Әдеби көркемдегіш құралдардың қолданысын анықтау. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, нұсқаулық.


Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Табиғат құбылыстары

Сынып: 4

Сабақ тақырыбы: 2.7. Әдеби көркемдегіш құралдардың қолданысын анықтау

Оқу мақсаттары:

4.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу;

4.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/мәнерлеп/ теріп оқу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқи алады, мазмұнын жүйелі баяндайды;

Көпшілік оқушылар: оқығаны бойынша әңгіме жаза алады;

Кейбір оқушылар: көркем-бейнелі сөздерді таба алады, мәтінге жаңа деректер қосып, толықтырып әңгімелейді;

Бағалау критерийлері :

•шығарманың мазмұнын жүйелі баяндайды, мәтінді түсініп оқиды;

•оқыған мәтіні бойынша әңгіме жаза алады;

•әдеби көркемдегіш құралдарды табады;

•мәтінге жаңа деректер қосып, толықтырып әңгімелейді;

Тірек сөздер: Таңның атуы, шығыс жақ, алқызыл көкжиек, Шолпан жұлдызы, таң сәулесі.

Сабақ барысы

І.Сабақтың басы

Ширату тапсырмасы

«Есім және қимыл» жаттығуы

Әр қайсысы кезекпен алға адымдап, өз есімін айтып, қандай да бір өзіне ыңғайлы қимыл жасайды. Ал қалғандары хормен аталған есімді қайталап, жасаған қимылды орындап шығарып салады.

Оқушылар табиғат көрінісіне байланысты суреттер арқылы топтарға бірігеді.

ІІ. Сабақтың ортасы

Автормен танысу

Мұқан Иманжанов – (1916-1958) Қарағанды облысы, Жезді ауданында дүниеге келген. Жазушы.

1-тапсырма

(ЖЖ) «Сандықша » әдісі

Оқушылар ішінен бір жүргізуші сайланады. Жүргізушінің қолында қорап немесе сандықша болуы керек. Оқушылар сандықшаға салынған кез келген тірек сөзді алып, дауыстап оқиды, толық жауап беруге тырысады. Кімге қатысты екенін айтып, толық жауап беруге тырысады. Қойылған тірек сөздерге берілген жауап бағаланады.

Тірек сөздер: «Алғашқы айлар», «Шаңғышылар», «Бурабайға саяхат», Жарқын, Сапар.

Саралау: Тірек сөздерге толық, нақты жауап беруіне көңіл бөлу. Сонымен бірге көмекші тірек сөздермен көмек беруге болады.

Б «Қол шапалақтау»

Тірек сөздерге дұрыс жауап бергендерді қол шапалақтау арқылы бағалау.

2-тапсырма

(Ұ, МК) «Бірлескен оқылым» әдісімен оқулықтағы Мұқан Иманжановтың «Таңның атуы» мәтінін оқу ұсынылады.

1.Мәтінді жеке оқып, түсініксіз сөздерді белгілейді.

2.Оқушылар мәтінге талдау жасап, сұрақтарға жауап береді.

Атып келе жатқан таңды суретте

Таң сәулесі

Б «Басбармақ» әдісі арқылы оқушылар мысалға талдау жасап, қалай оқығандары үшін өздерін бағалау ұсынылады

3-тапсырма

(Т) «Кластер» әдісімен мәтіннен осы тақырыпты ашатын 5 сөз тіркесін тауып ата.

1.Кластерді толтырады.

2.Әр топ өз жұмыстарын ортаға салып талдайды.

Саралау: Оқушылар өздеріне берген тапсырма бойынша ой бөлісіп, ойларын ортаға салып, ортақ шешімге келеді

Б «От шашу» әдісімен топтар өз жұмыстарын бағалайды.

4-тапсырма (ЖЖ;Т) «Төрт сөйлем» әдісі арқылы «Кештің батуын» сипаттап жазады.

Саралау: Жұппен жұмыс жасауда өз ойларымен бөліседі. Өзге оқушыларды тыңдап жұмыстарына баға береді.

Б. Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!»сөздерімен мадақтаймын.

ІІІ. Сабақтың соңы

«Кемпірқосақ» әдісі

Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төмендегі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді.

[attachment=26634:nsauly-2_7_-debi-krkemdegish-raldardy-oldanysyn-anytau.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу