Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру. Мұхтар Әуезов «Аңшы». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

Қосымша 2

Аңшы

 Өзенді өрлеп, Саршегірдің шабытты кезінде құс ілдірмек боп келе жатқан бозбала судыр қағып, жылжып келе жатқан бозжорғаны қайта – қайта тебініп асығады.

Түрілген суық қабатты анда – санда бір қағып, өзен бойына қадалып келе жатқан Саршегірдің алтындай сары көзі ашумен от бүркіп тұрғандай. Еліріп иек қаққандай болып, анда- санда қылмаңдаған басынан өлімнен де таймайтын, іздегенге жау екені білінгендей. Басын шайқатып, кекшиіп, екі қанатын салбыратып жіберіп, шыдамсызданып отырып, аңшының қолғап киген қолын жембасарымен, тегеуірінімен сығымдап қысып қояды. Бір мезгілде асығып келе жатқан аңшы тасада отырған екі қаздың тұсына келіп қалып, қайта жалт берді. Жемді көзі шалып қалған Саршегір қолына жалт қалды.

Аңшы жылдамдатып кейін шегініп, боз жорғаны қамшылап, дабылды ыңғайлап алып, шаба жөнелді. Бірер секундтың шамасында қаздарға жақындап келіп, қаршығаны серпіндетіп лақтырып жіберіп, дабылды қағып- қағып қалды.

Дабылдың дауысынан шошынып ұшқан қаздар, қанаттары судырлап, қарбаласып тік ұшты. Садақтың оғындай суылдап қыран жөнелді.

Құлшынып жөнелген Саршегір ұшқыр қанатын сып – сып еткізіп, екі – үш қаққанда, әлі күнге ұйлығып, жөнделе алмай бара жатқан қаздардың жанына жетіп қалды.

Келесі секундта Саршегір мәшиненің айналысындай бір айналыс жасағанда, аспандағы үш құстың жарқ- жұрқ еткен шапшаңдығы, ұйқы- тұйқы болып жанталасқан қарбаласы көрінді.

Аржағында аңырап тұрған аңшыға қабақ қаққандай уақыт өткенде бір қазды шалқасынан ұстап сығымдап, төмен қарай созылып келе жатқан Саршегір көрінді. Қыран қазды шұбатып алып түсіп, басып қалды. Аман қалған қаз аспаннан төгіле келіп, сабаласа да Саршегір жемін жіберген жоқ... Әне, аңшы да атын борбайлап шаба жөнелді.

Мұхтар Әуезов

Қосымша 3

-Аңшы аңға қай уақытта шығады?

- Аңды немен аулайды?

-Аңшыға дабыл не үшін керек?

Қосымша 4

Пікір

Берілген сөздер бойынша өз пікіріңді айт.

Дәлел

Өз пікіріңді бір сөйлеммен дәлелде.

Мысал

Пікіріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтір.

Қорытынды

Тақырып бойынша қорытынды шығыр.

Қосымша 5

1. Аңшының кешіккеніне сүйсін.

2. Ит иесі үшін, құс тамағы үшін алады.

3. Аңды не көрінбеген атады, не ерінбеген атады

4. Түлкі алған итке сын жоқ

[attachment=26542:did_-mater_shyarma-mazmny-bojynsha-sratar-oju-zhne-zhauap-beru.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу