Қатені табу және түзету. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Құндылықтар

Күні:

Сынып: 4

Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы, № 54 мектеп-лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г.А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

3.4 Қатені табу және түзету

Оқу мақсаттары

4.2.8.2 көркем шығарманы басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм, кинофильм) нұсқасымен салыстыру;

4.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше сын тұрғысынан бағалау және лексикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателерді тауып түзету

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды және өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады, түзетеді.

Көптеген оқушылар: шығарма құрылымын жетілдіреді, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді сұрақтар құрастыруда қолдана алады.

Кейбір оқушылар:сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтап, қателереді тауып және түзеткенде өзіндік пікірін дәлелдей алады .

Бағалау критерийлері

  • сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды;
  • сұрақтар құрастырады және жауап береді;
  • орфографиялық, пукнтуциялық қателерді тауып, түзетеді;
  • қатесіз, сауатты жазады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: тау етегі, алты батпан, тобылғы, жеті қабат, жер асты, ...т.б.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Қаңбақ не деп мақтанды? Қаңбақтың бүркітпен әңгімесі немен аяқталды? Қаңбақтың іс әрекеттері дұрыс па?

Құндылықтарды дарыту

Жұппен жұмыс барысында оқушылардың арасында ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптасады.

Жеке жұмыс жасау барысында еңбек ету және шығармашылық құндылықтары қалыптасады.

Тапсырманы орындай отырып, тақырыпты өмірмен байланыстырады.

Пәнаралық байланыстар

Сөйлемдегі сөздерге дұрыс жалғау, тыныс белгілерін дұрыс қолдану арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтадан суреттер мен тапсырмалар әзірленген презентация көрсету

Бастапқы білім

Мәтіндегі оқиғалар ретін біледі, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыра алады, сөйлемнің тыныс белгілерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

) «Ассоциация» жаттығуы

Сабақтың тақырыбына байланысты «Қаңбақ және Жел» сөздері жазылады. Барлық оқушыларға парақ таратылады. Бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынылады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу ұсынылады. Жазған сөздерді қатармен бірігіп оқытуа болады. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойлары қорытындыланады. Қорытындылау негізінде сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты анықталады.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру: сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды және өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табады, түзетеді. Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

Слайд № 4

Слайд № 1,2, 3

1-тапсырма

(ЖЖ) «Суреттер сөйлейді» әдісі.

Суреттегі Қаңбақ пен Таудың не жөнінде айтып отырғандарын болжа. Оқиғадан кейін не болуы мүмкін?

1.Оқушылар оқиғаның дамуындағы өзгерістерді анықтау үшін, сурет бойынша топта ойларын бөліседі.

2. Қаңбақ пен Бүркіттің арасындағы диалогты құрастырады.

3. Топтар құрастырған диалогтары бойынша шағын сахналық қойылым қояды.

Саралау: Қорытынды тәсіл. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Топтағы қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушыға ой бөлісіп, идеясын ортаға салып көмектеседі. Оқушыларға өз ойын еркін айтуға, дәлелдеп айтуға, өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік беріледі.

Б: «Смайликтер». Оқушылар тақырыпқа қатысты алған білімдерін білдіру үшін смайликтерді көрсетеді.

2-тапсырма

(Ө) «Үш сөз және сөйлем» әдісі. «Тау мен Қаңбақ» ертегісі

Оқиғаның дамуындағы өзгерістерді анықтап, ертегіні іштей түсініп оқы.

1. Мұғалім ертегінің басын дауыстап оқып береді. Оқушылар тыңдап отырады. Мұғалім оқыған бөліктегі оқиғаны бірігіп анықтайды.

2.Оқушылардың ертегіні әрі қарай жалғастырып оқып шығуы үшін уақыт беріледі. Оқи отырып оқиғаның дамуындағы өзгерістерді анықтап отырады.

3.Оқиғаның дамуындағы өзгерістер жайлы жинағандарын, ортада талқылап өз пікірлерін ортаға салады.

4.Мазмұнды түсінгендіктерін тексеруге арналған сұрақтар:

-Қаңбақтың Тауға берген жауабы қандай?

-Қаңбақ Бүркітке неліктен мақтанды деп ойлайсың?

-Қаңбақтың мақтаныш сезімі немен аяқталды?

-Ертегідегі негізгі ой не туралы? Қандай қорытынды шығаруға болады?

5. Оқушылардан өз ойларын, пікірлерін пысықтау үшін ертегіні қайта шолуды тапсырыңыз.

Саралау: Қарқын тәсілі арқылы. Іштей түсініп оқуда оқушылардың деңгейіне байланысты уақытты белгілеу жоспарланады.

Б: Оөушылардың өзін өзі бағалдауы.

3-тапсырма

(Т) «Пирамидалық талқылау» стратегиясы арқылы оқушыларға қаңбақтың тауға айтқаны және қаңбақтың бүркітке айтқаны суреттелетін эпизодтарды салыстырып, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау тапсырылады.

Саралау: Диалог жəне қолдау көрсету. Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты əрі нақты көмек қажет болады. Оқушыларды ойланту үшін жəне бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюға болады.

(Б) Oқyғa дeгeн қызығyшылығын apттыpy мaқcaтындa «Жapaйcың!», «Кepeмeт!», «Тaмaшa!» дeгeн cөздepмeн ayызшa мaдaқтay apқылы оқушылар ынтaлaндыpылады.

4- тапсырма

(Т,Ұ) Ертегі үзіндісінен мағынасы сәйкес келмейтін қателерді тауып, дәптеріңе түзетіп жаз.

Карточкаға жазылған келесі мәтін оқушыларға таратылады. Бір тауды жел айдап, үлкен қаңбақтың етегіне әкеп тастайды. Тау бұған қуанып күлді. Сол кезде жел соғып, қаңбақты дедектеткен бойы тауға алып шықты. Аспаннан қайта жерге әкеліп, ары – бері жүгіртті. Ойға-қырға ойнатты. Ақыр аяғы өлдім – талдым дегенде, таудың басында өскен бір шоқ тобылғының қасына тастап, өз бетімен жүріп кетті.

Дұрыс жауап: Тау бұған жымиып күлді. Сол кезде құйын соғып, қаңбақты дедектеткен бойы аспанға алып шықты. Аспаннан қайта жерге әкеліп, ары – бері аунатты. Ойға-қырға домалатты. Ақыр аяғы өлдім – талдым дегенде, таудың бетіне өскен бір шоқ тобылғының басына іліп тастап, жайына жүріп кетті.

Алдымен олар топтарында ойларын бөлісіп, қандай қателер бар екенін анықтайды. Топтарға флипчарт қағаз таратылады. Оқушылар қағазға дұрыс нұсқасын жазады. Топтар өз жұмыстарын қорғайды.

Саралау: Қорытынды саралау тәсілі. Бір тапсырма беріледі, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап берулері күтіледі.

Б. Мұғалімнің оқушылар жұмысын бағалауы.

Слайд № 5

Қосымша №2

Қосымша №1

Слайд № 6

Қосымша №3

Слайд №7

Қосымша №4

Слайд № 8,9

Қосымша № 5

Сабақтың соңы

Рефлексия «Бір минут» әдісі.

Оқушылар екі топқа бөлініп, бір - біріне қарама қарсы тұрып, кезек бойынша бір минут ішінде сабақ тақырыбы бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз жəне қатесіз сөйлейді.

Слайд № 10

Саралау

1-тапсырма. Қорытынды тәсіл. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Топтағы қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушыға ой бөлісіп, идеясын ортаға салып көмектеседі. Оқушыларға өз ойын еркін айтуға, дәлелдеп айтуға, өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік беріледі.

2-тапсырма Қарқын тәсілі арқылы. Іштей түсініп оқуда оқушылардың деңгейіне байланысты уақытты белгілеу жоспарланады

3-тапсырма. Диалог жəне қолдау көрсету. Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты əрі нақты көмек қажет болады. Оқушыларды ойланту үшін жəне бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюға болады. 4-тапсырма. Қорытынды саралау тәсілі. Бір тапсырма беріледі, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап берулері күтіледі.

Дескриптор

  • ертегіні түсініп оқиды;
  • ертегі бойынша сұрақтар құрастырады;
  • сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды;
  • сұрақтар құрастырады және жауап береді;
  • қателерді табады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік,қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

[attachment=26418:mzh_-ateni-tabu-zhne-tzetu.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу