Шығарманың жоспарын құру. А.Жұбанов «Құрманғазы». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мамандықтар әлемі Күні: Сынып: 4 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | 3.1 Шығарманың жоспарын құру А.Жұбанов «Құрманғазы» | ||||
Оқу мақсаттары | 4.3.1.1 оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру 4.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау | ||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны логикалық бөліктерге бөліп, жоспар құрады және кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себептерін мәтіннен тауып баға береді Көптеген оқушылар: бөліктерге бөліп, жоспар құруда өз тұжырымдарын ұсына алады. Кейбір оқушылар: дәлелдер келтіре отырып, бөліктерге бөледі, бөлімдерге ерекше ат қояды. | ||||
Бағалау критерийлері |
| ||||
Тірек сөздер | Бейтаныс қонақ, қолын созды, күйші | ||||
Құндылықтарды дарыту | Жұппен жұмыс барысында оқушылардың арасында ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптасады. Жеке жұмыс жасау барысында еңбек ету және шығармашылық құндылықтары қалыптасады. Ұлттық құндылықтарды насихаттау. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Мәтін бөліктері бойынша, жоспар құруда қазақ тілі пәнімен байланыс орнатылады. | ||||
АКТ қолдану дағдылары | |||||
Бастапқы білім | Мәтінді түсініп оқиды, шығарма құрылымын біледі. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0-5 минут | Ширату. Оқушыларға https://www.youtube.com/watch?v=iTUV3j6UNFA сілтемесі бойынша Құрманғазының күйі тыңдатылады. Күй бойынша оқушылар өз ойын білдіреді. Қандай күйшілерді білетінін сұрап, неліктен осы тақырыпта ой бөліскендері сұралады. Сабақ мақсаты: оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны логикалық бөліктерге бөліп, жоспар құрады және кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып баға береді. Бағалау критериийімен таныстырады немесе бірлесе құрастырады. | Слайд № 1-3 | |||
Сабақтың ортасы 6-12 минут 13-20 минут 21-29 минут 30-36 минут
|
(Ө) «Белгіле» әдісі бойынша «Құрманғазы» мәтіні оқылады. 1. Жоспар құру үшін мәтінді бөліктерге бөліп, түсініп оқу тапсырылды. 2. Оқи отырып бөлген бөліктерге белгі қою үшін стикерлер жабыстырады. Оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі. Саралау: қарқын тәсілі арқылы cараланады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі. Б. Өзіндік бағалау. Бағдаршам түстері арқылы оқушылар өздерін бағалайды. 2-тапсырма (ЖЖ) «Көршіңізге айтыңыз» әдісі арқылы «Құрманғазы» әңгімесі бойынша сұрақтар құрастыру тапсырылады. 1.Әр оқушы әңгіме бойынша жеке 3 сұрақ құрастырады. 2.Құрастырған сұрақтарды жұпта талқылайды. - Әңгіме кім туралы? - Неліктен Ақмаңдай ата – анасына реніш білдірді? - Бейтаныс қонақ неге өзін таныстырмады деп ойлайсыңдар? - Неліктен Ақмаңдайдың бейтаныс қонаққа домбырасын берді? Саралау: Қабілеті төмен оқушылардың тапсырма орындауына көмек беріледі, ал қабілетті оқушылар өтілген тақырып бойынша өз тұжырым жасауға ынталандырылады. Б. «Бағдаршам» Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету: Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым. Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды. Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті. 3-тапсырма (Т) 1.Мұғалім әр топқа мәтін бөліктері бойынша ат қойып, жоспар құрастыруды ұсынады. 2.Бөліктерге қойған аттарын жалпы сыныпқа тансытарады, қою себебін түсіндіреді. 3.Топ ішінде оқушылар мәтін бөліктерінің ретімен жоспар құрады. 4.Топтардың жоспарын сыныппен талқылап, мұғалімнің көмегімен дұрыс жоспар құрылады. Жоспар: 1. Үйге келген бейтаныс қонақ 2. Ақмаңдайдың күй тартыуы 3. Күй тартқан Құрманғазы Саралау: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, не түсінгендеріне көз жеткізу. Б: Әр топтың өзін – өзі бағалауы.
4-тапсырма (Ө) «Сөйлеу құрылымдары» әдісі. Ақмаңдайдың іс-әрекетінің өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіре отырып, бағалап жаз. «Менің ойымша, ............ мұның себебі............», «Мысалы, ................», «Сонымен қатар, менің айтайын дегенім.............» сияқты кіріспе сөздер тізбегі берілген. 1.Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. 2.Жазғандары бойынша барлық ұжымға өз еріктері бойынша немесе «Кездейсоқ таңдау» әдісі арқылы оқып береді. Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сараланады. Кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Б: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағаланады. | Слайд № 4 Қосымша 1 Түрлі-түсті стикерлер Слайд № 5 Слайд №6 Қосымша 2 | |||
Сабақтың соңы 37-40 минут | Рефлексия: «Таңдау» әдісі • 1. Мен сабақ қызықты /қызықсыз болды деп ойлаймын. •2.Мен сабақта көп нәрсені үйрендім /үйренгенім аз болды. • 3. Мен басқаларды мұқият / зейінсіз тыңдадым. • 4. Мен өз ойымды жиі/ сирек айттым. • 5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын/ риза емеспін. Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады. | Слайд № 7 Қосымша 3 | |||
Саралау. 1-тапсырманы орындау қарқын тәсілі арқылы cараланады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі. 2-тапсырманы орындау барысында диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сараланады. Кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. 3-тапсырманы орындау барысында қорытынды тәсілі арқылы сараланады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, не түсінгендеріне көз жеткізу. 4-тапсырманы Қабілеті төмен оқушылардың тапсырма орындауына көмек беріледі, ал қабілетті оқушылар өтілген тақырып бойынша өз тұжырым жасауға ынталандырылады. | Дескриптор
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ-мен жұмыс жасау ережесін ескереді. | |||
Сабақ бойынша рефлексия | |||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды