Шығармадағы оқиғаны болжау. Ормандағы оқиға. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, нұсқаулық.


Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Табиғат құбылыстары

Сабақ тақырыбы1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау. Ормандағы оқиға

Оқу мақсаттары

4.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау;

4.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу және түзету.

Бағалау критерийлері

Кейіпкердің іс-әрекетіне қарап мінез-құлқына баға береді;

Оқиғаның негізінде сюжеттің дамуын болжайды;

Шығарманың құрылымын жетілдіреді.

Тірек сөздер: Ақ қайың, шыбын өледі, бұтаұтары сынды, сілкіп тастау, мінездері дойыр.

Сабақ барысы

І. Сабақтың басы

1-5минутТопқа бөлу: Ағаштар атаулары арқылы топтарға бөлінеді

1-топ «Қарағаш»

2-топ «Қайың»

3-топ «Тобылғы »

4-топ « Сексеуіл»

Топтар таңдаған ағаштары туралы түсінік береді

Ширату тапсырмасы:

Оқы, түсіндір. Ортақ тақырып ойластыр.

Ағаш - тамырымен, адам достығымен мықты.

Орман ағашпен көрікті.

Қала жақсы болмағы ағаштан.

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийін бірлесе құрастыру немесе таныстыру.

ІІ. Сабақтың ортасы

Автормен танысу

Қалекей Жармағамбетов (1918-1974) Қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданында дүниеге келген. ЖАЗУШЫ, АҚЫН, АУДАРМАШЫ. «Қазақ әдебиетінде баллада жанрының өркендеуіне көп үлес қосты» Серік Қарабаев.

1-тапсырма

(Ж,Т) Қ.Жармағамбетовтің «Ормандағы оқиға» мәтінін «Бағытталған оқу» әдісі арқылы оқу. Мәтінннің бір бөлігін оқығанна кейін оқиға қалай жалғасады деп оқушылардан сұраңыз. Оқушылар өз ойын білдіргеннен кейін келесі бөлігін оқып, жасаған болжамдарымен салыстыру. Осылайша мәтінді тұтас оқиды.

Саралау: Кейбір оқушыларға мәтінді оқуға қосымша уақыт беруге болады

Б «Бір- бірін бағалау»

Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды

2-тапсырма

(ЖЖ,Т) «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдісі

Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Үлгі сұрақтар:

-Тобылғының іс-әрекетіне қандай баға берер едің?

-Ақ қайың орнында өің болсаң не істер едің?

-Сексеуіл неге жапа шекті?

Саралау: Сұрақтарға толық, нақты жауап беруіне көңіл бөлінеді. Кейбір оқушыларға жетекші сұрақтар қойылады.

Б «Қол шапалақтау» әдісі

3-тапсырма

(Т,Ұ) Мәтіннің композициялық құрылымына талдау жасау

Құрылымы

Оқиғалар тізбегі

Қалай басталды?

Немен жалғасты?

1.

2. Тобылғы мен Ак кайың дауы

3.

Қалай аяқталды?

Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Оқушылар бір – біріне көмектеседі, өз ойларын ортаға салады.

Б «Смайликтер» арқылы бағалау.

4-тапсырма

(Ө;Т) Аяқталу бөліміндегі жазбаға мәтіндегі оқиғаның жағымды, жағымсыз бөліктерін жазады. Оқушылар өздерінің ойларын ортаға салады. Әр бөлікке мақал қосып жазуға да болады.

Жағымды

Жағымсыз

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға сөздер мен сөз тіркестері ұсынылады.

Б «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау.

Сабақтың соңы «Жетістік баспалдағы» әдісі

«Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай білім баспалдағында тұрғандарын және өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар өздері орындаған жұмысты магниттермен немесе стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады.

Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу