Шығармадағы оқиғаны болжау. «Ақылды аспаз» (молдаван халық ертегісі). Әдебиеттік оқу, 4 сынып, презентация слайд.
Сабақтың тақырыбы:
1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау
«Ақылды аспаз»
(молдаван халық ертегісі)
Бөлім: Мамандықтар әлемі
Сабақтың мақсаты:
шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжап, өз ойын айтады;
шығарманың композициялық құрылымын
(сюжеттің басталуын, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімін) анықтайды.
Бағалау критерийлері:
шығарманың тақырыбы мен қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжайды;
болжау себебін түсіндіреді;
шығарманың композициялық құрылымын анықтайды.
Берілген сөздерді оқы және өз болжамыңды айт.
аспаз
уәзір
мейман
патша
1 – тапсырма
Ертегінің қорытынды бөлімі бойынша сюжеттің дамуын болжап, оның себебін түсіндір.... - Парасатты патшам! Ойлап қараңызшы. Дүниеде тілден асқан бүлдіргіш бар ма? Тіл достықты, келісімді, бейбітшілікті - бәрін, бәрін бүлдіреді, бұзады, қиратады. Дүниедегі жаман сөзді де айтатын тіл емес пе? Мұны жалған деңізші.
Патша да, оның қонақтары да үндей алмай, аспаздың ақылына таңғалыпты.
2 - тапсырма
Берілген сұрақтарға жауап бер.
- Ертегі қалай басталады?
- Аспаз неге бар ақшаға тіл сатып алды?
- Аспаздың ең жақсы тағам тіл деген ойымен келісесің бе? Ойыңды дәлелде.
- Аспаз неліктен ең жаман тағам тіл деп ойлайды? Себебін түсіндір.
- Ертегіден қандай қорытынды шығаруға болады?
3-тапсырма
Ертегінің композициялық құрылымын анықта.
4-тапсырма
Кейіпкерлердің іс – әрекетін еске түсіре отырып, кестені толтыр.
Рефлексиялық шеңбер
- Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?
-Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?
-Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?
-Сабақта қандай қиындықтар туындады?
-Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?