«Өзара сын» Ә.Табылдиев. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: құндылықтар Күні: Сынып: 4 | Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы, №54 МЛ Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г.А Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | 1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау «Өзара сын» Ә.Табылдиев | ||||||||||||
Оқу мақсаттары | 4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндір; 4.1.5.1 өз ойын мен сезімін, көзқарасын өмірде болған /өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру. | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, өз ойын жеткізеді. Көптеген оқушылар: сюжеттің дамуын анықтауда кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне баға береді, өз ойын жеткізуде көркем -бейнелі сөздерді қолданады. Кейбір оқушылар:көркем-бейнелі сөздерді орынды қолданып, өз ойын жеткізеді, өмірмен байланыстырады. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Кішіпейіл, менмендік, құрдас, кемшілік, ... т.б. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп өзарар сыннаның пайдасы тиді деп ойлайсың ба? Әңгімені өз ойыңмен аяқта. | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық құндылықты дарыту Ашықтық құндылығы топта, жұпта жұмыс жасау кезінде ойын еркін айтуға жетелеу | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | «Әділ сөз» тақырыпта шағын әңгіме жазу кезінде сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтайды, сөйлемнің тыныс белгілерін қолдануда қазақ тілі пәнімен байланыс орнатылады. | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||||||||
Бастапқы білім | Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, кейіркерлерге мінездеме бере алады. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 0-3 минут | Ширату жаттығуы: (Ұ) «Броундық қозғалыс» ойыны. Сынып ішіне қағазға жазылған сөздер жасырылады.. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша сөздерді жинайды. Сөздердің үлгісі: (Жігітті — сын шыңдайды).
Сабақтың мақсаты: мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, көркем-бейнелі сөздерді қолданып өз ойын жеткізеді. Бағалау критерийімен таныстыру. | Слайд № 3 Қосымша № 2 Слайд № 2 | |||||||||||
Сабақтың ортасы 4-10 минут 11-19 минут 20 -29 минут 30-36 минут | 1-тапсырма (Ұ; Т; МК) «Белгі қойып оқы» әдісі. Ә.Табылдиевтің «Өзара сын» мәтінінен Досанның және Әділеттің сөздерін тауып , белгі қойып оқы. 1. (Ө). Өз бетінше оқуға 5-7 минут уақыт аралығы беріледі. Оқи отырып түсініксіз сөздерді белгілейді. 2. (МТ). Оқу алдында мұғалім мәтінде кездесетін түсініксіз немесе көркем-бейнелі сөздердің 1-2 талдау жасайды. Сөздер тақтаға жазылып іліп қойылады: сын – кемшілігін айту, менмендік- өзін жоғары санау Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ұжымның ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі. Б: «Басбармақ» әдісі арқылы өзіндік бағалау жүргізіледі. 2-тапсырма (Ұ; Т; МК) «Қақпа» әдісі. Мәтінен белгілеген сын сөздердің мағынасын түсіндір. 1. (Т, ЖЖ) Мәтінді оқып болған соң оқушылар өздерінің белгілеген сөздерін топта талқылайды. 2. (МТ) Талқылау аяқталғаннан кейін мұғалім тақтада қақпаның суреті мен кестені іліп қояды. Сыныпты екі топқа бөледі. 3. Мұғалім мәтін мазмұнынан бір сөзді немесе сөз тіркестерін айтады. Оқушылар сол сөздер бойынша берілген кестені толтырады. Жұмыс барысында оқушылардың рөлдерін ауыстырып отырған дұрыс. Үлгі:
Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша көркем бейнелі сөздерді анықтауда, өз пікірін айтуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Б: Толтырылған кестелерді өзара тексереді. Топтар бір-бірін бағалайды. 3-тапсырма (Т,Ұ) «Кезбе тілші» әдісі Мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп өзара сын айтыстың пайдасы бар ма, қалай ойлайсың? 1. Берілген сұрақ бойынша оқушылар өз топтарында ортақ бір шешімге келеді. Топтың барлық мүшелерінің ойы тыңдалады. 2. Әр топ өз жұмыстарын «Кезбе тілші» әдісі бойынша таныстырып шығады. Әр топтан бір тілші жіберіледі. Тілші сұрақты қояды, оқушылар өз жауаптарын береді. Тілші ретінде микрофон ұстаған оқушы жіберіледі. Микрофонды оқушыларға мұғалім береді. Тілші ретінді 4 оқушы таңдалады. Тілшілер кезекпен барлық топтарды тыңдайды. 3. Барлық топтардың жұмыстары тыңдалады. Тілшілер өздеріне ұнаған бір жауаппен бөліседі. Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға мәтін мазмұнына байланысты жетелеуші сұрақтар қоя отырып қолдау көрсетіледі. Б. Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!» сөздерімен бағалау. 4- тапсырма (Ө)«Сөйлеу құрылымдары» әдісі. «Әділ сөз» деген тақырыпта шағын әңгіме жаз. Әңгіме жазу барысында көркем-бейнелі сөздерді қолдан. Ардақты досым, сен үздік оқушысың, дегенмен .. Мен сені өзіме үлгі тұтамын, дегенмен ... Сен жеңе алатын кемшілік бар, ол ... мен саған сенем Досым сияқты кіріспе сөздер тізбегі берілген. 1. Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. 2. Жазғандары бойынша барлық ұжымға өз еріктері бойынша оқып береді. Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескеріле отырып, жауаптар қабылданады. Б: «От шашу» әдісі арқылы оқушылар жазғандарына талдау жасап, өздерін бағалау ұсынылады. | Слайд № 4 Қосымша № Түрлі-түсті стикерлер Слайд № 5 Қосымша №3 А 4 парақ қағазда кесте . Слайд № 6 Қосымша № Микрофон Слайд № 7 Қосымша №4 | |||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 минут | Рефлексия. «Тілек ағашы» әдісі (Ұ) Оқушыларға алма жемісінің пішінінде стикерлер таратылады. Стикерлерге бүгінгі сабақта оқу мақсатына жеткені жәні келесі сабаққа деген тілегі туралы кері байланыс жазып ағашқа жапсыру тапсырылады. | Слайд № 8 Қосымша № 5 | |||||||||||
Саралау. 1 тапсырма – Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ұжымның ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі. 2 тапсырма – «Қорытынды» тәсілі бойынша көркем бейнелі сөздерді анықтауда, өз пікірін айтуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. 3 тапсырма - Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға мәтін мазмұнына байланысты жетелеуші сұрақтар қоя отырып қолдау көрсетіледі. 4 тапсырма – «Қорытынды» тәсілі бойынша әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескеріле отырып, жауаптар қабылданады. | Дескриптор:
| ||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | |||||||||||||
Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік,қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?