Шығарманың жоспарын құру. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, нұсқаулық.


Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Табиғат құбылыстары

Сынып: 4

Сабақ тақырыбы 3.1 Шығарманың жоспарын құру

Оқу мақсаттары

4.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру;

4.2.6.1 кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау;

4.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқып, қажетті ақпаратты табады;

Көпшілік оқушылар: түрлі дереккөздерден ақпаратты табады, сызба түрінде көрсетеді, шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құрады;

Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін анықтап сюжеттің дамуын болжап негіздей алады.

Бағалау критерийлері

мәтіннен нақты ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсетеді;

мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады;

мәтін бөліктеріне тақырып қойып, жоспар құрады;

түрлі дереккөздерден нақты ақпараттар табады;

кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалайды.

Тірек сөздер: Хан шеру, шапқыншылар, ежіреңдеген шабармандар, адырлы жер, шөже торғай, қалжа.

Алдыңғы білімді игеру Мәтіннен ақпаратты табады, дереккөздермен жұмыс жасай біледі.

Сабақ барысы

І. Сабақтың басы

Ширату тапсырмасы: Тақтадан сурет көрсетіледі. Өтетін тақырыпқа болжау жасау. Суреттерге зер салу.

Оқушылардан сол суреттегі кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекеті бойынша сұралады.

Қой бағып жүрген кім? Орындықта отырған кім?

Немен айналысады?

Мінездері қандай?

Көңіл-күйі қандай?

Оқу мақсатын анықтау: Сурет бойынша қандай сұрақтарға жауап бердіңдер?

Сабақ мақсаты: шығармадағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау, ұсыну.

Топтарға бөліну:

«Молекула» ойыны арқылы топтарға бірігу

ІІ. Сабақтың ортасы

1-тапсырма

(ЖЖ,Т,Ө) Ажалдан құтқарған асыл сөз. (ел аузынан Сапарғали Бегалин) ертегісін оқу тапсырылады.

-Мәтінді оқып, бірнеше бөліктерге бөлу. Әр бөлікке тақырып беру.

-Әр бөліктің негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтау;

- Оқиғада болған өзгерістерді атайды немесе

1. Ертегінің бірінші бөлімін өз бетінше оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі.

2. Мәтіннен болжауға қажетті ақпаратты алу үшін оқушылар стикермен белгілеп отырып оқиды.

3. Белгілеп алынған қажетті ақпаратқа стикерлер жапсырылады.

Саралау: Барлық оқушы жұмыс жасайды. Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Өз ойын ашық айта алады

Б «Жұлдызша»

Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату.

2-тапсырма

(Ж,Т,Ұ) «Көршіңізге айтыңыз» әдісі.

Қойшы не істейді,болжа?

1.Мәтін бөлігін оқып болған соң, топта мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды.

2.Жасаған болжамдары бойынша мәтіндегі оқиғаларға сүйенеіп сюжеттің дамуы бойынша суретерін салады немесе жазады.

3.Салған суреттер немесе жазғандары бойынша жұмыстарын қорғайды.

Б. Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!» сөздерімен мадақтау.

3- тапсырма

(Ж,Т,ОТ) «Ажалдан құтқарған асыл сөз» ертегісінің жалғасын оқу тапсырылады. Ертегі жалғасын оқы.

1.Мәтін жалғасын оқу.

2.Жасаған болжамдары бойынша салынған суреттерін немесе жазғандарын мәтіннің бөлігімен салыстырады. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.

3.Әр топ жұмыстарының қортындысын қорғайды.

Б «Смайликпен» бағалау әдісі.

Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады.

4-тапсырма

(ЖЖ) «Бірге ойлаймыз» әдісі (дәптермен жұмыс)

Мәтінді төмендегідей бөліктерге бөліп, шегін тауып оқы немесе әңгімеле, ат қой

1.Шөл қысқан хан шеруі (Ерте кезде бір хан шеру ...)

2.Қойшы мен шабармандар (Шапқыншылар адырдың ...)

3.Ханның әмірі ( Шақыртқанда неге келмейсің, ...)

4.Сұңқар мен шөже торғай хикаясы ( - Тақсыр, хан, дат! - дейді. ...)

5.Ханның сөзден жеңілуі (Хан райынан қайтып, қойшыны ...)

Саралау: Орындау барысында бағалау тәсілі арқылы сараланады. Оқушылардың жұмыстарының барлығы бағаланады.

Б «Бір-бірін бағалау»

Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды. Өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды.

5- тапсырма

(Т) « Жаңалық ашамыз» әдісі

Оқушыларға түрлі дереккөздер ұсынылады.Ғаламтордан немесе энциклопедиядан халқымыздан қалған асыл сөздерін жинастыру

Саралау: Орындау барысында қарқын арқылы саралау. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі

Б «Екі жұлдыз, бір тілек»

Топтарды бағалау үдерісінде екі жұлдыз және бір тілек айтамын.

Екі жұлдыз – жұмыстарында ерекше ұнағаны

Бір тілек - жақсартуға болатыны.

(ЖЖ; МК) «Венн диаграмма» әдісі арқылы кейіпкерлерді салыстыра сипаттау

Хан мен Сұңқар

Қойшы мен Шөже торғай

Саралау: Орындау барысында қарқын арқылы саралау. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі

Б «От шашу

ІІІ.Сабақтың соңы

«Бір ауыз сөз» әдісі

Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала тақтаға жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б

[attachment=26586:nsauly-3_1-shyarmany-zhosparyn-ru-kopija.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу