«Алып қара құс – Самұрық» ертегісі. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, нұсқаулық.
Тарау: Менің Отаным – Қазақстан
Сабақ тақырыбы: 1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау. «Алып қара құс – Самұрық» ертегісі
Оқу мақсаттары:
4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру
4.1.5.1 өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру
4.3.2.1 таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: ертегінің қортынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжап, өз ойын жеткізеді, ертегіге жаңа сюжеттер қосып жазады
Көптеген оқушылар: ертегінің қортынды бөліміне сүйеніп, сюжеттің дамуын болжауда өз ойын, себебін түсіндіре алады
Кейбір оқушылар: ертегіге жаңа сюжеттер қосып жазуда ертегігінң негізі ойын айқындап жазады.
Бағалау критерийлері
- ертегінің қортынды бөліміне сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды;
- өз ойын білдіре алады
- ертегіге жаңа сюжеттер қосып жазады
Сабақтың басы:
Ширату тапсырмасы. Бастапқы білімді еске түсіру және сабақ мақсатын анықтау үшін жүргізіледі.
(Ұ) «Шеңберге тұру» әдісі
Oқyшылap бepiлгeн yaқыт iшiндe (1-1,5 минyт) бip пapaқ қaғaзғa өздepiнiң cүйiктi aдaмдapынaн ecтiгici кeлгeн кoмплимeнттi жaзaды. Жaзып бoлғaн coң oқyшылap бұл пapaқтapды дoмaлaқтaп, дoмaлaқ қapмeн aтысқан сияқты бip-бipiнe лaқтыpyы кepeк. Oқyшылapғa бip-бipдeн «қap дoмaлaғын» aшып, ішіндегі сөзді oқиды. Кoмплимeнттepдi бapлық oқyшылapдың кeзeктeciп oқyынa дa бoлaды.
Сабақтың мақсаты: ертегінің қортынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжап, өз ойын жеткізеді, ертегіге жаңа сюжеттер қосып жазады. Бағалау критерийімен таныстыру.
Сабақтың ортасы:
1-тапсырма.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық
Мәтінмен жұмыс. Тапсырма мәтінді іштей оқып, сюжеттің дамуын болжап, белгілеуге беріледі.
(Ұ; Т; МК) «Белгіле» әдісі. «Алып қара құс – Самұрық» ертегісін оқы.
1.(Ө). Өз бетінше оқуға 5-7 минут уақыт аралығы беріледі. Оқи отырып түсініксіз немесе көркем-бейнелі сөздерді белгілейді.
2. (МТ). Оқу алдында мұғалім мәтінде кездесетін түсініксіз немесе көркем-бейнелі сөздердің 1-2 талдау жасайды. Сөздер тақтаға жазылып іліп қойылады: «будақ-будақ, моншақ-моншақ»
Саралау: Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескеріліп, өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.
Қ/Б: «Бағдаршам» әдісі арқылы өзіндік бағалау жүргізіледі.
2-тапсырма.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
(Ұ; Т; МК) «Болжа» әдісі.
Ертегінің қортынды бөліміне сүйеніп, сюжеттің дамуын болжа, оның себебін түсіндір.
«Бірнеше ай, бірнеше күн жүргеннен кейін Хасанның алдынан үлкен қала көрінеді, қаланың айналасында көп киік жайылып жүр. Хасанның осы кезде азығы таусылып бірнеше күннен бері ас ішпей, ашығып келе жатқан кезі екен....»
1. Интербелсенді тақтадан ертегінің қортынды бөлімі көрсетіледі.
2. (Т) Оқушылар топта бөлім бойынша ойларын ортаға салып талқылайды. Соңын болжайды. Болжамдарын жазады.
3. Барлық топтар жұмыстарын аяқтап болған соң, жазғандарын таныстырады. Әр топ өздерінің жасаған болжамдарының себебін түсіндіреді.
Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ұжымның ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.
Қ/Б: «Бес саусақ» әдісі арқылы бір-бірін өзара бағалайды.
3-тапсырма.
Мәтінмен анықтаған көркем-бейнелі сөздердің мағынасын түсіндіруге беріледі. Өз түсінгендерін талқылай алуға үйренеді.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
(Ұ; Т; МК) «Төрт сөйлем» әдісі. Ертегідегі оқиға өмірде кездесе ме? Өз ойыңды жеткіз.
Пікір: Сенің пікірің (бір сөйлем).
Дәлел: Ертегіден дәлел келтіріп жаз (бір сөйлем).
Мысал: Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысалдар келтір (бір сөйлем).
Қорытынды. Оларға қандай баға бердіңдер? Қандай қорытынды шығардыңдар (бір сөйлем).
Топта оқушылар ақылдасын 4 сөйлем жазады. Жазған сөйлемдерін оқып, өз ойларын жеткізеді.
Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша көркем бейнелі сөздерді анықтауда, өз пікірін айтуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін.
Қ/Б: Толтырылған кестелерді өзара тексереді. Топтар бір-бірін бағалайды.
4-тапсырма
Бұл жазымылым тапсырмасы. Мәтінен түсінгенін және өз білетіндерін пайдалынып жаза алуға үйренеді.
Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.
(Ж) Ертегіге жаңа сюжеттер қосып жаз.
1. Оқушылар ой қозғай отырып, оқығанын талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, көркем-бейнелі сөздерге тұжырым жасап, шешім қабылдап жазады.
2. Жазған жаңа сюжеттерді барлық сыныпқа оқып береді.
Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескеріле отырып, жауаптар қабылданады.
Қ/Б. Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!» сөздерімен бағалау.
Рефлексия: «Менің сөзім...» кестесін толтыру арқылы өздері оқып-үйренгендеріне талдау жасай отырып, өзін-өзі бағалайды.
1. | Мен сабақта жұмысты былайша жасадым. | Активті/пассивті |
2. | Сабақтағы жұмысыма менің | Көңілім толады/көңілім толмайды |
3. | Сабақ маған мынадай көрінді | Тез өтіп кетті/ұзақ бітпестей көрінді |
4. | Сабақ барысында мен | Шаршаған жоқпын/шаршап кеттім |
5. | Менің көңіл-күйім | көтеріңкі болды,түсіп кетті |
6. | Сабақ материалдары маған | түсінікті, түсініксіз пайдалы/ пайдасыз қызықты/жалықтырып жібереді |
Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?