыз ба?

- Дайынбыз.

Мұғалім: Көңіл-күйіміз қалай?

ҚБ: «Бас бармақ»

Мұғалім: Ендеше қазіргі көңіл-күйімізді көңіл-күйлер термометріне белгілейміз.

Оқушылар алдарындағы көңіл-күйлер термометріне өз көңіл-күйлерін белгілейді.

Мұғалім: Тамаша!

Сергіту Жоғары болсын бағамыз /оқушылар хормен айтады/

                                     Білімнен бақыт табамыз

                                     Жануарларды танып білуге

                                     Даланы шарлап барамыз.

Слайд 1

https://www.youtube.com/watch?v=qpbhfw6mMS0

Слайд 4

Слайд 1-3

Слайд 4

Слайд 7

Слайд 8

Сабақтың ортасы

27 минут

« Дуадақ құсы» бейнефильмі ./ 02.00-04.20/

Дескриптор:

- Дуадақ туралы тыңдайды;

- Олардың іс-әрекетін бағалайды;

ҚБ: «Ду қол шапалақ»

(Ө) «Дуадақ» мәтінін түсініп оқиды.

Мұғалім:

* Мәтінді тізбектеп мәнерлеп оқып шығамыз.

* Түсініксіз сөздер кездессе астын қарындашпен сызамыз.

Дескриптор:

- Мәтінді түсініп мәнерлеп оқиды.

- Түсініксіз сөздердің астын қарындашпен сызады.

ҚБ: «Бас бармақ»

Мұғалім: Қандай түсініксіз сөздер кездесті?

Сөздік жұмыс / Дәптерге жазады/

Даңғыл жол – бөгетсіз, кедергісіз кең жол.

Мекиен дуадақ – ұрғашы дуадақ.

Бәйек болу – жаны қалмай құрақ ұшу.

Қанатын қомдау – қанаттарын ұшуға ыңғайлау.

(Т)1-топ. Мәтіндегі кейіпкерлерді атайды

  • Дуадақ
  • Дуадақтың балапаны
  • Қалтай
  • Агроном Бектемір
  • Автор немесе жазушы

 2- топ. Жазушы дуадақтың сыртқы бейнесін қалай сипаттаған? Дуадақ туралы мәлімет жина.

 -Шөл еркесі, сескенуді білмейтін алып дуадақ.

 

 3, 4 -топ. Құстың балапанын қорғау сәтін тауып, оқы.

 - Бізден көз алмай отырған дуадақ бір сәт қанатын қомдап, ызбарлы үнмен ысылдап, өзімізге қарай тұра жүгірді. Қалбай екеуі бір-біріне айбат шегіп, жағаласа кеткелі тұрған тентектей арбаса қалды.

 - Дуадақ маған айбат шеге бастағанда Қалбай балапанды жерден көтеріп алып, қос уысында ұстап, ана дуадаққа қарады. Қас қаққандай болған жоқ, маған қарсы ысылдап тұрған дуадақ сәуледей жалт етті де шегіне беріп, оңға қарай атылды.

 -    Мекиен дуадақ ысылын үдетіп, бірнеше рет көтеріле ұмтылып, баласын алып қалуға әрекет етті.

 5-топ. Әңгімені оқығанда өзің қандай сезімде болдың?

 -Балапанды аядым

 -Қызық болды

 -Дуадақтың қылығына таң қалдым

 -Қалтайды жек көрдім

Дескриптор:

- мәтін бойынша сұраққа жауап береді;

- кейіпкерлерін анықтайды;

- өз пікірін білдіреді және бағалайды.

 Пікір алмасу

Мұғалім: Дуадақ мәшиненің артынан ұмтылмағанда балапанынан айрылуы мүмкін бе еді?

  • Иә
  • Бектемір жеңімнен тартып: «Қарашы!» – деді.​   Терезеге үңілсем, әлгі мекиен дуадақ кейде қанатын жайып көтеріле түсіп, көбіне безек қағып жүгіріп, мәшинемен қапталдаса жарысып келеді екен.​
  • Бектемір таусыла сөйлеп, Қалбайды көндірді.

Бағала

  • Дуадақ - қандай құс?
  • Мәтіндегі қай кейіпкерге мінездеме берер едің?

Дескриптор:

- Сұраққа жауап береді.

- Таңдаған кейіпкерге мінездеме береді.

ҚБ: оқушылар өзін -өзі бағалайды.

Шығармашылық жұмыс №2 жұмыс дәптерінің 24 бетіндегі тапсырма

1) Дуадақтың балапанын құтқару үшін жасаған әрекетін немен теңестірер едің?

-Ананың балаға деген махаббатына теңер едім.

2) Тіркесті қалай түсінесің?

Аспан айналып жерге түскендей...

- Ыстық күн.

3) «Дуадақ» әңгімесіндегі жүргізуші Қалтайға қандай сұрақтар қойғың келеді?

- Өзіңіздің анаңыз бар ма?

- Сіздің отбасыңыз бар ма? Болса балаңызға біреу тиіссе не істер едіңіз?

- Жануарларды жақсы көресіз бе?

- Балапанды үйге апарып, өсірейін дедіңіз бе?

Дескриптор:

- Сұраққа жауап береді, жазады.

- Сұрақтар қояды, жазады.

ҚБ:Алақай! Жарайсың! Әттеген-ай! белгісімен екі жұп бір-бірін бағалайды.

(ЖЖ) Кестедегі сөйлемдерді сәйкестендір. /Дәптерге жазады/

«Дуадақ» әңгімесінің авторы

Дуадақ

Наурызым, Қорғалжын, Үстірт қорықтарында қорғалады.

Қайнекей Жармағамбетов

Дуадақ жойылып бара жатыр.

Жыл құсы

Дескриптор:

  • Кестедегі сөйлемдерді сәйкестендіреді.
  • Бір-бірін тыңдайды, бағалайды.

ҚБ: «Ду қол шапалақ»

Сторителлинг «Қосымша ақпарат»

Дуадақ (лат. Otis tarda) — тырнатәрізділер отрядының бір тұқымдасына жататын құс. Шығу тегі жөнінен тырналарға ұқсас болғандықтан оларды бір отрядқа жатқызады. Дене тұрқы тауыққа ұқсас. Дуадақ — үнсіз әрі сақ жүретін құс. Құрлықта жүруге, жүгіруге бейімделген үш бармағы болады. Салмағы 4 — 11 кг, ірілері 20 кг-ға жетеді.[2] Шөл,шөлейт далада мекендейді.Дуадақтар жасағында 24 түр бар,Қазақстанда олардың үш түрі бар: безгелдек, жорға дуадақ, дуадақ (Otіs tarda). Дуадақтың қауырсыны тығыз келеді, мойны қысқа әрі жуан. Қанатының ұзындығы 570 — 670 мм. Құйымшақ бездері болмайды. Қауырсындарының түсі ашық қоңырқай, ұсақ қара жолақтары бар. Қазақстанның оңт.-шығысындағы шөлейтті далада, тау бөктерінде топтанып, кейде жекелей тіршілік етеді. Дуадақ — жыл құсы. Көктемде ұшып келеді де, қазан — қараша айларында жылы жаққа ұшып кетіп, Мекиендері 2 — 3 сарғыш, тарғыл жұмыртқасын жердегі ұяларына салады, оны 20 — 30 күндей шайқайды. Балапандары ширақ болады. Дуадақ өсімдіктермен, кейде ұсақ жәндіктермен де қоректенеді. Қазір дуадақтың үш түрі де қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Олар Қорғалжын, Наурызым, Үстірт қорықтарында қорғалады.

ҚБ: «Ду қол шапалақ»

https://www.youtube.com/watch?v=lMNvrR3Nfw0

Слайд 8

Слайд 9

Слайд 10

Слайд 11

Балаларға арналған энциклопедия: «Ол кім? Бұл не?»

Слайд 12

Слайд 13

Суреттер

Слайд 15

Слайд 14

Сабақтың соңы

5 минут

(Ө) Мәтінге жаңа оқиға қосып , шығармашылық жұмыс жазады.

Дескриптор:

-мәтінге оқиға қосады;

-ойын жүйелі жеткізеді;

-қатесіз жазады.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағаланады.

Слайд 16

Рефлексия

  • Минут

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» дегендей, бүгінгі сабақтан түйгенімізді стикерге жазып, ағашқа жапсырамыз:

- Жойылып бара жатқан дуадақты қорғау;

- Құс екеш құс та өз балапанын қорғайды.

-Табиғатты қорғау- ол адамды қорғау деген сөз.

- Адамдық қасиеттерден айрылмауымыз керек.

-Экологияны сақтау үшін айналаны таза ұстау керек ; т.б. пікірлер болуы мүмкін.

Көңіл-күйді бағалау

Мұғалім: сонымен, бүгінгі мақсатымыз орындалды ма?

-Онда, сабақ соңындағы көңіл-күйіміз қандай?

Үй тапсырмасы

Қалтайға дуадақ атынан хат жаз.

Ағашқа жапырақтан стикер жапсыру

Алдарындағы көңіл-күйлер термометріне өз көңіл-күйлерін белгілейді.

Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Бағалау парақтарымен

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу