Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау. Қ.Аманжолов «Ұшқыш болғым келеді». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мамандықтар әлемі

Күні:

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.7 Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау

Қ.Аманжолов «Ұшқыш болғым келеді»

Оқу мақсаттары

4.2.7.1 шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу және оларды қолдану

4.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану, презентация, видеороликтер жасау

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрация, фотосуреттерді қолданады, әдеби көркемдегіш құралдарды табады.

Көптеген оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрация, фотосуреттерді қолдана отырып өз ойын білдіреді, көркемдегіш сөздерді табады және өз пікірлерін айтады.

Кейбір оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрациялар, фотосуреттер қолданады және қорытынды жасайды, көркемдегіш құралдарды ажыратып, сөйлеу барысында қолданады.

Бағалау критерийлері

  • сөйлеу барысында фотосуреттерді қолданады;
  • өлеңдегі көркемдегіш құралдарды анықтайды;
  • сөйлеу барысында суреттерді қолданады.

Тірек сөздер

Тас түлек, ұшқыш, шың басы

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Ақын нені армандайды?
  • Неліктен ұшқыш болғысы келеді?

Құндылықтарды дарыту

Топтық және жұптық жұмыста ынтымақтастық құндылықтары қалыптасады, өмір бойы білім алу, ашықтық құндылығы - сабақ барысында еркін қарым-қатынас жасайды.

Пәнаралық байланыстар

Аспан әлемі, жұлдыздар туралы білетінін еске түсіру арқылы жаратылыстану пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=6LKwln6tvL0

Бастапқы білім

Өлеңді түсініп оқиды, көркемдегіш құралдарды біледі, сөйлеу барсыныда иллюстрацияны қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 минут

Ширату.

(МК, Ө) Оқушыларға сурет бойынша сабақтың тақырыбын анықтауға тапсырма беріледі. Оқушылар сурет бойынша бірнеше тірек сөздер айтады. Мұғалім тақтаға жазып тұрады. Тақтаға жазылған сөздер негізінде сабақтың тақырыбын анықтайды.

Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен таныстыру.

Оқушылармен бірлесе бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

Слайд № 4

Қосымша №1

Слайд № 1-3

Сабақтың ортасы

3-8 минут

9-18 минут

19-28 минут

29-36 минут

1-тапсырма

(Т; Ө) Оқушыларға Қ.Аманжоловтың «Ұшқыш болғым келеді» өлеңін оқу ұсынылады. Өлеңді оқуға уақыт беріледі.

1.Өлеңді жеке өз бетімен оқиды.

2. Бірнеше оқушыға дауыстап оқыту.

3. Өлең бойынша сұрақтарға жауап береді.

- Автор нені армандады?

-Өлеңге басқа қандай тақырып қоюға болады?

Саралау: «Қарқын арқылы саралау». Өлеңді оқу кезінде кейбір оқушылар басқаларға қарағанда жылдам жұмыс жасайды. Кейбір оқушыларға өлеңді оқуға қосымша уақыт беріледі.

Б. Оқушылардың бірін – бірі бағалауы.

2-тапсырма

(Т;МК) Оқушылар топта «Пирамидалық талқылау» әдісімен өлеңдегі көркемдегіш сөздерді (теңеу, эпитет, кейіптеу) табады. Тіктөртбұрыштың сыртқы бөлігіне топтың әр мүшесі өз жауабын жазады, ал ішкі төртбұрышқа ортақ түйінді ой жазылады.

Саралау: Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқуышларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Оқушылардың мүмкіндігіне қарай қолдау көрсетіледі.

Б. Оқушылар бағдаршам әдісі бойынша бірін-бірі бағалайды.

3- тапсырма

(ЖЖ) Оқушыларға кесте толтыру ұсынылады.

Көркемдегіш құралдар

Өлеңнен мысалдар

теңеу

эпитет

кейіптеу

(эпитет: асқар шың, таң шолпан; теңеу: мұздай болат, тас түлектей; кейіптеу: әзілдескен, сырласқан, күнге күліп, күй тартқан, әнін тыңдатқан, қуантқан, киінген, туып,түнеген, жаттаған)

Саралау: «Нәтиже арқылы саралау». Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

Б. Жұптардың өзара жұмыстарын текесеріп, жетістіктері «От шашу» әдісі арқылы бағалайды.

4-тапсырма

(Ө) Оқушыларға ұшқыш туралы суреттер таратылып беріледі және https://www.youtube.com/watch?v=6LKwln6tvL0 сілтемесі бойынша бейнефильм көрсетіледі. Бейнефильм бойынша сұрақтар қойылады. Оқушылар өз ойын айту кезінде суреттерді қолданады.

Саралау: «Дереккөздер арқылы саралау». Тапсырманы орындау кезінде қосымша ақпараттарды пайдаланудың анағұрлым ауқымды көлемін көрсетеді.

Б. Оқушылар өзін- өзі «Баспалдақ» әдісі бойынша бағалайды.

Слайд №5

Қосымша № 2

Қосымша № 3

Слайд № 6

Қосымша №4

Слайд №

Қосымша 5

Сабақтың соңы

37-40 минут

«Бір қадам алға...» әдісі

Мұғалім бүгінгі сабаққа байланысты сұрақтар қояды. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтайды.

Саралау. 1-тапсырмада қарқын арқылы саралау. Мәтінді оқу кезінде кейбір оқушылар басқаларға қарағанда жылдам жұмыс жасайды.

Қабілеті төмен оқушылар өз ойларын ортаға салады, қабілеті жоғары оқушылар мысалдар келтіре алады.

2-тапсырма Тапсырма арқылы саралау жасалады. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

3-тапсырма «Нәтиже арқылы саралау». Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

4 тапсырма«Дереккөздер арқылы саралау». Тапсырманы орындау кезінде қосымша ақпараттарды пайдаланудың анағұрлым ауқымды көлемін көрсетеді.

Дескриптор

  • өлеңді дауыстап оқиды;
  • өлеңнен көркемдегіш құралдарды анықтайды;
  • сөйлеу барысында суреттерді қолданады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу