Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну. Тайбурылдың шабысы(Қобыланды батыр жырынан үзінді). Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша №1

«Доп лақтыру» ойыны.

Қажетті сөздер:

жылқы, қой, сиыр, тай, қозы, бұзау

Қосымша №2

«Қақпа»

Тайбурылдың шабысы

(Қобыланды батыр жырынан үзінді)

Бұған Қобылан қуанып,

«Шырағым бурыл, шу!»- деді.

Құбылтып бурыл гуледі,

Табаны жерге тимеді.

Тау мен тасты өрледі,

Төрт аяқты сермеді,

Құлақтың түбі терледі,

Тер шыққан соң өрледі,

Адырды көзі көремді.

Көлденең жатқан көк тасты,

Тіктеп тиген тұяғы,

Саз балшықтай иледі.

Қараша емес қауысты,

Қоңыраулатып дауысты,

Жақын қылды алысты.

Берсін кімге намысты.

Күн төбеден аумай – ақ,

Түзеді бурыл шабысты.

Қос құлағы тігілді,

Қайырға біткен қамыстай.

Түс ауған соң бүгілді,

Илеуі жеткен қамыстай.

Байлаулы малдай шешілді,

Төрт аяғы көсілді,

Әбіре сымдай есілді.

Кешегі кеткен қосынға,

Жетемін деген Қобыланның

Жоқ еді тіпті есінде.

Бұлаңдаған Бурылмен

Артық туған Қобыланды

Аңқып жетті бесінде ....

Қобыланды гулеп жөнелді,

Көп қиятқа қарамай,

Қалың қият, көп қосын,

Бәрі қалды артында,

Бірі еруге жарамай.

Сонда бурыл гуледі,

Табаны жерге тимеді,

Көлденең жатқан көк тасты,

Тіктеп тиген тұяғы,

Саз балшықтай илейді...

Қарсы келген қабақтан,

Қарғып басып жөнелді.

Сеңгір – сеңгір таулардан,

Секірте басып жөнелді.

Ол төбе мен бұл төбе,

Бауыры шұбар көл төбе,

Онан да өтіп жөнелді.

Қамыстының қазды көл,

Қоғалының қулы көл,

Жегендінің желді көл,

Шағалалы шалқар көл,

Қызғыштының қызды көл,

Құмыра, қотан қос көлден,

Айналасы бес көлден,

Бәрінен өтіп жөнелді.

Кесте үлгісі:

Сөз

Біз қалай түсіндік

Сөйлем құрастыр

Сөздіктегі мағынасы

Жазылып, тақтаға ілініп қоятын сөздер:

Қалың қият

бурыл гуледі

Төрт аяғы көсілді

Сеңгір – сеңгір таулар

Қосымша №3

«Кірпіш»

Сұрақтар:

- Жырда автордың айтайын дегенін бір сөзбен жеткіз?

-Автор тайбурылдың шабысын қалай бейнеледі?

-Тайбурылдың сеңгір таулардан өткен жерлері қалай суреттелген?

-Тайбурылдың Қобыланды батырға беріктігі туралы қандай қорытынды айтар едің?

Қосымша №4

«Салыстыру картасы»

әсірелеу

теңеу

эпитет

кейіптеу

Қосымша №5

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Нұсқау:

Басы – тақырыпқа сай сұрақ;

Құйрығы – сұраққа жауап немесе қорытынды;

жоғарғы жақ сүйектері – мәселе себептері;

төменгі жақ сүйектері – себептердің салдары.

Қосымша №6

Рефлексия

«Бәрі менің қолымда»

Бас бармақ – «Бұл тақырып бойынша әлі ізденіс қажет».

Сұқ саусақ – «Бұл мәселе бойынша нақты нұсқаулар берілді».

Ортан терек – «Маған бұл ұнамады».

Шылдыр шүмек – «Психологиялық эстафета».

Кішкене бөбек – «Маған бұл жерде жетпеді…».

[attachment=26507:didakt_material-shyarmashyly-zhmystardy-trli-formada-synu.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу