Шығармадағы оқиғаны болжау. Қ. Мырза- Әли «Екінші мамандық». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мамандықтар әлемі

Күні:

Сынып: 4

Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы, Халықаралық мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Жанбосынова Н.С.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау.

Қ. Мырза- Әли «Екінші мамандық»

Оқу мақсаттары

4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру

4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбы бойынша сюжеттің дамуын болжайды, шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды.

Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбы бойынша сюжеттің дамуын болжап, себебін түсіндіреді, автордың ойын мәтіннен дәлелдер келтіріп айтады.

Кейбір оқушылар: шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі бойынша сюжеттің дамуын болжайды, автордың ойын шығармадан дәлелдер келтіре отырып дәлелдейді, қорытынды жасайды.

Бағалау критерийлері

  • шығарманың тақырыбы бойынша сюжеттің дамуын болжайды;
  • шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды;
  • автордың ойын мәтіннен дәлелдер келтіріп дәлелдейді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Балта, қашау, оқтау

Құндылықтарды дарыту

Топтық және жұптық жұмыстарды жасату арқылы оқушылардың арасында құрмет, ынтымақтастық, «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік» құндылықтарын қалыптастыру. Еңбек пен шығармашылық, өмір бойы білім алуға үйрету.

Пәнаралық байланыстар

Шығарма мазмұнын әңгімелеу өз ойын жүйелі жеткізу, сөйлемдегі сөздердің байланысы, сөйлем түрлерін орынды қолдану арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Шығармадағы оқиғаның ретін біледі, кейіпкердің іс – әрекетіне баға бере алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

(ТЖ) Ширату тапсырмасы

(МК,Ұ) «Кір жайғыш» әдісі арқылы жұмбақтарды шешеді. Жұмбақтар конвертке жасырылады, кір жайғыштан алады.

1)Жансыз жарады,

Жанды ұрады. (Балта)

2)Сүбелі, бүйірі бар, қабырға жоқ,

Жүреді екі қол омыртқа жоқ.

Ал өзі өмір бойы жер баспайды,

Бақай, тірсек, тілерсек, тобық та жоқ. (Оқтау)

3) Есiктегi құлыпқа,

Ұя жасау — өнерiм.

Шаңырақтан уыққа

Үңгiр қазып беремiн.   (Қашау)

Тапқан жұмбақтың шешуіндегі сөздерді

кестеден тауып боя.

С

А

Й

М

Қ

А

Н

У

А

Л

Б

Р

А

Е

Г

Е

Т

О

А

Л

Ш

Л

П

Ң

А

К

Л

Т

А

П

Н

Б

О

Қ

Т

А

У

Ш

Ы

Е

А

Д

А

Ы

Д

В

Е

К

М

А

М

А

Н

Д

Ы

Қ

Кестедегі балта, қашау, оқтау, еңбек, мамандық сөздері арқылы сабақтың тақырыбына болжау жасау.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру;

Бағалау критерийлерімен таныстыру.

Слайд №1-4

Қосымша 1,2

Сабақтың ортасы

6-8 минут

9-15 минут

16-21 минут

22-29 мин

30-37 мин

1-тапсырма «Алғашқы бестік»

(МК, Ұ) Балта, қашау, оқтау деген сөздерді естігенде ойларыңа не келеді? алғашқы ойларына келген 5 сөзді алдарыңыздағы стикерге жазып, өз ойларын айтады.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

Б. Оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

2- тапсырма

(Ө,Т) Қадыр Мырза – Әлидің «Екінші мамандық» мысал өлеңін оқу тапсырылады.

Мұғалім оқушылардың назарын оқулықта берілген өлеңге аударту; Өлеңді оқуға уақыт беру.

Оқудың алдында оқушыларға оқылымның критерийлерімен таныстыру:

  • Әрбір кейіпкердің не айтқанын, олардың іс- әрекетін есте сақтау;
  • Рөлге ене отырып, дауыс ырғағын келтіріп оқу;
  • Өлеңді түсініп оқу.

Егер критерийлері дұрыс орындалған жағдайда тапсырмаларды орындауда жеңіл болатынын ескерту қажет.

Мысалды белгіленген жерге дейін оқу.

...Бұл әңгіме тосын- ды.

Төбесінде ойнаймын!

Бұрай алмай шрупты.. деген азат жолына дейін оқу.

Б. «Бағдаршам» түстеріне сәйкес бірін- бірі бағалайды.

3- тапсырма

 Әрі қарай не болады деп ойлайсыңдар? Мысалдың соңын болжап айтып көр. Өлеңді жалғастырып оқиды. Болжамдарымен салыстырады.

Саралау: тапсырма қабілеті бойынша сараланады. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілетті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушыларға көмек көрсетеді.

(ҚБ) Дескриптор:

  • өлеңнің соңын болжап айтады;
  • өлеңдегі оқиғаны жүйелі жалғастырады;
  • сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

Мысал өлеңнің қорытынды бөлігін мұғалім оқып береді. Оқушылар өз болжамдарымен салыстырады.

4- тапсырма

(МК,ЖЖ) Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру тапсырылады немесе сұрақтар үлгісі ұсынылады.

-Мысал кейіпкерлерін ата.

-Балта, қашау, оқтаудың қандай пайдасы бар? Олар қандай қызмет атқарады? Өмірмен байланыстырып мысал келтір.

- Құрал- саймандар қатарын қандай заттармен толықтырар едің?

- Өлеңнің негізгі ойын анықта.

АТАУ

ЛАРЫ

ҚЫЗМЕТІ

ЕКІНШІ МАМАНДЫҒЫ

Балта

ағашпен жұмыс істегенде шабуға, жаруға қолданылатын өткір жүзді, металдан жасалған ағаш сапты шапқыш құрал.

Балға жоқта шегені қағады

Қашау

темір кесуге арналған, жүзі бар құрал.

Шрупты бұрайды

Оқтау

қамыр жаятын жылтыр ағаш білікше.[1]

Тентектер тыңдамаса төбелерінде ойнайды

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма оқушылардың барлығына ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Көптеген оқушылар сұрақтарды өздері құрастырады. Кейбір оқушылар өз ойларына өлеңнен мысал келтіре отырып дәлелдейді.

ҚБ. Дескриптор:

  • мәтін бойынша сұрақтар қояды;
  • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

5- тапсырма

(Ө) Оқушыларға кесте толтыру ұсынылады.

Өлеңнен үзінді

Кейіпкері

Жаз ба, күз бе, қыс мейлі,

Шебер қолдан түспеймін.

Балға жоқта балғаның

Қызметін де істеймін.

Тек нан илеп қоймаймын,

Мен де көп ой ойлаймын.

Тоқпақ болып тентектің

Төбесінде ойнаймын!

Кресло- кереует...

-Алса қолға шеберің,

Болмас маған теңерің.

Неше түрлі ағашты

Бұзбай атам жүріпті.

Ал мен болсам қосымша,

Бұрай алмай шрупты!

Саралау: тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Оқушылар бір- бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) «От шашу» әдісі арқылы бағалау.

Қосымша 3,4

Слайд №5

Қосымша 5

Слайд №6

Қосымша 6

слайд №7

қосымша 7

Сабақтың соңы

38-40 мин

Рефлекция: «Таңдау» әдісі

• 1. Мен сабақ қызықты/ қызықсыз болды деп ойлаймын.

• 2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені үйрендім/ үйренгенім аз болды.

• 3. Мен басқаларды мұқият / зейінсіз тыңдадым.

• 4. Мен пікірсайыстарға жиі /сирек қатыстым

• 5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын /риза емеспін.

Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою тапсырылады.

Слайд №8

Қосымша 8

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау. тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

Қабілетті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушыларға көмек көрсетеді.

Көптеген оқушылар сұрақтарды өздері құрастырады. Кейбір оқушылар өз ойларына өлеңнен мысал келтіре отырып дәлелдейді.

Қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Оқушылар бір- бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

«Смайлик» арқылы бағалау

«Бағдаршам» әдісі. «От шашу» әдісі арқылы бағалау.

(ҚБ) Дескриптор:

  • өлеңнің соңын болжап айтады;
  • өлеңдегі оқиғаны жүйелі жалғастырады;
  • сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

(ҚБ) Дескриптор:

  • мәтін бойынша сұрақтар қояды;
  • мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • өлеңнің негізгі ойын анықтайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

[attachment=26528:mzh_-shyarmaday-oiany-bolzhau-1.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу