Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау. Қ.Аманжолов «Ұшқыш болғым келеді». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, нұсқаулық.


Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Мамандықтар әлемі

Сынып: 4

Сабақ тақырыбы: 2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау

Қ.Аманжолов «Ұшқыш болғым келеді»

Оқу мақсаттары: 4.2.7.1 шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу және оларды қолдану;

4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, презентация, видеороликтер жасау.

Бағалау критерийлері:

  • сөйлеу барысында фотосуреттерді қолданады;
  • өлеңдегі көркемдегіш құралдарды анықтайды;
  • сөйлеу барысында көркемдегіш құралдарды қолданады.

Қажетті ресурстар: қағаз А3, маркер, фотосуреттер

Сабақтың барысы:

І. Сабақтың басы

Ширату. Сабақты бастамасы бұрын оқушыларға ұшақтың, пилоттың бірнеше фотосуреттері ұсынылады. Оқушыларға сурет бойынша бірнеше тірек сөздер айтады, мұғалім тақтаға жазып тұрады. Тақтаға жазылған сөздер негізінде сабақтың тақырыбын анықтайды.

Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен таныстыру.

Оқушылармен бірлесе бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

ІІ. Сабақтың ортасы

(Т; Ө) Оқушыларға Қ.Аманжоловтың «Ұшқыш болғым келеді» өлеңін оқу ұсынылады. Өлеңді оқуға уақыт беріледі.

1.Өлеңді жеке өз бетімен оқиды.

2. Бірнеше оқушыға дауыстап оқыту.

3. Өлең бойынша сұрақтарға жауап береді.

- Автор нені армандады?

-Өлеңге басқа қандай тақырып қоюға болады?

Саралау: «Қарқын арқылы саралау». Өлеңді оқу кезінде кейбір оқушылар басқаларға қарағанда жылдам жұмыс жасайды. Кейбір оқушыларға өлеңді оқуға қосымша уақыт беріледі.

Б. Оқушылардың бірін – бірі бағалауы.

2-тапсырма

(Т;МК) Оқушылар топта «Пирамидалық талқылау» әдісімен өлеңдегі көркемдегіш сөздерді (теңеу, эпитет, кейіптеу) табады. Тіктөртбұрыштың сыртқы бөлігіне топтың әр мүшесі өз жауабын жазады, ал ішкі төртбұрышқа ортақ түйінді ой жазылады. Тапсырманы орындамас бұрын алдымен теңеу, эпитет, кейіптеу сөздердің жасалуы қайталанып, еске түсіріледі.

Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқуышларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Оқушылардың мүмкіндігіне қарай қолдау көрсетіледі.

Б. Оқушылар бағдаршам әдісі бойынша бірін-бірі бағалайды.

3- тапсырма

(ЖЖ) Оқушыларға өлеңдегі көркемдеуіш сөздерді табу бойынша кесте толтыру ұсынылады.

Мысалдар

теңеу

эпитет

кейіптеу

(эпитет: асқар шың, таң шолпан; теңеу: мұздай болат, тас түлектей; кейіптеу: әзілдескен, сырласқан, күнге күліп, күй тартқан, әнін тыңдатқан, қуантқан, киінген, туып,түнеген, жаттаған)

Саралау: «Нәтиже арқылы саралау». Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

Б. Жұптардың өзара жұмыстарын текесеріп, жетістіктері «От шашу» әдісі арқылы бағалайды.

4-тапсырма

(Ө) Оқушыларға ұшқыш туралы фотосуреттер таратылып беріледі және https://www.youtube.com/watch?v=6LKwln6tvL0 сілтемесі бойынша бейнефильм көрсетіледі. Бейнефильм бойынша сұрақтар қойылады. Оқушылар өз ойын айту кезінде фотосуреттерді қолданады.

Саралау: «Дереккөздер арқылы саралау». Тапсырманы орындау кезінде қосымша ақпараттарды пайдаланудың анағұрлым ауқымды көлемін көрсетеді.

Б. Оқушылар өзін- өзі «Баспалдақ» әдісі бойынша бағалайды.

ІІІ. Сабақтың соңы

«Бір қадам алға...» әдісі

Мұғалім бүгінгі сабаққа байланысты сұрақтар қояды. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтайды.

Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты оқу мақсатына бағытталған тапсырмаларды мұғалім өзгерте алады.

[attachment=26563:nsauly-debi-krkemdeuish-raldardy-oldanysyn-anytau.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу