Шығармадағы оқиғаны болжау. «Ақылды аспаз» (молдаван халық ертегісі). Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мамандықтар әлемі

Күні:

Сынып: 4

 Мектеп:

 Мұғалімнің аты-жөні:

 Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау

«Ақылды аспаз» (молдаван халық ертегісі)

Оқу мақсаттары

4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру

4.2.5.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың композициялық құрылымын (сюжеттің басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі) анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығармадағы тақырыбына сүйеніп мұғалім көмегімен сюжеттің дамуын болжайды, шығарманың композициялық құрылымын атай алады.

Көптеген оқушылар: шығармаданың қорытынды бөліміне сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, себептерін мәтіннен келтіре алады, мұғалім көмегімен шығарманың композициялық құрылымын анықтай алады;

Кейбір оқушылар: шығармадағы шығарманың тақырыбына сүйене отырып сюжеттің дамуын болжай алады, себептерін бағалай отырып түсіндіре алады, шығарманың композициялық құрылымын анықтайды.

Бағалау критерийлері

  • шығарманың тақырыбы мен қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжайды;
  • болжау себебін түсіндіреді;
  • шығарманың композициялық құрылымын анықтайды.

Тірек сөздер

мейман, аспаз, уәзір

  • Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Ертегідегі оқиға өмірде кездесе ме? Өз ойыңды айт.

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық құндылықты дарыту Ашықтық құндылығы топта, жұпта жұмыс жасау кезінде ойын еркін айтуға жетелеу. Ертегі мазмұны бойынша өмірде көрініс табатын нақты дәлелдер келтіріп, қорытынды шығарып, өз әсерін кейіпкер әрекетімен байланыстыра алуға бағыттау.

Пәнаралық байланыстар

Ертегіге жаңа сюжеттер қосып жазауда қазақ тіліндегі ережелерді ескеру тапсырылады.

АКТ қолдану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=mqV_C5eqUus

Бастапқы білім

Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады, сюжеттің дамуын болжау барысында байланысытырып сөйлей алады. Шығарманың композициялық құрылымын ажырата алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 минут

Ширату жаттығуы:

(Ұ) «Терминдер» арқылы болжау әдісі.

Тақтаға мейман, аспаз, тіл, патша сөздері ілінеді немесе https://www.youtube.com/watch?v=mqV_C5eqUus сілтемесі бойынша «Рататуй» мультфильм үзіндісі көрсетіледі. Оқушылар осы сөздер арқылы оқылытын шығарманың тақырыбын болжайды, өз ойларын айтады.

Талқылау негізінде сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты анықталады.

Оқу мақсатын хабарлау:

Шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжап, себебін талқылаймыз. Шығарманың композициялық құрылымын анықтаймыз.

Бағалау критерийімен таныстыру.

https://www.youtube.com/watch?v=mqV_C5eqUus

Слайд № 4

Қосымша №1

Слайд № 1,2,3

Сабақтың ортасы

4-10 минут

11-16 минут

17 -22 минут

23-28 минут

29-36 минут

1-тапсырма

(Ұ) Оқушыларға «Ақылды аспаз» ертегісінің бір бөлігін оқу тапсырылады. Оқу кезінде кейіпкерлердің іс-әрекетінің бейнеленген тұстарды белгілеп отыру ұсынылады. Бірінші бөлікті оқығаннан кейін өздері жасаған болжаммен салыстырады. Оқушылар оқиғаның әрі қалай дамитыны туралы өз ойларын айтады.

-Мәтіннің екінші бөлігі оқылады. Жасалған болжамдарымен салыстырады.

-Ертегіні тұтас шолып оқуға уақыт беріледі.

Саралау: Қорытынды тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай оқиғаның ретін анықтап, кейіпкерлерге сипаттама беруі әртүрлі болатыны болжанады.

Б: «Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды.

2-тапсырма

(Ө) «Ашық микрофон» ойыны. Әр топтан 1 тілші шығады. Тілші шығарма бойынша сұрақтар қояды. Топ мүшелері қойылған сұрақтарға жауап береді.

  • Ертегі қалай басталады?
  • Аспаз неге бар ақшаға тіл сатып алды?
  • Аспаздың ең жақсы тағам тіл деген ойымен келісесің бе? Ойыңды дәлелде.
  • Аспаз неліктен ең жаман тағам тіл деп ойлайды? Себебін түсіндір.
  • Ертегіден қандай қорытынды шығаруға болады?

Саралау: Қабілеті төмен оқушылардың тапсырманы орындау барысында өздерінің пікірін қосуына, ал қабілетті оқушылардың басқалардың табысқа жетуіне ықпал етуіне көмектесу.

Б: Ұтымды жауаптарға тілші өз бағасын береді. Оқушылар бірін- бірі бағалайды.

3- тапсырма

(Т) Кесте бойынша әр топ ертегінің композициялық құрылымын анықтайды. Ол үшін ертегідегі оқиғалар ретін еске түсіреді. Сызба бойынша топта талқылайды.

Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады., бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

Б. Топтардың өзара бірін – бірі бағалауы.

4- тапсырма

(Ө) Кейіпкерлердің іс- әрекетін еске түсіре отырып, кестені толтыр.

Кейіпкерлер

Іс- әрекеті

Не істеді?

Мінез- құлқы

(қандай?)

Аспаз

Патша

Қонақтар

Саралау: Қабілеті төмен оқушылар кейіпкердің мінез-құлқын анықтауда қарапайым бір- екі мысал жазады. Ал, қабілетті оқушылар іс- әрекеттеріне баға беріп, кейіпкердің мәнез- құлқын сипаттайды.

ҚБ. Дескриптор бойынша:

  • кейіпкерлердің іс- әрекеттерін салыстырады;
  • кейіпкерлерге мінездеме береді.

5- тапсырма

Ертегіні әрі қарай қалай жалғастырар едің? Оқушыларға оқиға қосып, ертегіні жалғастырып жазу тапсырмасы беріледі.

Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі.

ҚБ. Дескриптор бойынша:

  • мәтінге оқиға қосып, аяқтап жазады;
  • өз ойын жүйелі жеткізеді;
  • сөздер мен сөйлемдер қатесіз жазады.

Слайд №5

Қосымша №2

Слайд №6

микорфон

Слайд №7

Қосымша №3

Слайд №8

Қосымша №4

Сабақтың соңы

37-40 минут

Рефлексиялық шеңбер

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

-Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

-Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

-Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

-Сабақта қандай қиындықтар туындады?

-Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?

Слайд №9

Саралау.

Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушылар ертегіге оқиға қосып жазуда бірнеше сөйлемдер жазуы мүмкін.

«Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісін болжай отырып, жалғастырып әңгімелеуде әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін.

Дескриптор:

  • кейіпкерлердің іс- әрекеттерін салыстырады;
  • кейіпкерлерге мінездеме береді;
  • ертегінің композициялық құрылымын анықтайды;.
  • мәтінге оқиға қосып, аяқтап жазады;
  • өз ойын жүйелі жеткізеді;
  • сөздер мен сөйлемдерді қатесіз жазады.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу