Жердің жүрегін тыңдайық. «Жер» ғаламшарына қамқорлық жасаймыз. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
| Мұғалім: Нұр-Сұлтан қаласы, №76 мектеп- лицей Момбек А. | ||||||||||||||||
Сынып:4 | Қатысқандар саны | Қатыспағандар саны | |||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Жердің жүрегін тыңдайық «Жер» ғаламшарына қамқорлық жасаймыз | ||||||||||||||||
Сабаққа негізделген оқу мақсаты | 4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, таныстырылым, бейнежазба жасау 4.3.2.1 таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу 4.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп оқу, теріп оқу, шапшаң оқу | ||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, сөйлеу барысында иллюстрациялар қолдана алады. Көптеген оқушылар: түрлі жанрда шығармашылық жұмыс істей алады,сөйлеу барысында фотосуреттер қолдана алады, жаңа сюжеттерді құрастыра алады. Кейбір оқушылар: өз пікірін шығармашылық жұмыстар арқылы көрсетеді. | ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | -сөйлеу барысында иллюстрациялар қолданады; -шығарманы түсініп оқиды; - сұрақтарға жауап береді; - шығармаға жаңа сюжеттер қосады. | ||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тілдік дағдылар.Терминология. Сөз тіркестері: Ғаламшар,электростанция,техника | ||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Адамгершілік, еңбекқорлық. | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, қазақ тілі | ||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | https://imektep.kz/kz/zher; https://www.youtube.com/watch?v=eLPTcUfPkAM | ||||||||||||||||
Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім | Ғаламшар туралы алғашқы білімдері бар | ||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы | Зейінін шоғырландыру» Психологиялық ахуал туғызу. Даламдай кең пейілім (құшақтарын ашады). Жүрегім толы мейірім (жүрек тұсын қолымен ұстайды). Мен үшін жоқ уағың (қолымен кіші дегенді көрсетеді). Бəріңе ортақ шуағым (екі қолын көтереді). Қалай ойлайсыңдар, жер ғаламшарында қандай экологиялық мәселелер бар? Жерді қалай сақтауға болады? Оқушылардың пікірін білу. -Неліктен жер тақырыбы туралы ой бөлістік деп ойлайсыңдар? Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарымен таныстыру. Бағалау критерийлерін бірлесе құрастыру немесе таныстыру.
| қосымша №1 слайд № 1-4 | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы | 1. (Ж) Оқушыларға «Жер ғаламшарына қамқорлық жасаймыз» мәтінді оқу ұсынылады. - мәтінді зерделеп жеке оқиды; - сұраққа жауап береді. 1.Жер ғаламшарының басты мәселесі туралы мәтінде не айтылған? 2. Адамға жылу көздерінің қайсысы ыңғайлы, қолайлы деп ойлайсың? Дескриптор:
Б. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы. 2. (Ж;Т) «Ойлан, Жұптас, Бөліс» әдісі арқылы ойларын дәлелдейді. Ғылым мен техника Жер ғаламшарының мәселесін шешумен қалай айналысады? Суретті қолдана отырып, өз ойларын дәлелдейді. Дескриптор:
3.(Ж) «Ашық микрофон» әдісі арқылы оқушылар сұраққа өз ойларын айтады. -Электр қуатынсыз өмір сүруге бола ма? -Отбасың айына қанша электр қуатын қолданады? -Электр қуатын үнемдеу үшін не істеуге болады? Электр қуатын үнемдеуге байланысты https://www.youtube.com/watch?v=eLPTcUfPkAM бейнебаян көрсетіледі. Кесте толтыру ұсынылады.
Дескриптор: -сұрақтарға жауап береді; -өз ойын айтады; -өмірмен байланыстырып қорытынды жасайды. Б. Оқушылар өзін – өзі бағалайды. 4. (ЖЖ) Электр мен Көмірдің атынан айтыс ұйымдастырыңдар.Үшінші кейіпкерді қос және оның сөзін жаз. Оқушыларға дайындалуға уақыт беріледі. Саралау: тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт берілуі қажеттілігі ескеріледі, кейбіреуіне мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі. Дескриптор: - кейіпкерлердің атынан диалог құрастырады; -кейіпкер қосады; -қосылған кейіпкердің ойын жазаады. Б.Мұғалімнің бағалауы. | Оқулық Слайд№6 Қосымша №2 Слайд№7 https://www.youtube.com/watch?v=eLPTcUfPkAM слайд№8 3-қосымша Слайд №9 4-қосымша | |||||||||||||||
Сабақтың соңы | «Рефлексиялық шеңбер» Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.
Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен? | Слайд №10 | |||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз? | Тапсырма бойынша саралау беріледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді. | ||||||||||||||||
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз? | Оқушылардың өзін – өзі бағалауы Дескриптор: - шығарманы түсініп оқиды; - сұрақтарға жауап береді; - сөйлеу барысында суреттерді қолданады; - өз ойын білдіруде ым- ишара қолданады. - кейіпкерлердің атынан диалог құрастырады; - кейіпкер қосады; - қосылған кейіпкердің ойын жазаады. | ||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? | |||||||||||||||||
Қорытынды бағамдау | |||||||||||||||||
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері,қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек? 1. 2. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?