Тыңдарманның назарын аударту. С. Бегалин «Туған жер құдіреті». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, нұсқаулық.


 Бөлім: Мәдени мұра

 Сабақ тақырыбы: С. Бегалин «Туған жер құдіреті»

 Оқу мақсаттары:

 4.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын, нақыл сөздерді, шешендік сөздерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

 4.1.2.1 шығарма мазмұнын түрлі баяндау тәсілдерін (І немесе ІІІ жаққа өзгертіп, жағдаяттар қосып, оқиғаларды өрбітіп) қолданып, шығарманы қысқаша/ толық/ ішінара мазмұндау

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: шығармаға сәйкес мақал-мәтелдерді айта алады, шығарманың мазмұнын өзгертіп қысқаша мазмұндай алады;

 Көптеген оқушылар: шығармаға сәйкес мақал-мәтелдерді вербалды емес тілдік құралдарды қолдана отырып айтады, шығарманың мазмұнын түрлі жағдаяттар қосып мазмұндай алады;

 Кейбір оқушылар: вербалды емес тілдік құралдарды қолдана отырып, шығармаға сәйкес мақал-мәтелдермен мысалдар келтіре алады шығарманың мазмұнындағы оқиғаларды өрбітіп ішінара мазмұндайды.

 

 Бағалау критерийлері:

  • Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады;
  • Шығарманы мазмұндауда түрлі баяндау тәсілдерін қолданады.

 Сабақ барысы

Сабақтың басы: Ширату тапсырмасы «Тізбектер» әдісі арқылы орындалады.

 Оқушылар тізбектеле тұрады. Мұғалім Туған жер тақырыбына байланысты суреттерді интербелсенді тақтадан көрсетеді де, оқушыларға суретке қатысты бір сөз айтуын ұсынады. Келесі тұрған оқушы оны жалғастырады, яғни тақырыпқа қатысты келесі сөз айтады. Осылайша жалғаса береді. Оқушылардың санына байланысты бір немесе бірнеше айналым жасауға болады.

 Коммуникативтік тәсілдемеге негіздей отырып, тыңдалым-айтылым дағдылары дамыталады. Ойын кезінде бірлесіп жұмыс жасау арқылы ынтымақтастыққа тәрбиеленеді.

 

 

 Бастапқы білімді қайталау.

 (Ұ; МК) «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларға туған жер туралы мақал-мәтелдер ұсынылып, мағынасын ашуға байланысты туған жердің маңызы туралы сұрақтар қойылады. Оқушылардың тез жауап берулері қадағаланады.

 Сұрақтарды оңайдан бастап қиындатуға болады.

 Мақал-мәтілдер:

 1.Туған жердей жер болмас,

  Туған елдей ел болмас.

 2.Туған жер – тұғырың,

  Туған ел – қыдырың.

 Үлгі сұрақ:

 - Мақал-мәтелдерді қалай түсінесіңдер?

 - Туған жердің қадірі туралы қандай ой айта аласыңдар?

 Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийімен таныстыру немесе бірлесе құрастыру.

 мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды сөйдеу барысында қолдануды білеміз, шығарманың жанрлық ерекшеліктерін анықтауды үйренеміз.

 Сабақтың ортасы:

 (Ж) 1-тапсырма. Жұптық жұмыс

 «1 минуттағы ой» әдісі.

 Оқушылар интербелсенді тақтадан тақырыпқа байланысты суреттер көргенде ойларына не түсті, соны 1 минут ішінде жазады. Суреттерге қарап, нақыл сөздер құрастырады және түсіндіреді Егер оқушылар сөздерінің ішінде ерекше сөздер болса, сол сөзді не үшін жазды, бұл тақырыпқа (не айтылған сөзге қандай қатысы бар) соны айтып берулері керек. Үлгі ретінде тақырыпқа байланысты бірнеше нақыл сөздер ұсынылады:

 

 Туған жердің жуcаны жұпар

 

 Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

 

 (Мұғалім басқа да нақыл сөздерді ұсына алады)

 Саралау. Саралаудың қорытынды тәсіліне сүйене отырып, барлық оқушыларға бағытталған нұсқау беріп, нақыл сөздер құрастырғанда мүмкіндіктеріне қарай іртүрлі жауаптары қабылданып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне қол жеткізуге қолдау көрсетіледі.

 (ҚБ). Бір жұпты басқа жұп ауызша бағалайды. «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Керемет!», «Жақсы!».

 

2 тапсырма

 (Ұ; Т; МК) Оқылым, тыңдалым, айтылым.

 Оқушыларға С. Бегалин «Туған жер құдіреті» әңгімесін («Бала Шоқан» повесінен үзінді) түсініп оқу ұсынылады.

  «Бумеранг» әдісі.

 Әр топқа оқылған мәтінді түсіну үшін сұрақтар құрастыру тапсырылады. Сұрақтарын келесі топқа береді. Олар сол сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың барлығы да қатысады. Тақырыптың ішінде қалып қойған бөлімдері болса, мұғалім өзі әр топқа сұрақ қоюына болады.

 Үлгі сұрақтар:

  • Шоқанның туған жері қай ел?
  • Шоқанның туған жерін жолсерігі қандай деп ойлаған ?
  • Шоқан туған жерін қалай суреттеген?

 Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсіліне сүйене отырып, сұрақтарға жауап беру барысында топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.

 (ҚБ) «Ашық-жабық алақан» әдісі арқылы бағаланады. Оқушылар жауаптары дұрыс болса топтар біріне бірі ашық алақан, дұрыс емес болса жабық алақан көрсетіп отырады.

 

 3-тапсырма Жазылым, айтылым, тыңдалым.

 (Т; МК) «Түйінді сөздер» әдісі.

 Нұсқау: Мұғалім оқылған мәтіннің ішінен қарамен жазылған сөздерді әр топқа бөліп береді. Оқушылар топ болып бірігіп сол сөздердің анықтамасын, мағынасын ашып, автордың идеясы неде екенін мақал*мәтелдерді қолдана отырып басқа топтарға түсіндіреді. Ойларын дәлелдеу үшін мысал келтіреді.

  •  топ: «Қазақ даласы, әсіресе Арқат, Еңірекей тауларының алабы»
  •  топ: «Аякөз маңы, онан өте Қозы Көрпеш пен Баян зираттары тұрған Айқыз, Таңсық өзендерінің бойы»
  •  топ: «халқымыздың мекені шалқып тұрған ән мен күй, әсем жыр»

 Коммуникативтік тәсілдемеге негіздей отырып, оқушылардың тыңдалым-айтылым, жазылым дағдылары қалыптасырылады. Осы тапсырманы орындау кезінде оқушылардың түсініп алу икемділігін, өз пікірін ашық айтуға үйренеді. Ашықтық құндылығын дарытылады.

 Саралау: Қарқын тәсілі арқылы қарқыны жылдам кейбір топтарға өлеңнің жанрлық ерекшеліктеріне сипаттама беруді ұсынуға болады.

 (ҚБ) «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша топтық бағалау жүргізіледі.

 

 Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы.

 4-тапсырма (Ө; Ұ) «Шеңбердегі әңгіме» әдісі

 Оқушыларға шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі баяндау тәсілдерін қолданып мазмұндау ұсынылады.

 Орындықтарды оқушылар бір-біріне қарап отыратындай қылып ортаға (ішкі және сыртқы) шеңберге отырады. Бір-біріне қарап отырған жұптар өтілген тақырып бойынша 5 минутта қысқаша мазмұндайды. Әрбір оқушы 100 секунд сөйлейді. Уақыттың біткенін мұғалім қызыл карточка көрсету арқылы белгілейді. Бес минут біткеннен кейін сыртқы топ орнынан тұрып жылжиды.

 Саралау. Диалог пен қолдау көрсету тәсілі арқылы шығарманы мазмұндауда қиналған оқушыны ойланту үшін және бірқатар жауап алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды беріле отырып, оқушылар ынталандырылады.

 (ҚБ) Дескрипторлар арқылы бағалау жүргізіледі.

 Дескрипторлар:

  • кейіпкер іс-әрекетін І жаққа өзгерте алады;
  • рөлге еніп мәтінге сәйкес мазмұндайды.
  • шығарма мазмұнының реттілігін сақтайды.

 

 Сабақтың соңы.

 Қорытынды.

  5-тапсырма

 (Ұ) «Микрофон» әдісі

 Оқушылар қолдарына микрофон ұстап бүгінгі өткен сабақтағы мәтін мазмұнына байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.

 Оқушылар жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдылана отырып, сыни ойлау дағдыларын дамытады. Құнды ой жинақтап, ойын анық айтуға дағдыланады.

 

 Рефлексия: «Бастағы қалпақ» әдісі

 Оқушылар дөңгелене, шеңбер құрып тұрады. Музыка қосылады, сол уақытта оқушы басындағы қалпағын келесі оқушының басына кигізеді, ол келесі оқушының басына кигізеді т.с.с. Музыка тоқтағанда қалпақ кімнің басында сол бүгінгі сабақ туралы өз ойын ортаға салады.

 Үйге тапсырма: Оқушыларға өзінің туған жеріндегі мәдени мұралар туралы деректер жинақтап, таныстырылым жасау ұсынылады.

 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.

 

[attachment=26504:nsauly-1_4-tydarmanny-nazaryn-audartu.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу