Шығарманың жоспарын құру. А.Жұбанов «Құрманғазы». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, нұсқаулық.


Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Мамандықтар әлемі

Сынып: 4

Сабақ тақырыбы: 3.1 Шығарманың жоспарын құру

А.Жұбанов «Құрманғазы»

Оқу мақсаттары: 4.3.1.1 оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру ;

4.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау

Бағалау критерийлері:

  • мәтінді логикалық бөліктерге бөледі;
  • әр бөлікке ат қойып, жоспар құрастырады;
  • кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп тауып, бағалайды.

Қажетті ресурстар: флипчарт, маркер

Сабақ барысы:

І. Сабақтың басы

Ширату. Оқушыларға https://www.youtube.com/watch?v=iTUV3j6UNFA сілтемесі бойынша Құрманғазының күйі тыңдатылады. Күй бойынша оқушылар өз ойын білдіреді. Қандай күйшілерді білетінін сұрап, неліктен осы тақырыпта ой бөліскендері сұралады.

Сабақ мақсатымен таныстыру: оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны логикалық бөліктерге бөліп, жоспар құрады және кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып баға береді.

Бағалау критериийімен таныстырады немесе бірлесе құрастырады.

ІІ. Сабақтың ортасы

  • тапсырма

(Ө) «Белгіле» әдісі бойынша «Құрманғазы» әңгімесі оқылады.

1. Жоспар құру үшін мәтінді бөліктерге бөліп, түсініп оқу тапсырылды.

2. Оқи отырып бөлген бөліктерге белгі қою үшін стикерлер жабыстырады. Оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі.

Саралау: қарқын тәсілі арқылы cараланады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

Б. Өзіндік бағалау. Бағдаршам түстері арқылы оқушылар өздерін бағалайды.

2-тапсырма

(ЖЖ) «Көршіңізге айтыңыз» әдісі арқылы «Құрманғазы» әңгімесі бойынша сұрақтар құрастыру тапсырылады.

1.Әр оқушы әңгіме бойынша жеке 3 сұрақ құрастырады.

2.Құрастырған сұрақтарды жұпта талқылайды.

- Әңгіме кім туралы?

- Неліктен Ақмаңдай ата – анасына реніш білдірді?

- Бейтаныс қонақ неге өзін таныстырмады деп ойлайсыңдар?

- Неліктен Ақмаңдайдың бейтаныс қонаққа домбырасын берді?

Саралау: Қабілеті төмен оқушылардың тапсырма орындауына көмек беріледі, ал қабілетті оқушылар өтілген тақырып бойынша өз тұжырым жасауға ынталандырылады.

Б. «Бағдаршам»

Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету:

Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым.

Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды.

Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті.

3-тапсырма

(Т) 1.Мұғалім әр топқа мәтін бөліктері бойынша ат қойып, жоспар құрастыруды ұсынады.

2.Бөліктерге қойған аттарын жалпы сыныпқа тансытарады, қою себебін түсіндіреді.

3.Топ ішінде оқушылар мәтін бөліктерінің ретіне байланысты жоспар құрады.

4.Топтардың жоспары сыныппен талқыланып, мұғалімнің көмегімен дұрыс жоспар құрылады.

Жоспар:

1. Үйге келген бейтаныс қонақ

2. Ақмаңдайдың күй тартыуы

3. Күй тартқан Құрманғазы

Саралау: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, не түсінгендеріне көз жеткізу.

 Б: Әр топтың өзін – өзі бағалауы.

 

4-тапсырма

(Ө) «Сөйлеу құрылымдары» әдісі бойынша әңгіме кейіпкері Ақмаңдай туралы жазу тапсырмасы беріледі. Ақмаңдайдың іс-әрекетінің өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп тауып, бағалап жаз.

«Менің ойымша, ............ мұның себебі............»,

«Мысалы, ................»,

«Сонымен қатар, менің айтайын дегенім.............» сияқты кіріспе сөздер тізбегі беріледі.

1.Оқушылар тапсырманы жеке орындайды.

2.Жазғандары бойынша барлық ұжымға өз еріктері бойынша немесе «Кездейсоқ таңдау» әдісі арқылы оқып береді.

Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сараланады. Кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.

Б: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағаланады.

ІІІ. Сабақтың соңы

Рефлексия: «Таңдау» әдісі

• 1. Мен сабақ қызықты /қызықсыз болды деп ойлаймын.

•2.Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені үйрендім /үйренгенім аз болды.

• 3. Мен басқаларды мұқият / зейінсіз тыңдадым.

• 4. Мен өз ойымды жиі / сирек айттым.

• 5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын/ риза емеспін.

Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу