Түрлі дереккөздерден ақпарат алу. «Қара құлып» Сайын Мұратбеков. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адами құндылықтар Күні: Сынып: 4-сынып | Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г. А Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы | 2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу «Қара құлып» Сайын Мұратбеков | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка (күй)/ мультфильм) нұсқасымен салыстыру; 4.2.9.1 түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау және себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету . | ||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Мәтінді күйдің үзінді нұсқасымен салыстырып, қажетті ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсетеді. Көптеген оқушылар: қажетті ақпаратты тауып, сызба түрінде түрлендіре алады. Кейбір оқушылар: өз тұжырымдарын дәлелдей алады | ||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәнге тән лексика мен терминология: Құлып, тастай суық, кәмпит, сандық, .. . тб. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Кейіпкерлерге мінездеме береді | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жұппен жұмыс барысында оқушылардың арасында ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптасады. Жеке жұмыс жасау барысында еңбек ету және шығармашылық құндылықтары қалыптасады. Тапсырманы орындай отырып, тақырыпты өмірмен байланыстырады. | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өз ойын білдіруде, екі нұсқасын салыстыруда, сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтау кезінде қазақ тілі пәнімен, тыңдау барысында веруальды елестету қ арқылы музыкамен байланыс жасалады. | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | https://www.youtube.com/watch?v=XtCNj41f96Y күйді тыңдайды | ||||||||
Бастапқы білім | Шығарма мазмұны бойынша ашық сұрақтар құрастыра алады, шығарманың тақырыбы мен идеясын таба алады; өз ойын дәлелдер келтіре отырып жеткізе алады. | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 3 минут | Ширату. «Ырғақты әуен» ойыны. Әр топтың парталарының бір бұрышына алдын-ала сандық, шеге, құлып, кәмпит деген сөздерді ілінеді. Оқушылар осы сөздер бойынша шағын мәтін құрастырады. Одан кейін әуен ойнатылып, сол әуеннің ырғағымен балалар партаны айналып жүреді. Әуен тоқтағанда балалар да тоқтайды. Қағаз жабыстырылған партаның қасына тоқтаған бала сөздерді оқып, оның не екенін анықтайды. Бұл ойын 2-3 рет қайталанады. Сабақ мақсаты: әңгімені Құрманғазы Сағырбайұлының «Қайран шешем» күйін Дина Нұрпейісованың орындауында тыңдап, ана көңілі туралы айтылған үзіндісімен салыстырып, қажетті ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсетеді. Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Бағалау критерийін бірлесе құрастыру немесе таныстыру. | 3 слайд | |||||||
Сабақтың ортасы 7 минут 6 минут 10 мин 9 мин
| 1-тапсырма Мұғалім «Миға шабуыл» әдісін қолдана отырып, Сайын Мұратбековтің «Қара құлып» әңгімесін «Болжап оқу» әдісі арқылы оқиды. Мәтінді бөліктерге бөліп оқып, әр бөліктегі сюжеттің дамуына болжау жасайды, себебін түсіндіреді. Жасаған болжамдарын мәтін бөліктермен салыстырады. Қ.б. «Мадақтама» Оқушылардың берілген тапсырма бойынша жауаптарын «Өте жақсы» «Жақсы» сөздерімен мадақталады. 2-тапсырма (Ө), (ЖЖ). Құрманғазы Сағырбайұлының «Қайран шешем» күйін Дина Нұрпейісованың орындауында тыңдап, ана көңілі туралы ойларын ортаға салады. Оқыған әңгіме, тыңдаған күй бойынша сұрақатар құрастырады. ҚБ: 2 жұлдыз, 1 тілек. Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат. Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе. 3-тапсырма «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Бұл тапсырма дереккөздерден ақпарат алуға негізделеді. Оқушылар мұғалімнің ұсынған журналдар мен кітапшаларын таңдайды.
ҚБ. Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!»сөздерімен мадақтаймын. 4-тапсырма (Т). «Елші» әдісі. Құрманғазы Сағырбайұлының «Қайран шешем» күйін Дина Нұрпейісованың орындауында тыңдап, ана көңілі туралы айтылған жерін «Қара құлыптағы» «Кешкiсiн апам қабағы түсiп, бiздi жабырқау қарсы алды. Бiрақ ұрыспады. Қара құлып, өзi зiлдей ауыр құлып, ала сандықтың үстiнде жатыр. – Апа, сандықтың аузын неге жаппайсың? – дедiм мен бiрде шыдай алмай. – Жауып қайтем, бәрiбiр сен құлыпты ашуды үйренiп алдың ғой, – дедi апам. – Ақылың бар болса, кәмпиттi сұрап жерсiң, ақылың жоқ болса, ұрлап жей бер» үзіндісімен салыстырып, қажетті ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсетеді. Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Әр топ осы сұрақ бойынша ақылдасып, жазады.
ҚБ: «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім. | 2-қосымша 4 слайд 2-қосымша 5 слайд | |||||||
Сабақтың соңы
5 минут | Рефлексия: «Бір минут» әдісі. Оқушылар екі топқа бөлініп, бір - біріне қарама қарсы тұрып, кезек бойынша бір минут ішінде сабақ тақырыбы бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз жəне қатесіз сөйлейді. | 6 слайд | |||||||
Саралау | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
1–тапсырма: Ресурс (дереккөз) арқылы саралау тәсілі жүзеге асады. Мұнда жоғары ойлау деңгейлі оқушылар анағұлым күрделі сөздерді пайдалана отырып, дереккөздермен жұмыс істей алады. 2-тапсырма «Диалог және қолдау көрсету» саралау тәсілі жүзеге асады. Мұнда сұрақ құрастыруда қиналатын оқушылар үшін қосымша жетелеуіш сұрақтар беріліп (оқыған немесе тыңдағандары бойынша), сөзбен қолдау көрсету маңызды болып табылады. 3-тапсырма Диалог және қолдау көрсету тәсілі Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында сұрақ қойып қолдау көрсетеіледі. 4-тапсырма «Тапсырма тәсілі» арқылы күрделілігіне қарай алға іргерілеп отыратын тапсырмалары бар карточкаларды пайдалануға болады. | Дескриптор: -мәтінді оқиды: -мәтін нұсқасын күй нұсқасының үзіндісімен салыстырады; -қажетті ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсетеді.
| АКТ пайдаланған кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтауды қадағалау. | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия | |||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?