Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау. Қ.Аманжолов «Ұшқыш болғым келеді». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша №1

Қосымша №2

Ұшқыш болғым келеді

Көңілі – дария, ойы-аспан,

Асқар шыңнан бойы асқан.

Ай, күнімен аспанның

Әзілдескен, сырласқан

Ұшқыш болғым келеді!

Күнге күліп, күй тартқан,

Айға әнін тыңдатқан,

Бақыт жырын жырласа,

Таң шолпанын қуантқан

Ұшқыш болғым келеді!

Мұздай болат киінген,

Батпан қару үйірген,

Қорғап бақыт ұясын,

Тас түлектей түйілген

Ұшқыш болғым келеді!

Таңда туып түлеген,

Тас түлектей көреген,

Көк қойнында тояттап,

Шың басында түнеген

Ұшқыш болғым келеді!

Ар, намысын ақтаған,

Жүрекке сыр жаттаған,

Туған елін- ұясын

Жан – тәнімен сақтаған

Ұшқыш болғым келеді!

Ұшқыш болмай немене,

Қуат бітті денеме!

Қанатым бар қайыспас,

Ұшқыш болғым келеді!

Қасым Аманжолов

Қосымша 3

Қосымша 4

Көркемдегіш құралдар

Өлеңнен мысалдар

теңеу

эпитет

кейіптеу

Қосымша 5

[attachment=26562:did_-mater_-debi-krkemdeuish-raldardy-oldanysyn-anytau.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу