file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Тыңдарманның назарын аударту. С.Тұрдалиев «Алтын бала». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

Алтын бала

Күлдеш апай ас дайындап жүр. Ол тамақтың қамырын жаймақ болып, тұзын көрді де, қабағын шытты.

-Қап, ұмытып кетіппін-ау! Зәукен, Нағима апаңның үйінен тұз әкеле қойшы.

Зәукен анасының сөзін қайтарып көрген емес. Ол бір ауыз сөзге келместен «Жақсы!» деп тұра жөнелді.

Күлдеш апай қамырды жаюға ыңғайланды. Бірақ Зәукеннен хабар болмады. Әрі күтті, бері күтті. Ақырында Нағиманың үйіне өзі кетті. Ұлы қарсы ұшырасты.

-Тұзың қайда?

-Апатай, ұмытып кетіппін-ау,- деді де, қайта жүгірді. Екеуінің әңгімесін тыңдап тұрған Бейсен ақсақал дәудірлеп қоя берді:

-Зәукенге кейіме! Оны кешіктерген мен едім. Үш- төрт күннен бері радиомыз сөйлемей қойды. Жан – жақтан жаңалық тыңдайтын едім. «Радионың ұстасы қайда екен?» -деп сұрадым Зәукеннен. «Мен жөндейін» демесі бар ма! «Ой, бұзып аласың»,- деп сенбедім. Ол радиоға қарап тұрып:

- Жөндеуге болады, ата! Мен осыны жөндейтін үйірмеге қатысамын,- деді. Ол бір жерін ашып көріп, бір қызыл жіңішке сымды бір жердің бұрандасына қосуы мұң екен, радиом сандуғаштай сайрады. Сонан соң «киноға барасың» деп ақша беріп едім, алмай қойды. Өй, азамат екен өзі!

- Зәукендей бала жоқ, алтын бала. Тек аман болсын,- деп Нағима да ризалық білдіріп жатыр. – Кеше су ала алмай жатсам, жүгіріп келіп суымды алысып, үйге жеткізіп берді.

Қос қарияның әңгімесін естіген Күлдеш апайдың көңілі судай тасып кетті. Тіпті қуанышы қойнына сыймай:

-Неге келіп едім, осы? – деп сасқалақтады.

- Тұз! –деді Зәукен.

С.Тұрдалиев

Қосымша 2

«Галереяға саяхат»

Қосымша 3

(Т) Оқушыларға мақал – мәтелдің жалғасын тауып, мағынасын түсіндіру ұсынылады.

1. Алғыспен ел көгерер,

..................................... (Жаңбырмен жер көгерер)

2. Ата алдында құрмет,

............................................(Ана алдында қызмет)

  • Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.
  • Әдептілік- әдемілік.
[attachment=26545:did_-mater__tydarmanny-nazaryn-audartu.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу